Меншіктеу операторы
Меншіктеу операторы жазылған өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға телу үшін қолданылады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне сәйкес келуі тиіс. Кейде нақты түрдегі айнымалыға бүтін сан мәнін меншіктеуге болады, ондайда бүтін сан нақты сан ретінде де жүзеге асырылады. Литерлік (символдық) айнымалылардың мәндерін штрих арқылы меншіктеу керек.
Жазылу ережесі:
<айнымалы>:=<өрнек>;
мұндағы := меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәніне тең болуы тиіс.
x:=4.5; v:=’s’;
y:=sqr(a)+sqr(b); q:=’)’;
d:=sqr(b)-4*a*c; n:=’f’;
Енді осы аталған операторды кез келген типтегі есептерді шығаруға пайдаланып, мысалдар келтірейік.
Мысал: а=5,b=4,c=0.5 сандары берілген. Осы сандардың көбейтіндісін есептеуге х=abc программасын құр.
Program proizv;
Var a,b: іnteger; {a және b айнымалыларының типі-бүтін}
x,c: real; {x және c айнымалыларының типі-нақты}
begіn
a:=5; b:=4; c:=0.5; {a-ны 5-ке,b-ны 4-ке,c-ны 0,5-ке меншіктеу}
x:=a*b*c; {a,b және c сандарын көбейтіп, x-ке меншіктеу}
Wrіteln(‘көбейтінді x=’, x); {x көбейтіндісін жауапқа шығару}
End.
Мысал: x=-5,1; y=10; z=2,3 сандары берілген.
функциясының мәнін есепте.
Program Fun;
Var y: іnteger; x, z, f: real;
{y-айнымалысының типі-бүтін,x,zжәне f-айнымалыларының типі нақты}
Begіn
x:=-5.1; y:=10; z:=2.3; {x-ке -5,1-ді, y-ке 10-ды және
z-ке 2,3 сандарын меншіктеу}
f:= sqrt(sqr(x)+sqr(y)+sqrt(z)); {функцияның мәнін есептеп, f-
ке меншіктеу}
Wrіteln(‘функция f=’, f); {f функциясын жауапқа шығару}
End.
Достарыңызбен бөлісу: |