Database — Explore (Берілгендер қоры - Браузер) командасын беру.
SQL Explorer терезесі шығады. Терезенің сол бөлігінде көрінгені — BDE жүйесінде тіркелген барлық берілгендер қорының тізімі (тізімінен ағымдық қор таңдалған кезде оң жағында оның қасиеттері көрінеді).
Терезеден Object — New (Объект-Жаңа) командасын бер. New Data Alias сұхбаттық терезесі ашылады. Алғашқы рет онда көрінетіні Paradox форматында құрылатын STANDARD алиасы таңдап аламыз. Садан кейін Ok түймесін шертеміз. SQL Explorer терезесінде көрінген тізімге төртбұрыш ішіне алынған жаңа алиас кірістіріліп қойылады. Төртбұрыш - алиас үшін пайдаланылатын БК, құрудың әлі аяқталмағандығының белгісі. 3. STANDARD1 алиас Database Desktop терезесінің ішінде құрылған берілгендер қоры атауын My Databases деп алмастырамыз. Ол үшін STANDARD1 атауын таңдап, Object — Rename (Объект — Атын өзгерту) командасын беру және пернетақта арқылы My Databases атауын енгізіп, кез келген пернені басу керек. Егер дайындалған алиас таңдалса, тізімнен терезенің қасиеттер жазылған бөлігінде DEFAULT DRIVER (үндемелер кездегі драйвер) қасиетіне PARADOX форматы жазулы тұруы тиіс. Оның PATH (Жол) қасиетіне толық жолды енгізіп қоюға болады. Толық жолы PATH қатарының оң жағын шертіп, ашылған терезеден таңдауға болады. Таңдау тәсілі Select Directory сұхбат терезесі арқылы орындалады. Терезеде көрінген My Databases бумасы таңдалған кезде терезенің оң жағында онда сақтаулы кестелер тізімі көрінеді. Дайындалған кестені Database Desktop утилитасының My Databases бумасында (Берілгендер қоры файлында) сақталған жөн. Оны іске қосу үшін файлға баратын жолды көрсету керек (PATH).
Мысалы, My Databases-ке баратын жол: C:\ ProgramFiles\ Borland\ DatabaseDeasktop\ MyDatabases