Программа негізінен екі бөлімен түрады


DELPHI ТУРАЛЫ ТҮСIНIК 1.1 DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ



бет2/33
Дата06.02.2022
өлшемі469,5 Kb.
#79416
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Дип.-Delphi-программалау-тілін-пайдалану

DELPHI ТУРАЛЫ ТҮСIНIК

1.1 DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ


Программа негізінен екі бөлімен түрады.



  1. Borland Delphi программалау тілі.

  2. Paradox берілгендер қоры.

Дипломдық жұмыста Delphi программалау тілін пайдалану себебім,қазіргі таңдағы күрделі және жұмыс істеу жағынан мүмкіндігі тілдердің бірі.
Программалау тілінде негізгі жұмыстарды істейді, яғни формаларды іске қосып және форма бетіндегі алма суреттерін шығаруға және есеп нәтижесін беріп отыруда пайдаланды.
Paradox берілгендер қорын пайдалануымның себебі, Delphi программалау тілімен жақсы байланысады және онымен жұмыс істеу кез-келген адамның қолынан келеді.
Берілгендер қорын басқару жүйесі (БҚБЖ) — берілгендер қорымен жұмыс істеуге арналған Delphi ортасындағы программалар қатарында dBase, Paradox, Access, FoxPro т.б. да бар. Database Desktop утилитасының құрамындағы Paradox ең қолайлы, көп тараған программа. Paradox программаның Paradox 1, Paradox 2, Paradox 3, Paradox4, Paradox5, Paradox6, Paradox 7 сияқты бірнеше нұсқалары бар.
Берілгендер қорында екі өлшемді кестенің жолдары жазбалар деп, бағандары өрістер деп аталады. Дәлірек айтқанда берілендер қорында кестедегі әрбір жол жазба болып табылады, ал жазба бірнеше өрістерге бөлінеді.
Windows жүйесінің элементтерімен таныс кез-келген қолданушының Paradox программасын оқып үйренуіне қиындық жоқ десе де болады. Өйткені, Paradox программасымен жұмыс істеу принциптері Windows жүйесіне негізделген, оның объектілері терезе түрінде ашылады.
Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал, логикалық программалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тіліне программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері — Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, ал Delphi (Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі құрылған (visual — көзбен көру, экрандық). Олар, әсіресе, Delphi программалау тілі — кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Паскаль тілін оқып үйренуге жеңіл және MSDOS жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. DeIphi-дің негізгі ерекшелігі — онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылды (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп айтады). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады.
Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер панелінде топ-тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет