Программа развития Жамбылской области


Тараз қаласындағы тамақ өнеркәсібінің негізгі кәсіпорындары



бет27/101
Дата06.02.2022
өлшемі4,56 Mb.
#79269
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   101
Тараз қаласындағы тамақ өнеркәсібінің негізгі кәсіпорындары
5 кесте

Компания

Негізгі өндірілетін өнім

«ОАҚК» ЖШС-гі филиалының Тараз қант зауыты

Қант өндіру

«Та-Мак» ЖШС

Макарон өнімдерін өндіру

«Салангани» ЖШС

Макарон өнімдерін өндіру

«Меркі ірімшік зауыты» ЖШС

Қышқыл сүт өнімдерін өндіру

«Первомайские деликатесы» ЖШС

Шұжық өнімдерін өндіру

«Данегуль» ЖШС

Сүт өнімдерін өндіру

«Куликов сүт өнімдері» ЖШС

Сүт өнімдерін өндіру

«Бурный ірімшік зауыты» ЖШС

Қышқыл сүт өнімдерін өндіру

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС

Ет өндіру

«Алкопищепром» ЖШС

Сусын өндіру

Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында, негізінен, шағын кәсіпорындар жұмыс істейді, олар ыңғайластырылған жайларда орналасқан, бұрын пайдаланылған, физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген өндірістік және технологиялық жабдықтармен жабдықталған немесе толық қолданылмайды, бұл ауыл шаруашылығынды шикізатының жетіспеушілігіне байланысты. Әлсіз материалды-техникалық база, тез бүлінетін шикізат пен азық-түлікті мұздатып өңдеудің және тасымалдаудың, сақтаудың дамымаған инфрақұрылымы бастапқы шикізатты кешенді қайта өңдеу және сақтау үшін оңтайлы жағдай құруға мүмкіндік бермейді, бұл қосымша шығындарға, қауіпсіздік пен сапаның төмендеуіне әкеліп соғады. Сондай-ақ, елдің Кедендік одаққа кіруі жағдайды күрделендіре түсірді, өйткені отандық өнімдер Ресей және Беларусь елдерінен әкелінетін өнімдермен салыстырғанда бәсекеге қабілетті емес.


Ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік өндірісін дамыту мәселесін шешу, ішкі сұранысты қамтамасыз ету және экспорттық ресурстар қалыптастыру, агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға экономикалық жағдай және механизмдер құру, агроөнеркәсіп кешені өнімін өндірушілерге қолдау көрсету, экпортта өз орнын басу үшін бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығару және заманауи инфрақұрылым дамыту үшін 2010 жылдан бастап «Аграрлық қайта өңдеу логистикалық орталық құрылысы» жобасы бойынша жұмыстар басталды (ары қарай – АҚЛО). Аталмыш жоба облыстың басымды жобаларының бірі болып табылады. АҚЛО-тың басты миссиясы Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп өнімінің экспорттық әлуетін дамыту болып табылады.
Өңірдің агроөнеркәсіп кешеніндегі мәселелері

  • жеке қосалқы шаруашылықтардың жоғары үлесі;

  • ирригациялық жүйелер сапасының төмендігі;

  • миниралды тыңайтқыштарды қолдану деңгейінің төмендігі;

  • инжинерлік жүйе және құрлыс құрылымдары тозуының жоғары деңгейі;

  • жемдік қордың тапшылығы;

  • еңбек көп жұмсалатын үрдістерде механизациялау деңгейінің төмендігі;

  • ауыл шаруашылығы техникасы тозуының жоғары деңгейі;

  • мал шаруашылығында жоғары өнімді генетикалық материалдардың және егін шаруашылығында асыл тұқымды дәннің төмен үлесі;

  • мал шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау, алғашқы өңдеу және көкөністі сақтауға арналған инфрақұрлымдық объектілерінің тапшылығы.



Туризм
Облыс "Жiбек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту, түркi тiлдi мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыру, дамыту, туризм инфрақұрылымын құру" мемлекеттiк бағдарламасына енгізілген және оның ішкі және халықаралық туризмнің дамуы үшiн үлкен мүмкiндiктерi бар. Облыс арқылы Ұлы Жібек жолы өткен (Сайрам кенті - Тараз - Акшолак-Ақыртөбе станциясы - Құлан - Меркі - Шу - Аспара - Қордай) және оның бойында қызықты тарихи және мәдени ескерткiштер орналасқан.
2014 жылдың 1 қаңтарында 3274 ескерткіштер мемлекеттік есепке алынған, оның ішінде: 28-і республикалық және 713-і тарихи-мәдени ескерткіштер, ішкі және сыртқы туризммен айналысатын 25 туристік фирмалар қызмет етуде.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз бойында туристік кластерді құру жұмыстары жүргізілуде. Оны іске асыру үшін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз бойында жол бойылық сервис нысандарының құрылысын ұйымдастырушы жұмысшы тобы құрылды. Топтың құрамына тиісті басқармалар мен аудандардың 19 басшылары кіреді.
Жұмысшы тобпен Жамбыл облысындағы 8 жол бойылық сервис кешендерін (ЖБСК) салу үшін орналастыру орындары анықталды. Барлық ұзындығы 495 км, оның ішінде «В» категорялы 4 дана және «С» категориялы 4 дана.
2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ішкі туризм 38,3% ұлғайды, ал кіру туризмі 37,1% азайды, орналастыру орындарының саны 17 данаға, ал қызмет көрсетілген келушілер саны 35,9% көбейді.
2014 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ішкі туризм 55,1% ұлғайды, ал кіру туризмі 7,2% азайды, орналастыру орындарының саны 40 данаға, ал қызмет көрсетілген келушілер саны 53,1% көбейді.

Каталог: files -> PRT KAZ
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
PRT KAZ -> БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет