Шағын кәсіпкерліктің белсенді дамуы, өз бетінше жұмыспен қамтылған халық санының өсімі;
Қымбат емес тұрақты өсіп отырған жұмысшы күші;
Тұтыну тауарлары үшін үлкен өткеру рыногы;
Жел энергетикасын дамытуға қолайлы жағдайлар.
Ауылшаруашылығы
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу өндірісін тұрақты дамыту үшін қолайлы ауа-райы жағдайлары;
Табиғи топырақ құнарлылығы жоғары, табиғи шабындықтары мен жайлаулары бар ауылшаруашылық жерлерінің болуы;
АӨК-те ауылшаруашылық кластерлерін қалыптастыруға арналған дамыған институционалдық инфрақұрылымының болуы;
Жамбыл облысында минералдық тыңайтқыштар өндірісінің болуы.
Шағын және орта кәсіпкерлік
Жергілікті бюджет, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Казагро» ұлттық басқару холдингі АҚ және басқа көздер қаржылары есебінен мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған елеулі қаржылық қолдау;
Шағын бизнес саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілері санының, шағын бизнес өндірісі көлемдерінің өсімі;
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры
АҚ, «Ауылдық кәсіпкерлікті қаржылық қолдау қоры» АҚ, шағын несиелік ұйымдар, кәсіпкерлер қауымдастықтар сияқты шағын кәсіпкерлікті дамытудың нарықтық инфрақұрылымының болуы.
Бәсекелестікті дамыту
Қолайлы инвестициялық климат;
Нарыққа кірудегі біршама төмен күрделі салымдар;
Өнімді пайдаланудың сыйымды рыногының болуы.
Сауда
Облыс халқына көрсетілген қызметтер көлемінің өсімі;
Қызмет көрсетулер саласында негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет атқарады;
Бөлшек және көтерме тауар айналымы көлемдерінің өсімі.
Білім беру
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісін кеңейту;
Арнайы (түзету) білім ұйымдарының ашылуы;
Арнайы ұйымдар ашу арқылы мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін жағдайлар жасау;
Балаларды отбасыларына орналастырудың тұрақты үрдісі сақталуда;
Кәсіптік лицейлер мен колледждерді бітірушілер санынан жұмысқа орналасқандарының көбеюі.
Денсаулық сақтау
Жоғары туу деңгейі;
Жастар арасында бұқаралық спорттың кең таралуы;
Денсаулық сақтау қызметтерін көрсету рыногының біршама үлкен көлемі;
СӨС орталықтарының біршама үлкен ұйымдық тәжірибесі;
СӨС орталықтарының қызметкерлермен жақсы қамтамасыз етілуі;
Орта медициналық персоналмен жақсы қамтамасыз етілу;
Жас мамандардың көптеп келуі.
Әлеуметтік қорғау.
Жастардың кәсіптін білімге қол жетімділігін қамтамасыз ету және оларда еңбек уәждемесін қалыптастыру.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының қысқартылуы.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге ҮЕҰ тарту.