Аталған пәнді оқытудың алдында өтілетін пәндер: микробиология,
биохимия, генетика және молекулалық биология – бұл пәндер
тұқымқуалаушылық және өзгергіштік механизмдерін молекулалық деңгейде
түсінуге мүмкіндік береді.
Қатар оқытылатын пәндер және олардың осы пәнмен өзара байланысы: Қазіргі биологияның мәселелері, Клеткаішілік реттелудің
механизмдері, Геномның мобильділігі, Медициналық және молекулалық
генетиканың қазіргі мәселелері және кәсіби элективтік пәндер про- және
эукариотттардың
тұқымқуалаушылық
ақпаратының
ұйымдасуының
құрылымдық-функционалдық ерекшелігін және гендер экспрессиясының
принциптерін түсінуге көмектеседі.
Пәнді оқу нәтижесінде докторант: білу керек: про- және эукариоттардың тұқымқуалаушылық аппаратының
құрылымдық-функциональды
ұйымдасу
ерекшеліктерін;
әр
түрлі
организмдердегі гендер экспрессиясын бақылаудың цис- және транс-
факторлар көмегімен реттелу принциптерін; гендік инженерия мен
молекулалық генетиканың заманауи принциптерін; молекулалық-
генетикалық объектілер үлгісінде биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерін;
курстың тақырыптары бойынша зертханалық жағдайларда жұмыстарды
орындау ережелерін; генетикалық ғылымды қажет ететін өндірісте гендер
экспрессиясын қолданудың негізгі бағыттарын.
игеру керек: гендер экспрессиясының іс жүзінде тиімді механизмдерін
талдауды; молекулалық деңгейде тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік
элементтерінің реттелу принциптерін қолдануды; жылдамдықты талдауға
арналған тесттік инкубациялық жүйелерді құрастыру және жануар, өсімдік,
микроорганизмдер клеткаларына тән гендер экспрессиясының ерекшеліктері;
курс тақырыптары бойынша зерттеулерге арналған заманауи виртуалды
моделдерді талдау.