Бөлім: Механикалық қозғалыс Мектеп:
Күні:
Сынып: 7 қатысқандар: қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу
|
Оқу мақсаттары:
|
7.2.1.4 - Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар:
Жылдамдық және орташа жылдамдық ұғымдарын біледі, жылдамдықты ХБ жүйесіне түрлендіреді.
Оқушылардың көпшілігі:
Қозғалыстағы дененің жылдамдығын, орташа жылдамдығын есептейді.
Кейбір оқушылар:
Дененің бірқалыпты емес қозғалысы кезіндегі орташа жылдамдығын есептеудің қадамдарын саралайды.
|
Бағалау критерийлері
|
- Жылдамдықтың, орташа жылдамдықтың өлшем бірліктерін, формуласын есінде сақтайды.
- Жылдамдықтың формуласын есептер шығаруда қолданады.
- Дененің бірқалыпты емес қозғалысы кезіндегі орташа жылдамдығын есептейді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Термин сөздер:жылдамдық, бірліктері, орташа жылдамдық
Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын анықтау қадамдарын ауызша жеткізеді
|
Құндылықтарға баулу
|
Техникалық және кәсіби мамандарды дайындау, өмір сапасын жақсарту мақсатында жолда жүру ережелерін сақтау әдетке айналады
|
Пәнаралық байланыс
|
Оқушылар қозғалыстағы дененің жылдамдығын, орташа жылдамдығын есептеуде математикалық дағдыларын қолданады. АКТ-ны қолданып автомобиль, велосипед, мотоциклдермен жолда жүру ережесімен танысады
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды ажыратады
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10 мин
|
Ұйымдастыру
Оқушылар жаяу адам, конькиші, пойыздың суреттері арқылы 3 топқа бөлінеді
Ширату жаттығулары
Жаяу адамның(конькишінің, пойыздың) қозғалысы қозғалыстың қай түріне жатады? Неліктен? Жауаптарыңды негіздеңдер,
А3 қағазына бейнелеңдер
Қайсысы жылдам, қайсысы баяу жүреді? Сандармен өрнектеңдер.
Не себепті?
Осы сұрақтардың бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?
Ендеше сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?
Қандай оқу мақсаттарын қоямыз?
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары нақтыланады.
|
|
Сабақтың ортасы
20 мин
|
Тапсырма-1
Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30 мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с-пен өрнектеңдер.
Тапсырманы жеке орындайды, топта талқылайды, дәптерге жазады.
«Транскрипция» әдісі
1-топ А3 форматына есептің шартын жазады.
2-топ осы форматқа жылдамдықты есептеу формуласын жазады,
1-топтың жазбаларын толықтырады.
3-топ осы форматқа тапсырманы есептейді, жауабын жазады және
2-топтың жазбаларын толықтырады.
3-топтың жазбаларын 1-топ толықтырады.
Тапсырма-2
Дене жолдың алғашқы бөлігін t1=20c уақыт ішінде v1=20м/с жылдамдықпен және келесі бөлігін t2=20c уақыт ішінде v2=30м/с жылдамдықпен қозғалды. Орта жылдамдықты табыңдар
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Қозғалыстағы дененің орташа жылдамдығын есептейді
|
1.Қозғалыстың барлық бөлігіндегі жолды есептейді
2.Қозғалысқа жұмсалған
барлық уақытты
анықтайды
3.Дененің орташа жылдамдығын есептейді.
|
Кейбір оқушылар бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдықты анықтаудың қадамдарын талдайды.
Оқушылар АКТ-ны қолданып, велосипедпен, мотоциклмен, автомобильмен жолда жүру ережелерімен танысады.
|
Жалпы білім беретін мектептің
7-сыныбына
арналған
«Физика» оқулығы
93-беттегі 1- мысал
Оқушылар
2-тапсырманы орындау үшін 96-беттегі келтірілген мысалды басшылыққа алады
Ғаламтор
|
Сабақтың соңы
15 мин
Кері байланыс
|
«Өкіл» ойыны
Оқулықтың 230-бетіндегі 3-кестеден жаяу адамның(конькишінің, пойыздың) жылдамдығын табыңдар және олардың 10с ішінде жүрген жолын анықтаңдар(ауызша)
Ауызша тапсырманың жауабын сабақтың басындағы А3 қағазға, басқа түсті маркермен жазып, бүгінгі сабақтан алған білімдерімен толықтырады.
Үйге тапсырма. Ойыншық машина қозғалысының орташа жылдамдығын анықтаңдар.
Оқушылар «Плюс-минус-қызықты» әдісімен кері байланыс береді.
«+» жағымды жақтары
«-» жағымсыз жақтары
«қызықты» қызықтырған ақпарат, сұрақтар
|
Bilimland.kz
e.edu.kz
|
Саралау
|
Бағалау
|
Пәнаралық байланыс; денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс
|
Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында
1-тапсырманы орындау үшін 93-беттегі
1- мысалда келтірілген мәліметтерді қолдануды ұсынамын.
Қабілетті оқушылар басқа топтардың жауаптарын толықтырады.
Оқушыларға
2-тапсырманы орындату үшін 96-беттегі келтірілген мысалды басшылыққа алуды ұсынамын.
Кейбір оқушылар бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдықты анықтаудың қадамдарын талдайды.
Үйге тапсырма. Ойыншық машина қозғалысының орташа жылдамдығын анықтау.
|
Оқушылардың оқуын бағалау үшін
«транскрипция» әдісін қолданамын.
Оқушылар тапсырманы өзара бағалайды, өзін-өзі реттейді.
Оқушылар 2-тапсырмаға критерий бойынша жұптық бағалау жүргізеді, өзара бағалайды, өзін-өзі реттейді.
|
Оқушылар қозғалыстағы дененің жылдамдығын есептеуде математикалық дағдыларын қолданады.
Оқушылар қозғалыстағы дененің орташа жылдамдығын есептеуде математикалық дағдыларын қолданады.
Оқушылар АКТ-ны қолданып, велосипедпен, мотоциклмен, автомобильмен жолда жүру ережелерімен танысады.
Техникалық және кәсіби мамандарды дайындау, өмір сапасын жақсарту мақсатында жолда жүру ережелерін сақтау әдетке айналады
Bilimland.kz
e.edu.kz
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
|
|
Жалпы бағалау
|