Бәсекеге қабілетті өнімнің кең құрамын шығаратын өндірісті дамыту;
Шекара маңы инфрақұрылымын дамыту;
Кедендік одаққа қатысудан ашылатын өнімді экспорттау мүмкіндігі;
Балама энергия көздерінің технологияларын дамыту.
Ауыл шаруашылығы
СДО құру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды ірілендіру, бұл экспорттық әлеуетті ұлғайтуға мүмкіндік береді;
Агроөнеркәсіп кешенін индустриаландыру;
Егіс алқабының құрылымындағы жоғары рентабельді дақылдардың үлесін арттыру;
Мал табынындағы өнімділігі жоғары асыл тұқымды малдың үлесін ұлғайту;
Ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету жүйесін жасау;
Ауылдық несиелік серіктестіктер мен ауылдық тұтыну кооперативтерінің желісін кеңейту.
Шағын және орта кәсіпкерлік
Облыстағы шағын бизнестің басымда жобаларын одан әрі тұрақты несиелеуді қамтамасыз ету;
Франчайзинг және аутсорсинг принциптерінде ірі кәсіпорындар маңайындағы шағын бизнес кәсіпорындарын дамытуды ынталандыру;
Шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамытуға арналған әлеуеттің болуы;
Нарықтағы сұраныстар мен ұсыныстар, бәсекелестер, шикізат жеткерушілер, дайын өнімді өткеру мүмкіндіктері және сатып алуларға қатысу туралы ақпараттар банкін жасау;
Шағын кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту.
Бәсекелестікті дамыту
Анықталған жоқ.
Сауда
Халыққа көрсетілетін қызметтер номенклатурасын кеңейту және қызметтердің заманауи түрлерін дамыту;
Қызметтер саласының экономиканы дамытудағы ролі мен орнын толық ауқымда зерттеу кәсіпкерлердің осы салаға назар аударуын арттырып, облыс экономикасының сервистік-технологиялық дамуының алғышарттарын қалыптастыруға мүмкіндік берген болар еді.
Білім беру
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 100%-ға жеткізу мақсатында заманауи мектепке дейінгі мекемелер және шағын орталықтар құрылысын салуды бюджеттік және жеке қаржыландыруды кеңейту;
Жұмыс істеуі және тұруы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында жас мамандарды мектепке дейінгі білім беру саласына, оның ішінде ауылдық жерлердегі, тарту және қолдау;
Мектеп оқушыларының санын 1 компьютерге 1-2 балаға дейін келетіндей етіп азайту және мектептердің компьютерлік техникамен жарақтандырылу деңгейін жоғарылату және кең жолақты Интернетке қосылуын 100% жеткізу мақсатында орта білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын күшейтуге байланысты шығыстарды бюджеттік қаржыландыруды кеңейту және қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;
Мектептерді ыңғайландырылған жайларда орналастыру дағдысын жою, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау мақсатында заманауи орта білім беру объектілерін салу саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту;
Жас педагог кадрлардың өз ісіне шынай берілуін және ауылдық жердегі елді мекенге орнығуын ынталандыру;
Облыста техникалық және кәсіптік білім беру жаңа оқу орындарын және жатақханалар салу есебінен қолжетімділікті кеңейту;
Білім жүйесінің кәсіпорындар және ұйымдармен тығыз байланысын білдіретін, сондай-ақ даярланған мамандардың жұмысқа орналасу мәселелерін шешетін корпоративтік білім беру принциптерін ендіру;
Білікті кадрлардың ауылдық аудандардағы кәсіптік білім беру жүйесіне ағылуын ынталандыру;
Нарықтың техникалық және қызмет көрсетуші кадрларға сұранысын анықтау жөнінде мониторингтің сапасын арттыру;
Мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту арқылы жастардың техникалық және кәсіби білімге қолжетімділігін кеңейту.