Программа негізінен екі бөлімен түрады


Оқушылардың білімін тексеруде тестің маңыздылығы



бет26/33
Дата06.02.2022
өлшемі469,5 Kb.
#79416
түріПрограмма
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
Дип.-Delphi-программалау-тілін-пайдалану

Оқушылардың білімін тексеруде тестің маңыздылығы

Тестер оқушының білім дәрежесін анықтау ісінде субъективтік элементтің болмауын қамтамасыз ете алады, себебі бұл орайда бүкіл ic дұрыс және дұрыс емес жауаптарды есепке алуға және осы мәліметтерді статистикалық түрғыдан саралауға ғана негізделген. Тестерді қолдану оқушылардың нақтылы мәселелер бойынша білім деңгейін, сол сияқты оларда іскерлік пен дағдының жекелеген түрлері қалыптасуы дәрежесін сипаттайтын мейлінше ауқымды материалды тез арада есептеу және саралау шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Солай бола тұрса да, тестілеу дегеніміз оқушылардың үлгерімін тексерудің мейлінше қарабайыр, негізінен алғанда механикалық әдісі екендігін ұғынбау мүмкін емес. Тестер әсіресе олардың дұрыс жауапты таңдап алуды қажет ететін түрлері көмегімен оқушының белгілі бір пәннен бағдарлама көлеміндегі білімін жүйелі, толық бағдарлауға мүмкіндік туғызады, негізгі ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар екендігін аңғаруға болады. Оқушы тестегі әрбір жауапты бір-бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, яғни белсенді ойлау процесі жүреді де, оқушының логикалық ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.
Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрді өндеп шығаруға компьютерлердің үлкен септігі тиері сөзсіз.
Тестілеуде компьютерді қолдану оқушылардың білім деңгейін сырттан бақылауды және олардың өзін-өзі бақылауын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады және бұл технология оқушы жауабын таңдау принципіне немесе өте қысқа да нұсқа жауаптар (сандар түріндегі немесе әріптер түріндегі) алу принципіне негізделген.
Студенттердің де, оқушылардың да білімі мен біліктілігін тексеріп, оның нақты деңгейін дәл, объективті бағалау үшін, тексеру құралын дайындап алған жөн. Яғни тексерілуге тиісті тақырып көлеміндегі сұрақтар, есептік тапсырмалар сараланып-сұрыпталынып алынып, тексеру әдісіне негізделіп нұсқауларға топтастырылады.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында, білімді тексеру мен бағалауға кең көлемде тест әдісі қолданылуда. Осыған байланысты, оқытушы-ғалымдар алдында әрбір оқу пәні бойынша тесет қорын жинақтау міндеті қойылуда. Бірақ тесті қолдану ағарту саласының барлық деңгейінде қолдау тапқанымен, оны құру, методикалық түрғыдан жетілдіру тестік блок тапсырмаларымен қамтамасыз ету, дидактикалық материалдар шығару әлі күнге шешімін тапқан жоқ.
Тест құру үлкен шығармашылық ізденісті эксперименталдық сынақтарды қажет етеді.
Осындай қиындықтан қашан кейбір әріптестеріміздің: "Тест арқылы оқушыларға білім бере алмаймыз", "Тест оқушыларды сөйлеу қабілетін айырады" деген адамдарға айтарым:

  1. Әлемнің дамыған елдері мойындаған бұл тәсілді біздің де мойындайтын кезіміз жеткен секілді.

  2. Кез-келген білімді тексеру тәсілі (диктант, шығарма, өзіндік жұмыс, бақылау жұмыстары т.б.) оқушыларды сөйлеп үйретуге емес, білімнің нақты деңгейін көрсете білуге негізделген әдіс екенін ескерген жөн.

Сонымен тест құрағанда оның сапасына баса назар аударған жөн. Тест сапасы - тапсырма мазмұнымен нақты, дәл жауабы мен жалған пайымдауларға тәуелді. Бүгінгі күнде қоғамының дамуының жетекші бағыттарының бірі - білім беру үрдісін информатизациялау болып табылады. Ол оқу-тәрбиелік үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялау үшін педагогикалық жаңа технологияларды, информатиканың тәсілдері мен құралдарын қолдануын болжайды. Қазіргі информацияланудың өзіне тән ерекшелігі - білім беру өрісіне белсенді түрде кіру, арнайы оқытатын ортаны құруға беттелген оқытудың жаңа технологияларының пайда болуы және дамуы, информациялық өнімді пайдаланатын жаңа тәсілдер мен құралдарды оқу үрдісінің заңдылықтарына сәйкес қолдану болып табылады. Оқытуды информатизациялау деген ұғым оқытуда компьютерлердің пайда болып, кеңінен қолданылуымен тікелей байланысты.
Өткен ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттауымен жүргізуді үйрену бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі екені күмәнсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет