Программа негізінен екі бөлімен түрады



бет30/33
Дата06.02.2022
өлшемі469,5 Kb.
#79416
түріПрограмма
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Дип.-Delphi-программалау-тілін-пайдалану

3. Өтелу мерзімі:
Т = С / d Еэкспл.
Т = 243291,67/218430=1.12
4. Бағдарлама құны:
S = Sр.п. / N,
Мұндағы Sр.п. = С =243291,67
N = 1 – бағдарлама қолданылатын бөлімдер саны.
S = 243291,67/ 1 = 243291,67теңге.
5. Пайда құны:
P=q*g, мұндағы q-диск саны 210, g- дисктың құны 5200, P –пайда құны.
P=210*5200=1092000 теңге
6.Табыс көзі:
K=P- d Еэкспл.
d Еэкспл.*10/100=A
Ta=K-A Мұндағы Ta-жалпы табыс көзі
K=1092000-218430=873570
A=218430*10/100=21843
Ta=873570-21843-=851727

БИЗНЕС-ЖОСПАР БӨЛІМІ


АННОТАЦИЯ

Бизнес-жоспар тақырыбы: Тест құру технологиясына бизнес жоспар. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Рысқұлбеков №6, 429. Информатика кафедрасы Телефон: 21-36-09


Кіммен жасалған: Тұрсынбаева Маржан Тешебайқызы
Бизнес сферасы: электрондық оқулық құру
Қызметтің негізгі түрлері: бағдарламалар құрастыру, электрондық оқулық құру технологиясын меңгеруге арналған программалық жабдық құру Басталу мерзімі: 2006 жыл Бизнес-жоспар қандай мерзімге есептеліп жасалған: 8 ай

РЕЗЮМЕ
Дипломдық жоба тақырыбы: «Тест құру технологиясына бизнес жоспар». Дипломдық жұмыста Оқыту бағдарламасының технологиясын меңгеру мақсатындағы электрондық оқулық HTML, Front Page, Screen Camera және Delphi орталарында дайындалған.


Дипломдық жүмысты құру барысында мен қазіргі кезде оқыту процесіндегі негізгі шешімін таппай жатқан мәселелердің бірі болып табылатын қазақ тіліндегі оқулықтармен қамтамасыз ету, қашықтан оқыту технологиясына арнап әдістемелік материалдар дайындау, дербес компьютері бар студенттер мен ізденушілерге жылдам әрі сапалы пайдалануға жарамды электрондық оқулықтарды дайындаудың технологиясын үйретуге арналған программалық жүйе құрдым. Мұнда негізінен, электрондық оқулықтарды құру технологиясына қатысты мәліметтермен жұмыс істедім.
Жалпы, электрондық оқулықтар жөнінде айтар болсақ, онда артайы стандарт бойынша:
- «электрондық басылым - программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез-келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа ақпараттар жиынтығы.
- электрондық оқу басылымы - оқытуды және білім бакылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендірілген, сонымен қатар оқыту траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым;
- электрондық оқулық - құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы;
- электрондық оқу құралы - құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар есептер жинағы анықтамалықтар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқаулар. практикумға, курстык және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретім арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы»
Құрылған бағдарламаның сатылу жағына келсек, қазіргі заманда Интернет желісін пайдалана отырып, әлемнің түкпір-түкпіріне осы шығарылған өнімді ұсынуымызға болады. Әрине, бүкіл әлемдік желіде біздің өнімге деген қызығушылық айтарлықтай жоғары болмауы да мүмкін. Сондықтан, біз өзіміздің ОҚМУ-дің маркетингтік бөлімі арқылы сатуға болатын бағдарламалард құруды қолға алдық.
Бағдарлама өнімін диск түрінде және Интернет-дүкендерде сату көзделіп отыр.
Бағдарламалық өнім диск түрінде және Интернет - дүкендерінде сатылатын болады. Жоспар бойынша келесі жарты жылдықта сату көлемінің мөлшері 250 диск (күндізгі және кешкі бөлімде оқитын студенттерге -130, қашықтықта оқитындарға-120)
Жыл бойындағы сату көлемінің мөлшері 250 диск, 7000 теңге әр диск үшін. Бір дисктен көшірудің ағындық шығындары CD-R дискінің сомасы (150 теңге) қосылады, машиналық уақыттың құны - 120 теңге /сағ, бөлінетін қаржы көлемі -20%.
Алға қойған мақсатқа жету үшін – 739345.5 теңге қажет. Ол қаражат комплексті техникалық құралдарға-173150 теңге, алгоритімді ендіруге-16800 теңге, бағдарламаны ендіруге -262650.003 теңге және откладкаға- 345600 теңге жұмсалады, пайда-1010654.5 табыс- 1750000
Несие Халық банкінен алынады Несие 8- айда толығымен қайтарылады

КӘСІПОРЫННЫҢ СИПАТТАМАСЫ


Негізгі қаржылық көрсеткіштер Кесте 1



Сатып алушылар

Өлшем бірлігі

Мәні

1

БҚ құруға жэне енгізуге кеткен шығындар

теңге

345600

2

Жыл бойындағы эксплуатациялық шығын

теңге

739345.5

3

Өтелу мерзімі

ай

8

Дипломдық жұмыста электрондық оқулық құруда кеңінен қолданылып жүрген дәстүрлі Delphi ортамен қоса, бейне-клип түріндегі материалдарды дайындауға таптырмайтын құралдардың бірі - Screen Camera программасы да кеңінен қолданылған. Пайдаланушы өз қалауы бойынша бірнеше пункттен тұратын бас мәзірден өзіне қажетті ортаның белгісін таңдай алады. Таңдау нәтижесінде экранда сәйкес терезе көрініп, оның сол жақ бөлігінде броузер, ал оң жағында текстік мәлімет шығарылады. Материалмен танысып болған пайдаланушы оның соңындағы бақылау сұрақтарына жауап беріп, тест метериалдары арқылы меңгерген білім деңгейін тексере алады.


Бас мәзірден Screen Camera бөлімі таңдалғанда ашылған терезеден электрондық оқулықтың компьютерде дайындалу жолдары кескінделген бейне-клиптерді тамашалауға болады.
Дипломдық жұмыста мазмұнның қысқаша түсініктемесі беріледі.
Қолданушы инструкциясында бағдарламамен жұмыс істеудің негізгі ережелері көрсетілген. Жобада ақпараттық жүйенің бағдарламалық және аппараттық қамтамасыздандырылуы қарастырылған. Сонымен қатар, жасалған бағдарламаның бағдарламалық және техникалық іске асырылуы, бағдарламалау тілі мен бағдарламалау ортасы бағдарламалық жүйе үшін таңдау жасалынған.

МЕНЕДЖМЕНТ


1. Бизнесте жұмыс істейтін қызметкерлер туралы мәлімет:
Қызметкердің аты-жөні: Нысанов Ерназар
Жасы: 55
Мекен-жайы: «Шығыс» мөлтек ауданы, 118-20
Телефон: 21-30-60
Оның бизнестегі орны қазіргі уақытта ОҚМУ-дің «Ақпараттық технологиялар және жүйелер» факультеті «Информатика» кафедрасының оқытушысы, құрастырушы.
Жалақысы -25000 теңге, болашақта - 52000 теңге.
Жұмыс істеу тәжірибесі: «Есептеу техникаларын және жүйелерін бағдарламалық және аппараттық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша жоғары білімі, бағдарлама құрастыру біліктілігі жоғары.
2. Басқарушылық персонал үшін қосымша жағдайлар (жеңілдіктер, қосымша ақы, жолдамалар және т.б.), демалыс үйлеріне жыл сайынғы жеңілдікпен жолдамалар жоспарланып отыр.

ӨНІМНІҢ СИПАТТАМАСЫ


Электрондық оқулық құруда мәліметтер базасын құру үшін Database Desktop утилитасының мүмкіндіктері пайдаланылады. Бұл бағдарламалық құралдардың қатесіз және оңтайлы жұмыс істеуі үшін жүйелік минимальды шарттар құрамы қажетті, олар дипломдық жобаның екінші бөлімінде қарастырылған. Шарттар бойынша компьютер микропроцессордың тактілік жиілігі 400 MHz-тен кем емес, оперативті сақтау құрылғысы (RAM) 32 Mb кем емес, винчестер ең кіші 10 Gb жоғары және операциялық жүйе Windows 9х және одан жоғары. Техникалық құралдар кешені қажет етілетін талаптарға толық жауап береді.
Borland Delphi 6 ортасы Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Borland Delphi 6 ортасы объектілі-ориентирленген, визуальды бағдарламалау жүйесі болып табылады. Ол бағдарламалық қамтамасыздандыруды іске асыруда және қазіргі заманғы жобалау тәсілдеріне қойылатын талаптарға толықтай жауап беретін оқиғаларды басқарады.
Borland Delphi-ді түрлі деңгейдегі дайындықтан өткен қолданушылар пайналана алады. Егер сіз Borland Delphi-ді енді ғана меңгеріп жатқан болсаңыз және қысқа уақыт ішінде қарапайым бағдарлама құру қажет болса, онда сізге берілгендер қорын, кесте, бағдарлама, форма, есеп беру және т.б. шеберлері көмектеседі. Үлкен және күрделі жобаларды құру үшін сәйкес конструкторлар мен объектілі-ориентирленген Object Pascal тілі базалық класын қолданып қана қоймай, сонымен қатар сыртқы кітапханаларды және қолданушы класстарын құруға көмектеседі.
Бүгінгі таңда көптеген бағдарламалық жабдықтарды құрумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар бағдарламалық жабдықтарды өндіріске арнап құрастыруда. Сондықтан бәсекелестік, әрине байқалады. Алайда қазіргі таңда Қазақстан экономикасының қарқындап дамуына байланысты, жаңа технологиялардың дамуына байланысты, ақшаны тек банк арқылы аудару, алу секілді жалпы банк жүйесін қолданатын тұтынушылар саны да күннен күнге өсуде. Сондықтан, жоғарыда келтірілген бағдарламалық орталарда жасалған электрондық оқулық жай ғана оқулық емес, осындай дүниелерді жасаудың жолдарын үйрететін оқулық болғандықтан және ҚР-дағы білім беру саясаты бойынша оқушыларды, студенттерді және ізденушілерді сапалы әрі арзан оқулықтармен қамтамасыз етуге үлкен күш-жігер жұмсалып жатқанын ескерсек, программалық жабдықты сатып алушылар саны көбейеді және бағдарламаның өзін-өзі ақтап, пайда әкелетініне сенемін.

МАРКЕТИНГ ЖОСПАРЫ


Бағдарламалық өнімнің нарығы өспелі, себебі, жоғарыда келтірілген бағдарламалық орталарда жасалған электрондық оқулық жай ғана оқулық емес, осындай дүниелерді жасаудың жолдарын үйрететін оқулық болғандықтан және ҚР-дағы білім беру саясаты бойынша оқушыларды, студенттерді және ізденушілерді сапалы әрі арзан оқулықтармен қамтамасыз етуге үлкен күш-жігер жұмсалып жатқанын ескерсек, біздің жорамалымыз бойынша, оқулық дайындаумен айналысатындардың көпшілігі бұл бағдарламаға тапсырыс береді.
Элекрондық оқулық құруға қолданылып жүрген стандартты құралдардан басқа Screen Camera сияқты технологияның соңғы жетістіктерін қолдану жұмыстың құндылығын арттыра түсері анық.
Осы мерзімге анық тапсырыс беруші «Информатика» кафедрасы болып табылады.

ӨНДІРІСТІК ЖОСПАР:


Комплексті техникалық құралдарға қажетті қаражат:
Скомп. = 100600 тенге - компьютер бағасы (Intel Pentium IV 700/RAM 128 Mb/HDD 20 Gb/ CD-ROM 52X/ Monitor 17");
Сприн. = 57550 тенге - принтердің бағасы (SAMSUNG ML-1210, A4, 8ppm, 600*600dpi, 2MB, 20 pages в мин); Сд = 80 теңге - CD-R дискісінің бағасы. Сдискета = 70 теңге, дискетаның құлы. Машина құны - 150 теңге. Барлығы:
Өнімді өндіруде және оны сату процесін жүзеге асырған басқа ұйымдарға қажеттілік тумайды. Жоғарыда көрсетілген позициялар бойынша шығын- 739345.5

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАР


Қажетті соманы несие түрінде «ТұранӘлемБанк»-тен алу көзделеді. Бағдарламалық өнім білім алу сферасымен байланысты болғандықтан, несиені 20% жеңілдік ставкасымен алуға болады.



Сатып алушылар

Өлшем бірлігі

Мәні

1

БҚ құруға жэне енгізуге кеткен
шығындар
КТҚ-ға кеткен шығындар
Алгоритмге кеткен шығындар
Жазуға кеткен шығындар
Бағдарламаны енгізуге кеткен шығындар

теңге
теңге


теңге
теңге
теңге

345600
173150


16800
57600
262650.003

2

Жыл бойындағы эксплуатациялық
шығын

Теңге

739345.5

3

Өтелу мерзімі

Ай

8

Несиені М.Әуезов атындағы ОҚМУ атынан алғандықтан мекеме кепілдік ретінде үлкен көлемде жылжымайтын мүлікті қоюына болады.


Бағдарламалық өнімдер нарығының дамуына байланысты сату көлемінің төмендеуі байқалмайды. Басқа жағдайда деректерді жетілдіруге болады немесе жаңа бағдарламалық өнімдер шығарылады.
Қысқа мерзімді мақсаты - өнімді шығаруды бастау және бағдарламалық өнімнің CD дисктерін тарату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет