Облыстың мектепке дейінгі балалар ұйымдарының спорт залдармен, жүзу бассейндерімен, музыкалық сабақтар өткізетін залдармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, тиісті жабдықтар (асханалық) мен құрал-саймандардың ескіруі;
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының төмен жалақыға және артық жүктемеге байланысты білікті кадрлармен, оның ішінде тәрбиешілермен қамтамасыз етілуінің төмендеуі;
Жыл сайын күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер үлесінің артуы;
Зиянды дағдылардың денсаулыққа әсері туралы атүсті білу;
Денсаулық пен СӨС басымдылығының төмендігі;
Қан тамырлары ауруларының дамуына әсер ететін тамақтану рационына дағды;
Жұмыс орындарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру саласындағы ынтымақтастыққа компаниялар қызығушылық танытпайды;
Әлеуметтік проблемалар (кедейшілік) халықтың басым бөлігіне өзінің денсаулығы үшін қамқорлыққа мүмкіндік бермейді;
Жоғары мінез-құлық тәуекелдіктері (темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлық);
Педиатрлардың тапшылығы;
СӨС орталықтарында қызметкерлердің тапшылығы;
Халық үшін перзентханаларда орынға қолжетімділіктің төмендігі;
Бала туу жасындағы әйелдердің қан аздық тәуекелділігін азайтатын және тууға дейінгі асқынуларды болдырмайтын препараттармен қамтамасыз етілмеуі;
Медициналық тексерулер мен жалпыға бірдей скринингтердің жеткіліксіздігі;
БАҚ арқылы жалпы қолдаудың жеткіліксіздігі;
Дәрігерлердің үлкен және перманентті тапшылығы;
Амбулаторлық деңгейде, әсіресе ауылдық жерлерде жабдықтардың ( оның ішінде рентген және УЗИ) және диагностикалық препараттар мен дәрілердің тапшылығы;
Ғимараттар мен құрылғыларды жаңартудың жеткіліксіз қарқыны.
Әлеуметтік қорғау.
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесінің жоғарылығы.
Мүгедектерді және жастарды жұмысқа орналастыру проблемалары.
Жұмыс күшінің біліктілігінің төмендігі.
Күн көріс деңгейінен табысы төмен халықтың үлесінің жоғарлығы.
Ауылдағы кедейшілікті және жұмыссыздықты оқшаулау.
Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бойынша жалақы мөлшерінің сәйкессіздігі
Еңбек ақының төмендігіне байланысты медициналық–әлеуметтік мекемелердің білікті мамандармен (онің ішінде, бір саладығы мамандандырылған дәрігерлермен) қамтамасыз етілуінің төмендеуі.
Мәдениет
Мәдени мекемелер желісінің дамуындағы теңсіздіктерге байланысты облыс халқының мәдени ұйымдар қызметіне қолжетімділігінің бірдей еместігі;
Саланың нашар материалдық-техникалық базасы және білікті кадрлардың тапшылығы;
Отандың мәдени өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.
Мемлекеттік тілге үйретудің бірыңғай стандарттары жоқ.
Дене шынықтыру және спорт
Мектептердегі спорт объектілері мен спорт алаңдарының (спорт залдары, киім шешетін жерлер, спорт алаңқайлары) созылмалы жеткіліксіздігі, сондай-ақ құрал-саймандардың айтарлықтай жеткіліксіздігі;
Сондай-ақ елеулі кемшілігі - ауылдық елді мекендерде спорт бойынша нұсқаушы-әдіскерлердің жетіспеушілігі.
Туризм
Туристік және көліктік инфрақұрылымның дамымауы;
Сервистің төмен деңгейі;
Кадрларды даярлаудың әлсіз деңгейі.
Жастар саясаты
Барлық деңгейдегі мәслихаттарда жастар проблемасының жеикіліксіз деңгейде көтерілуы
Гендерлік саясат
Қоғамның гендерлік мәдениетінің жетіспеушілігі.
Өкілетті органдар билігіндегі әйелдер үлесінің мардымсыздығы.
Құрылыс
Халықтың төмен кірістері;
Халықтың сатып алу қабілетінің төмендігіне байланысты азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігінің жеткіліксіз деңгейі;
Елді мекендерге құрылыс салу бас жоспарларының жоқтығы (Тараз қаласынан басқа);
Коммуналдық инфрақұрылымның жетімсіздігі;
Ескірген құрылыс технологиялары;
Халық пен құрылыс компанияларының үлестік құрылысқа дайын еместігі.
Көлік
Автожол төсенішінің нашар жағдайы;
Жүк автокөлігі үшін сервистік инфрақұрылымның жоқтығы;
Шалғай жатқан елді мекендермен автобус қатынасының жоқтығы;
Тараз қаласындағы автобус қатынасының оңтайландырылмаған бағыттық картасы;
Ауылдық жерлерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілудің төмен деңгейі;
Су құбырлары және кәріздік желілердің тозуының жоғары дәрежесі;
Су көздерінің техногендік ластануы;
Қалдық суларды биологиялық тазалау қондырғыларының жоқтығы;
Тасымалдау кезінде суды айтарлықтай жоғалту;
Инвестицияларға ықпал етпейтін сумен қамтамасыз етудің және су бөлудің төмен тарифтері.
Жылумен қамтамасыз ету
Тұрғын үй қорының және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің орталықтандырылған жылумен жарақтандырылуының төмендігі, қуаттардың көптігі, негізгі қорлардың тозуы;
Жылумен қамтамасыз ету қызметтеріне бағалардың жоғарылығы.
Газбен қамтамасыз ету
Қолданыстағы газ құбырлары желілері бұрынғы кеңес газ құбырлары жүйесінің бір бөлігі болып табылады және басқа республикаларға газды тасымалдауға арналған, сондықтан табиғи газды қажет көлемде жеткеруге қабілетсіз;
Жергілікті газ-кен орны қуаттарының төмендігі;
Орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілудің төмен деңгейі;
Өзбекстан газының қымбаттығы және жеткерудің тұрақсыздығы.
Тұрғын үй қорын басқару
Халықтың жалпыүйлік аумақты басқарудағы белсенділігінің төмендігі (ПИК төмен үлесі), ПИК басқарушыларының кәсіби еместігі, ПИК жұмысының ашық еместігі, тұрғын үй қорының өте ескіруі;
Халықтың төмен төлем қабілеттілігі;
Үйлерді күрделі жөндеу үшін тұрғындарды кредиттеудің дамымауы.
Электрэнергетикасы
Халық кірістерінің төмен деңгейі;
Шектеулі дәстүрлі шикізат көздері;
Шектеулі инвестициялық мүмкіндіктер кезінде энергия жабдықтарының жоғары физикалық және моральдық тозуы;
Жоғары энергия сыйымдылығы және электр энергиясына шығыстар тарифті көтеру мүмкіндігін шектейді.
Аумақтық даму
Өндірістік күштерді орналастырудағы аумақтық әркелкіліктер, қосымша құнның өнеркәсіптік буындарының жоқтығы;
Облыс аумағының қалалану деңгейінің төмендігі - 42%, бұл ауыл халқының басым екенін көрсетеді;
Облыс аудандарының инфрақұрылымдық, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы елеулі әркелкіліктер.
Мұрағат
Тиісті мұрағат ақпараттарын сақтау үшін мұрағат қорын сақтау алаңының жетіспеуі.