Программа дисциплины (Syllabus)


Зертханалық сабақтар мазмұны



бет3/4
Дата20.02.2020
өлшемі106,53 Kb.
#58507
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4
Байланысты:
Өсімдіктер экологиясы сил

8. Зертханалық сабақтар мазмұны


Тақырып 1. ХХ ғасырға дейінгі өсімдіктер экологиясының даму тарихы. Өсімдік экологиясының қазіргі даму кезеңдері мен зерттеу әдістері. Қоршаған орта, тіршілік жағдайлары мен экологиялық факторлар жөніндегі түсінік. Қауіпсіздік техникасы

Тапсырмалар:

1. Ағзалар мен олардың тіршілік ортасының байланыстарын зерттейтін Көне замандағы ойшылдардың (Аристотель, Гиппократ т.б.) экологиялық сипаттағы жазба хабарлары және орта ғасырлардағы хабар-ошарлармен танысып зерттеу.

2. Өсімдіктер экологиясының басқа ғылымдармен байланысын ашып көрсету.

3. ХҮІ-ХҮ111 ғғ. Ботаниктердің экологиялық сипаты бар хабарлары. Жандану кезеңіндегі ұлы жағрафиялық жаңалықтар. Сол замандағы ірі ботаниктердің еңбектері: Чезальпино, Турнефор, Дж. Рей, К. Линней т.б. ХҮ111-Х1Хғғ.

4. Ботаниктердің еңбектері: А.Гумбольд, О.Декандоль, А.Декандоль, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі.

5. Х1Х ғ. аяғы, өсімдіктер экологиясындағы негізгі 2 бағытты оқып талдау жасау.

6. Қауіпсіздік техникасының негізгі принциптерімен танысу




Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):

  1. Зертхана-практикалық жұмыс туралы есептермен қорытынды жасау

  2. Дәрістен алған білімдерін қолданып жоғарыда берілген тапсырмаларды орындау

Иллюстрациялық материалдар: Ботаниктердің еңбектері: А.Гумбольд, О.Декандоль, А.Декандоль, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі.

Өзін - өзін бақылау сұрақтары:



  1. Аутэкология деген не?

  2. Қоршаған орта түсінігін экологияға кім енгізді?

  3. Ресурс шығындарын болжаудың алғашқы үлгісі

  4. Үлгілеудің мүмкіндіктері?

  5. Математикалық үлгілер?

  6. Қазіргі кездегі экологияның қандай негізгі бағыттары белгілі?

Әдебиеттер:

  1. Шарипханова А.С. Өсімдіктер экологиясы: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. – 111 б.

  2. Афанасьева, Н. Б. Введение в экологию растений / Н.Б. Афанасьева, Н.А. Березина. - М.: Издательство МГУ, 2011. - 800 c.

  3. Афанасьева, Н. Б. Введение в экологию растений / Н.Б. Афанасьева, Н.А. Березина. - Москва: Наука, 2011. - 800 c.

  4. Демина М. И., Соловьев, А. В. Чечеткина Н. В.Ботаника (органография и размножение растений): учеб. пособие. - М.: РГАЗУ, 2011. – 158 с.

  5. Родман Л. С., Козловская Н. Н. Ботаника. Часть 2. : учеб. пособие. - М.: Издательство РГАУМСХА, 2010. – 113 с.


Тақырып 2. Экологиялық факторлар әсерінің заңдылықтары. Өсімдіктерді жинау, кептіру және кеппешөптерді даярлау әдістері

Тапсырмалар :



  1. Қоршаған орта, тіршілік жағдайлары жайлы оқып танысып, мысалдар келтіру

  2. Экологиялық факторлар жөніндегі түсінікті оқып игеру.

  3. Экологиялық факторларды жүйелеу негіздерін дәлелдеу.

  4. Өсімдіктердің қоршаған ортаға келтірер өзгерістерін анықтап, дәлел келтіру.

  5. Өсімдіктерді жинау және кептіру әдістері,

  6. Кеппешөптерді даярлау, сақтау.


Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша) :  

Зертхана-практикалық жұмыс туралы есептермен қорытынды жасау.

Иллюстрациялық материалдар: кеппешөп коллекциясы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары.



  1. Экологиялық оптимумдер. Өсімдіктердің тіршілік аралығындағы маңызды үш нүкте.

  2. Экологиялық факторлардың әсер ету аралығы. Ю.Либихтың Минимум заңы.

  3. Блэкманның шектеуші факторлар заңдылығы.

  4. Шелфордтың толеранттық заңын оқып талдау жасау.

Әдебиеттер:

  1. Шарипханова А.С. Өсімдіктер экологиясы: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. – 111 б.

  2. Афанасьева, Н. Б. Введение в экологию растений / Н.Б. Афанасьева, Н.А. Березина. - М.: Издательство МГУ, 2011. - 800 c.

  3. Афанасьева, Н. Б. Введение в экологию растений / Н.Б. Афанасьева, Н.А. Березина. - Москва: Наука, 2011. - 800 c.

  4. Демина М. И., Соловьев, А. В. Чечеткина Н. В.Ботаника (органография и размножение растений): учеб. пособие. - М.: РГАЗУ, 2011. – 158 с.

  5. Родман Л. С., Козловская Н. Н. Ботаника. Часть 2. : учеб. пособие. - М.: Издательство РГАУМСХА, 2010. – 113 с.


Тақырып 3. Экологиялық факторлар әсерінің заңдылықтары.

Тапсырмалар :



  1. Ф.Блэкманның шектеуші факторлар заңдылығы,

  2. В.Шелфордтың толеранттық заңы

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша) :  

Зертхана-практикалық жұмыс туралы есептермен қорытынды жасау

Өзін-өзі бақылау сұрақтары


  1. Жарыққа экологиялық фактор ретіндегі сипаттамасын беру.

  2. Шашыраңқы және тура түсетін жарық, олардың өсімдік организмдеріне әсер ету ерекшеліктерін анықтау.

Әдебиеттер :

  1. Шарипханова А.С. Өсімдіктер экологиясы: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. – 111 б.

  2. Афанасьева, Н. Б. Введение в экологию растений / Н.Б. Афанасьева, Н.А. Березина. - М.: Издательство МГУ, 2011. - 800 c.


Тақырып 4. Жарық ағынының сапалы құрамын зерттеу (спектральді құрамы).

Тапсырмалар :



  1. Спектроскоп құрлымын зерттеу,

  2. Спектроскоптың жұмыс принциптері,

  3. Спектр аймақтың қөзге көрінетін спектральді құрамын зерттеу.

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша) :  

Зертхана-практикалық жұмыс туралы есептермен қорытынды жасау.

1) Спектрометрдің құрлымын сызу.

2) Жарықтың спектіральді құрамы туралы қорытынды жасау

Иллюстрациялық материалдар: Спектрометр

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Өсімдіктердің жер бетінде таралуындағы жарықтың маңызын білу.

  2. Фотопериодизм.

  3. Хлорофиллді өсімдіктер үшін жарықтың маңызын білу. Фотосинтез.

Әдебиеттер :

  1. Шарипханова А.С. Өсімдіктер экологиясы: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. – 111 б.

  2. Афанасьева, Н. Б. Введение в экологию растений / Н.Б. Афанасьева, Н.А. Березина. - М.: Издательство МГУ, 2011. - 800 c.


Тақырып 5. Жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары

Тапсырмалар :



    1. Гелиофитердің кеппешөптерін зерттеу

    2. Факультативті гелиофиттердің кеппешөптерін зерттеу

    3. Сциарифтердің кеппешөптерін зерттеу

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша) :

Зертхана-практикалық жұмыс туралы есептермен қорытынды жасау.



  1. Өсімдіктердің жарыққа байланысты қай экологиялық топқа жататынын зерттеу,

  2. Сциофиттер және гелиофиттер сипаттамасы (кесте толтыру).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Өсімдіктердің фотосинтез өнімдерін пайдалануын зерттеу.

  2. Жарыққа байланысты өсімдіктер морфологиясының ерекшеліктерін анықтау.

Әдебиеттер :

  1. Шарипханова А.С. Өсімдіктер экологиясы: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. – 111 б.

  2. Афанасьева, Н. Б. Введение в экологию растений / Н.Б. Афанасьева, Н.А. Березина. - М.: Издательство МГУ, 2011. - 800 c.


Тақырып 6. Фотосинтез интенсивтілігін жарыққа байланыстылығы

Тапсырмалар :



  1. Су өсімдіктерін мысал ретінде қолданып фотосинтез процессі өтіп жатканына көз жеткізу,

  2. Фотосинтез процессінің интенсивтілігіне (қарқындылығына) жарық әсер етуін анықтау.

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):  

Иллюстрациялық материалдар: микроскоп, бөлме өсімдіктері

Өзін -Өзі бақылау сұрақтары:


  1. Жарық энергиясы және оның өлшем бірліктерімен танысу.

  2. Жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтарымен танысу.

  3. Гелиофиттер, сциофиттер, көлеңкеге төзгіштер.

Әдебиеттер :

  1. Шарипханова А.С. Өсімдіктер экологиясы: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. – 111 б.

  2. Афанасьева, Н. Б. Введение в экологию растений / Н.Б. Афанасьева, Н.А. Березина. - М.: Издательство МГУ, 2011. - 800 c.


Тақырып 7. Температураның өсімдік өміріне әсерін зерттеу. 

Тапсырмалар:



  1. Өсімдік өміріндегі температураның мәнін анықтау,

  2. Әр түрлі өсумдіктердің температуралық оптимумдары.

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша) :  

Зертхана-практикалық жұмыс туралы есептермен қорытынды жасау.

1)Тұқымның шығуына температураның әсерін дәлелдеу,

2)Температуралық оптимумды анықтау

Иллюстрациялық материалдар:

Тұқым, петри чашкасы, су, салфетка



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Жылу экологиялық фактор ретінде және оның өсімдіктер тіршілігіндегі маңызын ашу.

2. Жылу факторы-климаттық жағдайдың бір бөлігі екендігін дәлелдеу

3. Жылудың айналу және берілу жолдарын анықтау.

4. Өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық құбылыстармен танысу.

5. Өсімдік температурасы жайлы мағлұматтармен танысу.

6. Жылудың өсімдіктің жекеленген қызметтері үшін маңызын анықтау.

7. Өсімдік температурасының сыртқы орта температурасына байланыстылығын зерттеу.

8. Вегетациялық кезең аралықтарын анықтау.

9. Жылу жағдайларының әртүрлілігі және оның жер бетінде өсімдіктердің географиялық бағытта таралып, бөліктенуіндегі маңызын анықтау.



Әдебиеттер :

  1. Шарипханова А.С. Өсімдіктер экологиясы: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. – 111 б.

  2. Афанасьева, Н. Б. Введение в экологию растений / Н.Б. Афанасьева, Н.А. Березина. - М.: Издательство МГУ, 2011. - 800 c.


Тақырып 8. Өсімдіктердің вегетациялық кезені. 

Тапсырмалар :



  1. Вегетациялық кезең аралықтарын анықтау,

  2. Вегетациялық кезеңіне байланысты өсімдіктердің бөлінуі.

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша) :

Зертхана-практикалық жұмыс туралы есептермен қорытынды жасау.

1) «Вегетациялық кезендері» кестені толтыру,

2) Кеппешөп материалдарында берілген өсімдіктердің вегетациялық кезеңіне байланысты қай топқа жататындарын анықтау.

Иллюстрациялық материалдар:

Кеппешөп коллекциясы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Табиғи жағдайлардағы өсімдіктердің жер шарындағы төменгі температураға төзімдігі?

  2. Антарктидадағы Восток станциясында өсімдіктер жоқ, өсімдік өсетін ең төменгі температура?

  3. Жоғары температураға физиологиялық бейімдеушілік

Әдебиеттер :

1. Шарипханова А.С. Өсімдіктер экологиясы: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. – 111 б.


Тақырып 9-10. Суға байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары. 

Тапсырмалар :



  1. Суға байланысты өсімдіктердің экологиялық топтарынның классификациясын анықтау,

  2. Әр түрлі өсімдіктердің суға байланысты бейімделу белгілері.

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша) :

Зертхана-практикалық жұмыс туралы есептермен қорытынды жасау.

1) Кеппешөп материалдарында берілген өсімдіктердің қай топқа жататындығын анықтау,

2) Экологиялық топтардың өсімдіктердің бейімделу белгілері, кесте құрастыру. 

Иллюстрациялық материалдар: Демонстрациялық гербариилер

Кеппешөп коллекциясы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Су-экологиялық фактор және су өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайлардың ішіндегі ең маңыздысы екендігін дәлелдеу.

  2. Құрылықтағы өсімдіктер үшін әртүрлі пішіндегі сулардың экологиялық маңызын анықтау.

  3. Сумен қамтамасыз етілу жағдайларының өсімдіктер морфологиясына әсерін анықтау.

  4. Осмостық қысымның экологиялық маңызымен танысу.

  5. Топырақтағы су (ылғал), оның түрлі пішіндегі күйлеріне сипаттама беру.

  6. Суға байланысты өсімдіктердің экологиялық топтарын білу.

  7. Гигрофиттер, ксерофиттер, мезофиттер, гидрофиттер.

  8. Псаммофиттер.

  9. Өсімдіктер жамылғысының жер бетінде таралуындағы судың маңызын анықтау.

Әдебиеттер :

  1. Шарипханова А.С. Өсімдіктер экологиясы: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. – 111 б.

  2. Афанасьева, Н. Б. Введение в экологию растений / Н.Б. Афанасьева, Н.А. Березина. - М.: Издательство МГУ, 2011. - 800 c.


Тақырып 11. Ауа экологиялық фактор ретінде

Тапсырмалар :



  1. Ауаның құрамын талдау,

  2. Желдің экологиялық маңызын анықтау..

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша) :  

Зертхана-практикалық жұмыс туралы есептермен қорытынды жасау.

1) «Ауа құрамы» схема құрастыру,

2) Желдің өсімдіктер физиологиялық үрдістеріне әсері (анемохория, анемофилия).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Атмосфералық ауа және оның өсімдіктер тіршілігіндегі маңызын оқып білу.

2. Ауаның, газдың құрамымен танысып, талдау жасау.

3. Оттегі, көмірқышқыл газ, азот т.б. атмосфераның тұрақсыз компоненттерімен танысу.

4. Жел, оның экологиялық маңызы

5. Жел әсерінен туындайтын эрозия

6. Анемофилия.

7. Анемохория.



Әдебиеттер :

1. Шарипханова А.С. Өсімдіктер экологиясы: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. – 111 б.


Тақырып 12. Топырақтың қасиеттеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары

Тапсырмалар:

1)Топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау,

2)Топыраққа қатысты өсімдіктердің экологиялық топтарының бейімделуін анықтау.



Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша) :  

Зертхана-практикалық жұмыс туралы есептермен қорытынды жасау.

1)берілген топырақ үлгілерінің негізгі қасиеттерін сипаттау,

2)Экологиялық топтар кесте толтыру

Иллюстрациялық материалдар:

Топырақ үлгілері

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Топырақтың механикалық құрамы, оның экологиялық маңызын сипаттау.

2. Топырақтың химиялық-физикалық құрамы, оның экологиялық маңызымен танысу.

3. Қышқыл, бейтарап, сілтілі топырақтармен танысу.

4. Топырақтағы кальцийдің маңызын анықтау.

Әдебиеттер : 1. Шарипханова А.С. Өсімдіктер экологиясы: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. – 111 б.
Тақырып 13. Топырақтың механикалық құрамы тұқымнаң өсіуне әсер етуі. 

Тапсырмалар :

1)Топырақтардың түрлерін анықтау (механикалық құрамын, құрлысын)

2) Топырақтың механикалық құрамы тұқымнаң өсіуне әсер етуін анықтау



Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша) :  

Зертхана-практикалық жұмыс туралы есептермен қорытынды жасау.

1)Қолданылған топырақтар түрлерінің сипаттамасы,

2)Отырғызған өсімдіктерге ең қолайлы топырақ түрі

Өзін-өзі бақылау сұрақтары


  1. Минералды коректік элементтер мен танысу.

  2. Тұзды топырақтағы өсімдіктердің экологиясымен танысу.

  3. Галофиттер. П.А.Генкель (1950) бойынша галофиттердің бөлектенуі.

  4. Эугалофиттер, криногалофиттер, гликофиттер (гликогалофиттер).

  5. Топырақтағы органикалық заттар, олардың экологиялық маңызын білу.

  6. Өсімдіктердің индикаторлық көрсеткіштерінің маңызы, биоиндикаторлардың рөлін ашып көрсету.

Әдебиеттер : 1. Шарипханова А.С. Өсімдіктер экологиясы: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. – 111 б.

2. Бекенов А., Есжанов Б., Махмутов С. Қазақстан сүтқоректілері Алматы, "Ғылым". 1989

3. Бекенов А. Қазақстанда сирек кездесетін аңдармен құстарды қорғау. 1970
Тақырып 14. Зоогенді және фитогенді факторлар. 

Тапсырмалар : 1)Өсімдіктер мен жануарлардың өзара әсері,

2) Өсімдіктердің өзара әсері.

Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша) :

Зертхана-практикалық жұмыс туралы есептермен қорытынды жасау.

1)Өсімдіктердің тозандыруында жануарлардың алатын орны,

2)Өсімдіктердің қорғануға бейімделуі,

3) Өсімдіктердің бір-біріне тікелей және жанама әсері 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Биотикалық факторлардың жүйелену негіздерін атаңыз.

  2. Өсімдіктерге басқа ағзалардың әсерлері қалай? Дәлел келтіріңіз.

  3. Жануарлардың өсімдіктерге жағымды әсерлері мен зиянды әсерлеріне дәлел келтіріңіз.

  4. Өсімдіктердің өзара қарым-қатынастарының түрлерін атаңыз.

  5. Эдификаторлардың маңызын ашып көрсетіңіз.

Әдебиеттер : 1. Шарипханова А.С. Өсімдіктер экологиясы: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. – 111 б.
Тақырып 15. Өсімдіктерді қорғау. 

Тапсырмалар:

1)Қорғалатын аудандар,

2) Сирек кездесетін және қорғалатын өсімдіктер



Тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша) :

Зертхана-практикалық жұмыс туралы есептермен қорытынды жасау.

1)Қорықтардың, ұлттық парктердің орналасқан жерін білу,

2)ШҚО қызыл кітабына енгізілген өсімдіктермен танысу.

Иллюстрациялық материалдар: кеппешөп коллекциясы

Сұрақтар:



  1. Антропогендік әсер-ықпалдардың негізгі түрлерінің топтамасымен танысу.

  2. Флораны байыту жолдарына талдау жасау.

  3. Өсімдіктер ареалдарының таралуы немесе олардың түрлерінің жойылуына сипаттама беру.

  4. Антропогендік әсерлердің формалары: тікелей әсері, жанама әсері, жоспарлы әсері, белгілі мақсат бойынша әсері, ойланып істелген, ойланбай істелген істер әсеріне сипаттама беріп, мысалдар арқылы талдау жасау.

  5. Флораны байыту жолдарымен танысып, талдау жасау. Өсімдіктер ареалдарының таралуы немесе олардың түрлерінің жойылуының себептерін анықтау.



Әдебиеттер : 1. Шарипханова А.С. Өсімдіктер экологиясы: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011. – 111 б.
8. БӨЖ мен БОӨЖ бойынша тапсырма СРО и СРОП



Тақырып атауы

БӨЖ мен БОӨЖ үшін тапсырма мазмұны

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1 тақырып

Өсімдік экологиясының даму тарихы

Өсімдік экологиясының басқа пәндермен байланысы.

Конспект тексеру

Глосарий тексеру



1

2 тақырып

Ботаниктердің (Ч.Дарвин, К.А.Темирязев, В.И.Вернадский, В.В.Докучаев) еңбектері

Реферат қорғау

Глосарий тексеру



2

3 тақырып

Экологиялық факторлар классификациясы

Экологиялық факторларды жүйелеу негіздерін дәлелдеу. Экологиялық оптимум

Презентация

қорғау


Глосарий тексеру

3

4 тақырып

Жарық және оның экологиялық маңызы

Жарыққа экологиялық фактор ретіндегі сипаттамасын беру

Глоссарий тексеру

4

5 тақырып

Шашыранқы және тура түсетін жарық, оларды өсімдік организіміне әсер ету ерекшеліктерін анықтау.

Конспект тексеру.

Глосарий тексеру



5

6 тақырып

Жарық жағдайларының уақытқа сай өзгерістері

Баяндама жасау

Глосарий тексеру



6

7 тақырып

Өсімдіктердің жарыққа байланысты анатомиялық және морфологиялық бейімделуін анықтау.

Презентация қорғау

Глосарий тексеру



7

8 тақырып

Жылу экологиялық фактор ретінде.

Вегетациялық кезең аралықтары.

Конспект тексеру.

Глосарий тексеру



8

9 тақырып

Өсімдік өміріндегі судың маңызы.

Осмос қысымы.

Баяндама жазу

Глосарий тексеру



9

10 тақырып

Гигрофиттер, ксерофиттер, мезофиттер және гидрофиттер ерекшеліктері.

Баяндама жазу

Глосарий тексеру



10

11 тақырып

Ауа экологиялық фактор ретінде

Ауаның құрамы. Ауаның құрамына талдау жасау.

Конспек тексеру

11

12 тақырып

Топырақ факторлары.

Табиғатта Р, N айналымы.

Реферат орындау

Глосарий тексеру



12

13 тақырып

Өсімдіктер – биоиндикаторлар ролі

Конспек тексеру

Глосарий тексеру



13

14 тақырып

Биотикалық факторлар

Өсімдіктерге саңырауқұлақтардың және бактериялардың әсері.

Презентация қорғау

Глосарий тексеру



14

15 тақырып

Антропогендік факторлар

Антропогендік әсерлердің формалары: тікелей, жанама, жоспарлы, белгілі мақсат бойынша, ойланып, ойланбай істелген істер әсеріне сипаттама беру.

Конспек тексеру

Глосарий тексеру



15


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет