Программа развития Жамбылской области


-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.)



бет78/101
Дата06.02.2022
өлшемі4,56 Mb.
#79269
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   101
1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2015 ж.): Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің жоспарланған өсіміне жету рентабелді ауылшаруашылық дақылдарын енгізу басымдылығы есебінен (оның ішінде майлы дақылдар, қант қызылшасы, картоп, көкөністер егу алаңын ұлғайту); көктемгі егіс және жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу; егін егу кезеңінде іріктелген тұқымды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды пайдаланатын егін алқаптарын кеңейту; «бос пайдаланбай жатқан» жерлер есебінен егіс алаңын кеңейту (ирригация, дренаж, мелиорация және басқа гидротехникалық іс-шаралар); ылғалды ресурсты үнемдеу технологиясын барлық аудандарда пайдалану (оның ішінде тамшылатып суару, нөлдік технология және т.б.); көпжылдық көшеттерді тиімді пайдалану; қант өңдеу үшін жергілікті шикізатты жеткізу үлесін кеңейту; көкөніс сақтау қоймасы және жылыжай құрылысы; ауыл шаруашылығында прогрессивті және тиімді ғылыми әзірлемелерді пайдалану; мал шаруашылығының жалпы көлеміндегі асыл тұқымды үйірдің үлесін арттыру (жылсайын 0,1-1,5%); асыл тұқымды мал шаруашылықтарының санын арттыру (жылсайын 1-2 бірлікке); қолдан ұрықтандыру пунктерін тиімді пайдалану; жеке сектордағы МІҚ малды қолдан ұрықтандырумен қамтуды 0,5%-ға дейін арттыру; биязы жүнді қой шаруашылығының сапасын арттыру жұмыстарын жүргізу; жылсайын аудандарда сүттік-тауарлы фермалардың санын өсіру; бордақылау алаңдарын кеңейту және ұйымдастыру, аудандарда және ірі елді мекендерде типтік сою пунктерінің құрылысын жүргізу; аудандарда ветеринарлық алдын-алу жұмыстарын жүргізу; ет өнімдерінің экспорт көлемін арттыру; аудандарда жем зауыттарын және цехтарын салу; жемдік базаны жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізу; өңдеу өнеркәсібі цехтарының қуатын тиімді пайдалану, «Фабрика ПОШ» ЖШС-нің өнімін экспорттау мүмкіндігін пайдалану (ТОПС, жыл сайын 800 және тоннадан астам); «Тараз» ӘКК мүмкіндіктерін пайдалану («Тараз» ӘКК қатысу үлесі өнім өңдеудің жалпы көлемінде 10%-дан жоғары құрау керек); ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге қызмет көрсетуде АТК және СДО механизмін тиімді пайдалану; ауыл тұрғындарына шағын несие беруді арттыру (жылсайын 3-5%-ға дейін); аудандарда және елді мекендерде ауыл шаруашылық емес бизнесті дамыту; мемлекеттік бағдарламаларды және ауыл шаруашылығын қолдау инструменттерін, сонымен бірге республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген субсидияны тиімді пайдалану.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешені субъектілірінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша АӨК-нін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнесс-2020» Бағдарламасы әзірленді, ол екі кезеңде іске асырылады: 1-кезең (2013-2015 жылдар) АӨК-і субъектілерін қайта құрылымдау жолымен қаржылық сауықтыру, қайта қаржыландыру, сондай-ақ АӨК-і субъектілерін қаржыландыру, инвестициялық және пилоттық жобалардың пулын қалыптастыру, өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге енгізу үшін прогрессивті агротехнологиялар пулын қалыптастыру; 2-кезең (2016-2020 жылдар) - ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін кеңейту, барлық негізгі тамақ өнімдері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайту, экспорттық әлеуетті жүзеге асыру, еңбек өнімділігін ұлғайту, ҚР АӨК-нің өндірістік және қайта өңдеу салаларының әлеуетін игеру.
2014 жылдың 14 ақпанында жыл қорытындысы бойынша өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде берілген Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен 2014 жылдың 23 мамырында табиғи-климаттық жағдайды, өткеру нарығының барлығымен өңірлердің даму әлеуетін есепке ала отырып, ауыл шаруашылығының нақты өнімдерінің түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығының жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандыру схемасы бекітілді.
Аталмыш схема агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Осыған байланысты, Схемада ұсынылмаған ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялауды кезеңімен тоқтату қажет.
Схемаға сәйкес ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялауға кезеңімен көшу өңірлердің аудандар бөлінісінде 2017 жылдан 2019 жылға дейін ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялау мамандандыру Схемасына 50%-ға сәйкестендіруді, ал 2020 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялау мамандандыру Схемасына толық сәйкестендірілуді қарастырады.
Мал басы сапасын жақсарту жұмыстарын үйлестіру, аймақта мал шаруашылығының тиімділігін арттыру және экспортқа шығарылатын ет өнімдерінің сапасына бақылау жасау үшін облыста МІҚ ақпараттық-талдау жүйесі (АТЖ) енгізілетін болады.
2015 жылы индустриаландыру Картасының аясында «Әулие-Ата феникс» ЖШС – құс фабрикасын қайта құру және өндірісті жаңғырту инвестициялық жобасын іске асыру жоспарлануда.
Жамбыл облысы экономикасының өсу резервтерін қолдану жөніндегі іс-шаралар жоспарының «Ауыл шаруашылығын дамыту» бөлігінде 2015 жылы ауыл шаруашылығына бағытталған жерлер алқабын кеңейтуге, қатысты 10 іс-шара жоспарланып отыр, «Құлан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2000 бас жылқы сатып алу, «Алтын асық» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 16000 бас қой сатып алу, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобаны бойында шағынмаркет және тамақтану пункттері бар отбасылық сүт-тауарлық фермаларды дамыту, облыстың Шу ауданында жеміс-көкөніс кластерін құру, жем-шөп өндірісі бойынша шаруашылықтарды, астық және жеміс-көкөніс өнімдерін сақтайтын кәсіпорындарды, жайылым жерлеріне сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын құру және кеңейту, өнімді бау-бақша отырғызу, ет өңдеу кәсіпорындарының құрылысы бойынша 10 іс-шара жоспарланған.
Облыс тұрғындарын уақытылы және үздіксіз сапалы жергілікті көкөніс және жеміс-жидекпен қамтамасыз ету үшін 2015 жылы «Байсейiт би» ЖШС-гі сыйымдылығы 200-ден 10000-тоннаға дейін өнім сақтайтын көкөніс қоймасының құрылысы бойынша инвестициялық жоба жоспарлап отыр, құны 167,1 млн.теңге, 16 жаңа жұмыс орындары ашылады.
Ауыл шаруашылығы саласында 2015 жылы «ҚазАгро»ҰБХ» АҚ-на ұсыну үшін жалпы сомасы 2,7 млрд. теңгеге жуық 6 жоба әзірленді (сүтті тереңдете өңдеу бойынша - 1, жылыжай кешенін құру бойынша - 1, су үнемдеу технологиясы бойынша - 3, құс етін қайта өңдеу бойынша - 1). Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде қосымша 310 тонна сиыр етін, 3,5 мың тонна құс етін, 11 мың тонна сүт және 5 мың тонна көкөніс өнімдерін алуға болады, бұл 2015 жылы ет өңдеу үлесін 34,0%-ға, сүтті – 46,0%-ға, жеміс және көкөністі – 8,0%-ға артыруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет