Программа развития Жамбылской области


Облыс қалалары мен аудандарындағы жеңіл өнеркәсіптің



бет20/101
Дата06.02.2022
өлшемі4,56 Mb.
#79269
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101
Облыс қалалары мен аудандарындағы жеңіл өнеркәсіптің
негізгі кәсіпорындары
3 кесте

Кәсіпорын

Негізгі өндірілетін өнімдер

Орналасқан жері

«Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС

жүн, топс

Тараз қ.

«Тараз былғары аяқкиім» ЖШС

былғары тері тауарлары және аяқ киім

Тараз қ.

«Сапаров» ЖК

киім

Тараз қ.

«Айвенго» ЖШС

тігін өнімдері

Тараз қ.

«Би Дуалет» ЖШС

ұлттық бұйымдар, киім, киіз үй

Тараз қ.

«Канагат Тараз» ЖШС

ұлттық бұйымдар, киім

Тараз қ.

«Ырыс Бахыт» ЖШС

киім

Қордай ауданы

Сала құрылымының үштен бірін былғары тері өнімдері алады және үштен екісін тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдері құрайды, бұлар негізінен жүн өндірісімен айналысады.




2009-2014 жылдардағы жүн өндірісінің серпіні, тонна
7 сурет

2009 және 2012 жылдар аралығында жүн өндіру заттай түрде 9,4%-ға артты. Жуылған жүн (өңдеудің ең төмен дәрежесімен қырқылған жүн) облыстың жүн өнеркәсібінің негізгі өнімі болып саналады. 2009 - 2012 жылдар аралығында жүн өндірудің тұрақты өсімі байқалады (7 сурет). Сонымен 2009 жылы 5471 тонна жүн өндірілді, 2010 жылы – 5682 тонна, 2011 жылы – 5856 тонна, 2012 жылы – 5983 тонна. Қазақстан Республикасындағы жүн өндірісіндегі облысымыздың жоғары үлесі аймақтағы дамыған ешкі және қой шаруашылығының болуына байланысты. 2013 жылы жүн өндіру 11,6%-ға төмендеп, 5292 тоннаны құрады. 2014 жылы өндіріс 0,9%-ға артқан (5339 тонн).


2010 жылы «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-де фабриканың қолданыстағы цехының базасында ТОПС өндіру бойынша инвестициялық жоба іске асырылды. Бұл жоғары сапалы жүн тоқу үшін пайдаланылатын шикізат – ТОПСты өндіретін, әлемде үлкен сұранысқа ие Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын, Италия елінде лабораторлық зерттеуден өтіп, бұл тапшы өнімнің әлемдік өндірушілер тізіміне енгізілген.
Бүгінгі таңда жүн өндірісі нарығында топс өніміне тапсырыстардың жоқтығына, сондай-ақ, шикізаттың (биязы жүн) тапшылығына байланысты «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-нде тоқыма өнімдерінің төмендеуі бойынша мәселелер орын алуда. Шикізатты сатып алудағы мәселелері шикізат бағасының тұрақсыздығы, сатып алу қаражатының тапшылығы, сонымен қатар, Ресей және Қытай елдері тарапынан бәсекенің басымдығы болып табылуда.
Европа елдеріндегі дағдарысқа байланысты дайын өнімді өткеру атап айтқанда ТОПС өнімін өткеру бойынша мәселелері туындауда. Қазіргі таңда Ресей, Белоруссия және Қытай елдерінен жаңа өткеру нарықтарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Былғары өнеркәсібі аймақтағы жеңіл өнеркәсіптің үштен бірін құрайды, бұл, бірінші кезекте, облыста мүйізді ірі қараның көптігімен байланысты болса керек. 2009 жылы саладағы өндіріс 117,0 млн. теңгеге дейін төмендеді. Дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында 2010 жылы былғары өнімін өндіруде бірден көтерілу байқалады, онда өсім 3,3 есені, 2011 жылы – 1,4 есені, 2012 жылы – 1,3 есені құрады. Алайда, 2013 жылдың қорытындысы бойынша тапсырыстардың болмауы және тері бұйымдары өндірісіне қажетті ірі-қара мал терісінің тапшылығы себебінен өндіріс көлемі 39,7%-ға төмендеген. 2014 жылы былғары өнімінің өндірісі 3,0 есеге артып 1,1 млрд. теңгені құрады (8 сурет).

Каталог: files -> PRT KAZ
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
PRT KAZ -> БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет