Дипломатия, дипломат және халықаралық келіссөздердің мәні «Дипломатия» сөзіне түсінік. Г. Никольсонның дипломатия сөзінің мәнін
айқындауы.
Дипломатия
сөзінің
анықтамасы.
“Дипломатия”
ұғымын
халықаралық қақтығыстардың алдын алу немесе реттеу, өзара тиімді шешімдер
мен мәмілеге келу, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейте және
тереңдете түсу мақсатында келіссөздер жүргізу өнерімен де байланыстыруы.
Дипломат мамандығы ең ежелгі мамандықтардың бірі ретінде. Қазақ
дипломатиясының тарихына қысқаша шолу жасау. Қытай мен Қазақ хандығы
арасындағы дипломатиялық байланыстар.
Бүгінгі күні дипломат – Сыртқы істер министрлігінің орталық негізгі және
қосымша мекемелерінде немесе шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерде
(елшіліктерде, миссияларда, консулдықтарда) шет мемлекеттердің өкілдерімен
саяси байланысты жүзеге асырушы ресми лауазымды тұлға, сыртқы істер
министрлігінің қызметкері ретінде. Қазіргі кезеңдегі дипломат мамандығына
қойылатын талаптар.
1961 жылғы 18 сәуірде қабылданған Дипломатиялық қатынастар жөніндегі
Вена конвенциясы мен 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар жөніндегі
Вена конвенциясы. Дипломатиялық қызметке қатысты еңбектер.
Халықаралық қатынастардағы мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің
негізгі түрлері: халықаралық конгрестер, мәслихаттар, мәжілістер, мемлекет
өкілдерінің әр қилы деңгейлеріндегі жүйелі кездесулері мен халықаралық
қатынастардың әр түрлі мәселелеріне байланысты көпжақты немесе екіжақты
халықаралық келіссөздер өткізуі.