Программа развития Жамбылской области


Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен мемлекеттік қолдау көрсету 2 басымдық бойынша іске асырылады



бет68/101
Дата06.02.2022
өлшемі4,56 Mb.
#79269
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   101

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен мемлекеттік қолдау көрсету 2 басымдық бойынша іске асырылады.

Республикалық бюджеттен 2013 жылға инженерлік инфрақұрылымдды дамытуға (2-ші басымдық) 1730 млн. теңге нысаналы трансферттер, жоғары және орташа даму әлуеті бар ауылдық елді мекендерді жайластыру шараларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды мемлекеттік қаржылай қолдауға (4-ші басымдық) – 512,8 млн. теңге бөлінген.

2-ші басымдықтың аясында 1 инвестициялық «Жамбыл облысы Талас ауданы Талас өзенінің арнасын реттеу үшін және су ағызуды қалпына келтіру мақсатында су құрылымдарын қайта жаңғырту» жобаны іске асыруына республикалық бюджеттен 229 млн. теңге, жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруға 16,9 млн. теңге бөлінген.


4-ші басымдық аясында Жұмыс тобымен облыс бойынша 240 жобасы іске асыруға іріктеліп алынған. 2013 жылдың 8 айында жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен нақты 268,8 млн. теңге, немесе жоспардың 65,0%-зы игерілген. 168,9 млн. теңгеге 121 іс-шаралар іске асырылды.

Сонымен қатар, облыста 2012-2020 жылдарға арналған бір салалы шағын қалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру аясында Жаңатас және Қаратау бір салалы шағын қалаларын дамытудың кешенді жоспарлары әзірленген және тиісті аумақтардың мәслихат шешімдерімен бекітілген.


2012 жылы Бағдарлама аясында Қаратау қаласына 106,9 млн. теңге бөлініп, «Даңқ» монументін және Жастар бағын абаттандыру, қалаға кіреберісті және Желтоқсан-Качесов, Пушкин, Шахтер, Алтынсарин көшелерін жарықтандыру, Қаратау қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны қоршауын ағымдағы жөндеу аяқталды.
Жаңатас қаласына 82,9 млн. теңге бөлініп, Бейбітшілік, Жібек жолы көшелерінің өоршауларын және тратуарларын, Тәуелсіздік саяжолын, Әулие-ата қақпасы мен көшесі қоршауын жөндеу жүргізілді.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасының шеңберінде 2013 жылы Жаңатас қаласының нысандарын жаңғыртуға және жайластыруға 591,2 млн. теңге, 2014 жылы 520,1 млн. теңге, кәсіпкерлікті дамыту шараларын іске асыруға 69,4 млн. теңге, 2014 жылы 56,7 млн. теңге бөлініп, игерілді.
Қаратау қаласының инженерлік инфрақұрылымдарын жаңғыртуға 2013 жылы 417,6 млн. теңге, 2014 жылы 393,6 млн. теңге, көріктендіру мәселесін шешуге 2013 жылы 201,5 млн. теңге, 2014 жылы 111,0 млн. теңге және жеке кәсіпкерлікті дамытуға 2013 жылы 92,37 млн. теңге, 2014 жылы 113,8 млн. теңге бөлініп, игерілді.
Президенттің ЖӨӨ-нің 7 пайыздық өсімін қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын іске асыру аясында облыстың қолда бар агро-өнеркәсіптік және туристік әлуетін тиімді пайдалануға мақсатталған жобаларды іске асыруды көздейтін экономика өсімінің резервтерін пайдалану бойынша іс-шаалар жоспары әзірленді.
2013 - 2015 жылдары облыстың әлеуметтік-экономикалық саясаты:
- экономиканы жаңғырту және әртараптандыру, тарифтік саясатты жетілдіру, бәсекелестікті қорғау және бизнес-климтты жақсарту, инвестициялық қызметті белсендіру арқылы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге;
- нақты еңбек өнімділігіне ерекше мән бере отырып, халықтың тұрмысын және өмір сүру сапасын арттыруға, жаппай әлеуметтік асырауды жоюға және орта кластың жағдайын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жаңғыртуды жүргізуге;
- мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет