1.3 Клиент/сервер жӘне КӨпярусты мӘліметтер базасы
Көптеген қолданушысы бар үлкен мәліметтер базасы үшін клиент/сервер платформасындағы мәліметтер базасы көп қолданылады. Бұл жағдайда клиенттер тобы үшін мәліметтер базасын қолдану арнайы компьютер - сервер арқылы жүзеге асады. Клиент серверге тапсырма береді, іздеу операциясы немесе мәліметтер базасы жаңалау т.б. Осы күшті (мощный) сервер, тапсырма операцияларына оптималды әдіспен жауап беруге бейімделген, оларды орындап және өзінің жұмысының нәтижесін хабарлап түрады.
Жұмыстың мұндай ұйымдасуы серверді қолданғанда қосымшаның орындалуының тиімділігін жоғарылатады және мәліметтердің бүтіндігін бақылайды.
Клиент/сервер мәліметтер базасында қосымша мәселе (проблема) шығады - проектілеу қосымшасы, ол максималды түрде сервер мүмкіндіктерін пайдаланып және минималды сетьті іске қосады және одан, яғни сетьтен тек минимум мәлімет алып тұру керек.
Бұл жаңа сетьтегі мәліметтерді өңдеудің көп жақты жолы. Әдетте бұл әдіс (Delphi - де) мәліметтер базасын ұйымдастыру әдісі multi -tier -көпжіпті деп аталады. Бұл терминді жіп сөзі мәліметтерді бір ағыны ретінде қарастырылады. Қазіргі кезде көбіне үшярусты түрі тараған:
• Компьютердің ең соңғы деңгейінде клиенттер қосымшасы орналасқан, ол қолданушыға интерфейсті пайдалануға мүмкіндік береді.
• Екінші деңгейде сервер қосымшасы орналасқан, ол мәліметтер базасымен қолданушы арасындағы мәліметтер алмасуын қамтамасыз етеді.
• Үшінші деңгейде мәліметтер базасының алынған (удаленный) сервері орналасқан, ол сервер қосымшасынан мәліметтерді қабылдап, оларды басқарады.
Бұл мәліметтер базасының қиын және майысқақ ұйымдасуы. Delphi - де негізінен осы жүйедегі алғашқы екі деңгейін құруды қамтамасыздандырадырылған. Сонымен қатар соңғы деңгейде қолданушының копьютеріне Borland DataBase Engine (BDE) орнату қажет етілмейтіндігін ескеру керек. Осымен мәліметтер базасының көпярустылығының бір қасиеті қорытындыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |