Begin
QuickRepl.Preview;
QuickRepl.Print;
End;
6. Іске қосу командасын берін, көрінген форманың Buttonl түймесін шерту.
7. Алдымен тақырып аты енгізілген көріп шығу терезесі көрініп, одан әрі есіп басылып шығады.
Тест туралы мӘлiмет
3.1 Автоматтық оқыту жүйесі
Қазіргі кездегі жоғары мектеп педагогикасы алдында тұрған басты мәселе - қатаң шектелген мерзім аралығында жаппай білім алу және маман сапасына қойылатын талаптардың жоғарлауы жағдайларында, үздіксіз өсіп отырған оқу және ғылыми информацияларды студенттердіқ игеруі қажеттілігі мен мүмкіндігі арасындағы қарама-қайшылықты жою.
Осыдан ондаған жылдар бұрын, бұл мәселенің шешілуі автоматтандырылған оқыту жүйелеріне (АОЖ) жүктелген болатын. АОЖ қолданылуы оқыту процесінің, әсіресе, техникалық құралдарды пайдаланудың жаңа әдістері мен түрлеріне алып келеді деп күтілген еді.
Алайда, АОЖ пайдаланудың алғашқы нәтижелерінің өзі, оларға қатысты қарама-қайшылықты көзқарастар туғызды (64, 4-бет). Мысалы, кейбір оқытушылар арасында ЭЕМ қолдану жөнінде пессимистік көзқарас пайда болуы. Олардың ойынша, ЭЕМ көмегімен оқыту — оқу процесін даярлауға кететін уақыт мөлшерін айтарлықтай арттырады. Ал ЭЕМ-ді оқыту процесіне қолдану барысында оқытушының кейбір педагогикалық функцияларының компьютерге берілуі — АОЖ-ға қатысты пессимистік ой-пиғылды бекіту түсті.
Ғылыми педагогикалық қызметкерлердің екінші бір бөлігінде, жаңа әдістің таңқаларлық нәтижелілігі жөнінде шектен тыс оптимистік көзқарас орнықты. Олардың түсінуінше — оқытудық барлық деңгейлерінде қолдануға болатын жақа әдіс, түрлі пәндерді оқытушы көмегінсіз, оқушылардың өз бетінше және тиімді түрде оқып - үйренуіне мүмкіндік береді.
АОЖ-дарды оқу процесіне кірістіру нәтижесіне кері әсер тигізген себептер ретінде объективті және субъективті факторларды атауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |