Бақылау сұрақтары Статистикалы және динамикалық өлшемдердің айырмашылықтары неде?
Динамикалық бөлетін жады қалай аталады?
Көрсеткіш дегеніміз не?
Стектер мен реттердің бір-бірінен айырмашылықтар және ұқсастықтары?
Айнымалы адресі қалай анықталады?
Тапсырма 1. Екібағытты тізім келесі түрде жарияланған:
Type BT = Byte;
U = ^Zveno;
Zveno = Record Inf : BT; Pred, Next: U End;
Мұндағы, Pred, Next — тізім элементтеріне көрстекіштер. Осындай тізім жұмысын қамтамасыз ететін ішкі программаларды құрыңыз.
Мәліметтер типтерінің біреуіне динамикалық жадыда сызықтық байланысқан тізім құру (жолдық, символдық, бүтінсанды, нақты).
Тізім элементтерінің саны белгісіз. Тізім құру, соңы қандай да бір шартты символ енгізу (тізім басына, тізім соңына)
Динамикалық жадыда тізім құру. Бір байланысты элементтерді сәйкес екі байланысы бар элементтер бойынша іздеуді орындау.
Динамикалық жады түрінде жолдар картасын құру. Картаға кіру нүктесі ретінде қалалар адрестерінің массивін енгізу.
Бинарлық ағаш құру (жолдық , бүтінсанды, символдық типтердің біріне).