Мектепке дейінгі білім беру «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру облыста мектепке дейінгі білім беру жағдайын айтарлықтау жақсартуға ықпал етті.
2015 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша облыста бала саны 43767 мектепке дейінгі 406 (240 бала бақша және 169 шағын орталық) мекеме жұмыс істейді, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 70,7%-ды құрайды.
Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 2010-2014 жылдар аралығында облыста 94 бала бақшада және 141 шағын орталық ашылды, онда 24388 бала тәрбиеленуде, оның ішінде: салынғаны – 16 (РБ есебінен – 14, ЖБ - 2), мемлкеттік-жекеменшік серіктестігі негізінде – 21 ашылды, бұрын жекешелендірген балабақшаларды қайтару есебінен 15 ашылды, қалпына келтіру есебінен – 20, балабақшаға жарамды ғимараттарды беру есебінен 22 мекеме ашылды.
2011 жылы 5720 орындық 17 балабақша және 52 шағын орталық ашылды, жоспарды асыра орындау 2605 орынды құрады (2011 жыл жоспары – 3115 орын). Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 60,5%-ды құрайды. 2010 жылмен салыстырғанда 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 5,6%-ға артты (2010 ж. – 54,9%).
2012 жылы 4030 орындық 17 балабақша және 8 шағын орталық ашылды, жоспарды асыра орындау 1665 орынды құрады (2012 жыл жоспары – 2365 орын). Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 64,6%-ды құрайды. 2011 жылмен салыстырғанда 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 4,1%-ға артты.
2013 жылы 3115 орындық 18 балабақша және 2 шағын орталық ашылды, жоспарды асыра орындау 1105 орынды құрады (2013 жыл жоспары – 2010 орын). Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 67,6%-ды құрайды. 2012 жылмен салыстырғанда 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 3%-ға артты.
2014 жылы 4653 орындық 23 балабақша және 9 шағын орталық ашылды, жоспарды асыра орындау 1283 орынды құрады (2014 жыл жоспары – 3370 орын). Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 70,7%-ды құрайды. 2013 жылмен салыстырғанда 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 3,1%-ға артты.
«Балапан» бағдарламасын іске асырудың шеңберінде жергілікті бюджет есебінен 591 млн. тенгеге 26 балабақша ғимараттары сатып алынды (2010 жылы - 10, 2011 жылы - 14, 2012 жылы - 2).
2010 жылдан бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына пайдалануға 16 балабақша берілді (2010 ж.- 1; 2011ж.- 2; 2012 ж.- 3, 2013 ж.-3, 2014 ж.-7), оның ішіндереспубликалық бюджеттен – 14, жергілікті бюджеттен – 2.
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік есебінен жұмыс істейтін мектепке дейінгі мекемелер жүйесі ұлғаюда. 2010 жылға дейін облыста тек 2 жекеменшік балабақша жұмыс істеді. Бүгінгі күні 29 (23 б/б, 6 ш/о) мектепке дейінгі балабақшада 3094 бала тәрбиеленеді.
2015 жылдың басына жекеменшік балабақшалар жүйесі 2010 жылмен салыстырғанда 20 бірлікке кеңейтілді. Егер 2013 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік есебінен 715 орындық 7 балабақша ашылса, онда 2014 жылы 1143 орындық 11 мектепке дейінгі мекеме ашылды, оның ішінде 878 орындық 8 балабақша және 265 орындық 3 шағын орталық.
Балалардың (3-6 жастағы) мектепке дейінгі тәрбиемен және білім алумен қамтылу деңгейі:
%