Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет126/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

Көп өлшемді массив
Математикада көп өлшемді массивтер, яғни массивтердің массиві жиі қолданылады. Әсіресе, көп өлшемді массивтер, басқаша айтқанда матрицалар кең көлемде қолданылады. Мысалы, бірнеше жолға жазылған бүтін сандар тізбегі матрица болады.
5 4 3 6
2 8 1 7
4 3 9 5
Берілген матрицаның өлшемі 3х4, яғни ол үш жолдан жәнене төрт бағаннан тұрады. Егер берілген матрицаны қандай да бір А деген атаумен белгілесек,онда матрицаның әрбір элементі екі индекспен белгіленеді. Мысалы А(і,j). Мұндағы бірінші индекс і- жол номері (і-1,2,3,4). Мұндай матрицаны төмендегіше сипаттауға болады (тип атауын Т деп аламыз):
1) type t= array [1..3,1..4] of integer;
var a:t;
2) type t= array [1..3] of array [1..4] of integer;
var a:t;
бірінші жағдайда әрбір индекстін типі сипатталыпсонан соң массив элементтерінің негізгі типі integer көрсетіледі. Екінші жағдайда алдымен [1..3] индексінің мәндерін типі сипатталып, сонан кейін құрамында integer жай негізгі типті және басқа индекстің типінсипаттайты, күрделі негізгі типі array [1..4] of integer; көрсетіледі.
Егер программада матрицаның жеке жолдарын бөлу керек болса, онда сипаттауды былайша берген ынғайлы:
Type
t1=array[1..4] of integer;
t=array[1..3] of t1;
var
a:t
b:t1;
Мұнда алдымен бір жолдың типі t1 сипатталады, сонан соң жол типі t1 арқылы барлық матрица t типі сипатталады. Айнымалылар бөлімінде А екі өлшемді массив, яғни матрица деп, ал В бір өлшемді массив деп көрсетілген. Екіөлшемді массивтер көп кездеседі. Олармен арифметикалық амалдарды орындауға болады. Екі матрицаны қосуға, көбейтуге, ең үлкен, ең кіші элементтерін, олардың орнын табуна болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет