2010-2014 жж. туризмді дамыту көрсеткіштерінің серпіні
9- кесте
Көрсеткіштің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
қаңтар - желтоқсан
|
Кіру туризміндегі келушілер саны (резиденттер емес)
|
адам
|
1209
|
2052
|
1155
|
1290
|
1905
|
Ішкі туризміндегі келушілер саны (резиденттер)
|
адам
|
53007
|
61551
|
69462
|
85138
|
95471
|
Орналастыру орындарының саны
|
саны
|
42
|
48
|
54
|
65
|
88
|
Келушілерге қызмет көрсетілді
|
адам
|
54588
|
63603
|
70617
|
86428
|
97376
|
2014 жылы келушілерді орналастыратын 88 кәсіпорын және жеке кәсіпкер бар. Орналастыру орындары 1054 нөмір, олардың біржолғы сыйымдылығы 1878 төсек-орын.
Жамбыл облысының туристік мүмкіндіктері жыл сайын Лондон, Берлин, Ыстамбұл, Мадрид қалаларында өткізілетін халықаралық туристік көрмелерде ұсынылады. Жылда аймақтың туристік әлеуетін көрсететін жарнамалық-ақпараттық өнім шығарылады.
2010 жылдан бастап өткізілетін Халықаралық бизнес-форум шеңберінде туризм бойынша инвестициялық жобалар таныстырылады.
Жамбыл облысында балалар туризмін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 2010-2014 жыдары аралығында бірқатар іс-шаралар жүргізілді:
дүниежүзілік туризм күніне арналған күздік туриадаға Тараз қаласы, Жамбыл және Жуалы аудандарынан мектеп оқушылары қатысты;
«Менің Отаным –Қазақстан» туристік облыстық экспедициясы өткізілді, оған Тараз қаласы, Меркі, Жамбыл және Жуалы аудандарынан мектеп оқушылары қатысты;
Астана қаласына екі күндік тур ұйымдастырылды, оған аудандар мен Тараз қаласының аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан орта мектеп оқушылары, жалпы білім пәндері бойынша өңірлік және республикалық олимпиадаларының жеңімпаздары және қатысушылары, 12-14 жастағы үздік оқушылар қатысты.
Жуалы ауданы Берікқара шатқалындағы орналасқан «Тау самалы» туристік кешенінде 8 жыл бойы «Балалар туризмі» жобасы жүзеге асырылуда, жыл сайын Қазақстанның барлық аймақтарынан 1500 астам балаларды қабылдайды.
Мәселелер:
Туристiк және көлiк инфрақұрылымның жеткiлiксiз дамуы.
- орналастыру нысандарының материалдық базаларының, атап айтқанда қонақ үйдің, үй мен демалыс базаларының, сондай-ақ шипажай- курорттық мекемелердің моралдiқ және нақты тозуы жоғары дәрежеде сипатталады.
- туристер үшiн туризмнің ауқымы, түрлері, сапасы және тұратын мекендердiң ұсынысы бүгiнгi күнде халықаралық талаптарға сәйкес келмейдi.
- Жамбыл жеріндегі Ұлы Жiбек жолы бөлігінде орналасқан маңызды тарихи орындарға жетуге жолдың қиын болуы мен сервистiң төмен деңгейiне байланысты шетелдiк және қазақстандық туристтердің жеткіліксіз тартылуы.
- туристiк қызметтерi әлемдiк нарығында туристiк өнiмдерді халықаралық насихаттау және алға жылжыту жеткіліксіз деңгейде.
- мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру деңгейінің әлсіздігі, туризмнің қызмет көрсету саласында және индустрия нысандарында мамандандырылған мамандардың жоқтығы.
Өңірде шағын және орта кәсіпкерлік жолға қойылған экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең көлемді саласын қалыптастыруды, бюджетке салық түсімдерінің маңызды үлесін қамтамасыз етеді. Облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының көрсеткіштері қарқынды серпінге ие, бұл экономиканың осы саласының дамуында оңды үрдістері барын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |