Тілдік көптүрлілікті сақтай отырып әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікте мемлекеттік тілді қолдану;
Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің ролін арттыру.
Дене шынықтыру және спорт
Спорт мектептері мен спорттық секциялардың айтарлықтай жетіспеушілігінен осындай ұйымдардың қызметіне қанағаттандырылмаған сұраныс. Бұдан басқа балалар мен жастардың өсіп отырған саны бұқаралық спортты дамытудың мүмкіндігі болып табылады, бұл алда сұраныстың өсетінін көрсетеді;
Сондай-ақ маңызды мүмкіндіктердің бірі спорттық объектілер салу және ұстау үшін жеке инвесторлардың (жергілікті ірі компаниялардың) қаржыландыруын тарту болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды кеңейту.
Құрылыс
Тұрғын үй құрылысын республикалық бюджетпен қолдауды ұлғайту арқылы өңір халқы үшін тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Пайдалануға енгізіліп отырған объектілерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
Ипотекалық несиелеуді одан әрі дамыту;
Үлестік құрылысты дамыту.
Көлік
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобанын ашу;
Тауар айналымын ұлғайту.
Сумен қамтамасыз ету және су бөлу
Жеткілікті қаржыландыра отырып облыстың барлық аудандары мен облыс орталығы Тараз қаласын ауыз сумен сапалы қамтамасыз ету.
Жылумен қамтамасыз ету
Бюджеттік ресурстармен қарқынды қаржыландыра отырып магистралдық және ішкікварталдық жылу желілерін қайта жаңғырту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу;