Программа развития Жамбылской области


Мақсат 4.1.4.: ШОБ және сауданы дамыту



бет79/101
Дата06.02.2022
өлшемі4,56 Mb.
#79269
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101
Мақсат 4.1.4.: ШОБ және сауданы дамыту



Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011
(нақты)

2012
(нақты)

2013
(нақты)

2014
(жоспар)

2015 (жоспар)

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымының жалпы көлемінің индексі

%

-

-

-

-

101,0

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

%

141,0

111,0

122,3

114,0

98,3

Міндет 4.1.4.1. Кәсіпкерлік секторды дамыту

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіруі

млн. теңге

-

-

-

-

241500,0

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің үлесі

%

-

-

-

-

49,0

Міндет 4.1.4.2. Сауданы дамыту

«Бөлшек сауда» қызметі түрімен сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда объектілерінің санын ұлғайту

бірлік

-

-

-

-

1

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, аудан және Тараз қаласы әкімдері


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Облыста шағын және орта бизнес субъектілері қызметіндегі әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша жұмыс жалғасатын болады. Бұл бағытта дөңгелек үстелдер, кездесулер, оқу семинарлары өткізілетін болады, кәсіпкерлік субъектілері үшін рұқсат қағаздарын (құжаттарын) қайта қарау және түгендеу жұмыстары жалғасатын болады. Жыл сайын «Жамбыл облысының үздік тауары» атты аймақтық конкурс өткізу жоспарлануда. Аймаққа инвестицияны тарту мақсатында әлеуетті инвесторлар мен облыстың бизнес қауымдастықтың қатысуымен жыл сайын Бизнес Форум өткізу жоспарлануда.
Келесі шараларды өткізу жоспарлануда:
1) 2015-2019 жылдарға арналған үдемелі индустриялдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өндірісті модернизациялауға және кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдау;
2) бизнес үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің жүйелі жұмысын жалғастыру;
3) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық даму институттарының қаржылары есебінен несиелеу;
5) кәсіпкерлер форумдарын, отандық тауар өндірушілер жәрмеңкелерін өткізу;
6) кәсіпкерлермен түсіндіру семинарларын, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін буклеттер және әдістемелік құралдар шығару;
7) жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында өңірлік нарықтар, тауарлар мен қызметтерге сұраныстар туралы ақпарат жинауды, талдауды және жариялауды ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет