Курстың оқыту мақсаты ағылшын тілін қолдану арқылы оқушылардың бойында ғылым негізін тануды, танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, табиғи құбылыстарды зерттеу, физиканың негізгі заңдарымен танысу, олардың техникада және күнделікті тұрмыста қолданылуымен танысу барысында алған біліктері мен іскерліктері негізінде сыни көзқараспен ойлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Курстың міндеттері:
айтудың, тыңдаудың және жазудың негізгі стратегияларын пайдалана отырып аудару, оқу дағдыларын, жасалған тәжірибелік жұмыстар бойынша ағылшын тілінде әңгімелесу, жазылған нұсқаулықтармен қоса, айтылған нұсқаулықтарды тыңдай отырып түсіне білу, өз экспериментінің барысы туралы қысқаша түрде хабарлап отыру дағдыларын қалыптастыру;
өз бетінше, дербес, жұппен және топпен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |