Ескерту! НБП қарапайым есептеулерді орындайтын программалар үшін арналмаған. Мұндай жағдайда НБП тәсілдерін қолдансақ, программа тілдік конструкциялармен артық жүктеледі.
НБП негізінде 3 негізгі принцип жатыр. Олар: инкапсуляция, мұрагерлеу(наследование) және полиморфизм.
Инкапсуляция Объектіні сипаттау барлық басқа типтер сияқты сипаттау бөлімінде болу қажет.Объекті қамтитын мәліметтер объект өрістері деп аталады. Қарапайым объектілік типтің сипаттамасы жазбалар сипаттамасына өте ұқсас, тек record резервтелген сөзінің орнына object сөзі қолданылады.
Type Dote = object a., b:integer; end; Бұл 2 өрістен тұратын объектілік тип, ол экранда a,b кординаталары бар нүкте болып табылады.Өріс түрінде берілген мәліметтерден басқа объект осы өрістерге мүмкін әрекеттерді сипаттайтын ішкі программмалардан тұруы мүмкін.Мұндай ішкі прогрммалар әдістер деп аталады.Әдіс объект өрістеріне қатынас жаай отырып, оған параметр ретінде берілуді қажет етпейді.Өзінде тек қана өрістерді ғана емес, сонымен қатар осы өрістерге мүмкін әрекеттердің сипатталуын қамтитын объектінің қасиетін инкапсуляция деп атайды.Мұнда объектінің сипатталуында тек ішкі программаның тақырыптары болады, аләрбір ішкі программаның денесі жеке көрсетіледі.Алдыңғы мысалдағы Dote типін қажетті әдістермен толықтырайық.
Type