Мақсат 4.2.2.: Облыстың тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін облыс халқының денсаулығын нығайту
Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер
|
өлшем бірлігі
|
1 кезең
|
2 кезең
|
2011 (нақты)
|
2012
(нақты)
|
2013 (нақты)
|
2014 (жоспар)
|
2015 (жоспар)
|
Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл
|
жыл
|
69,23
|
69,53
|
69,73
|
69,99
|
70,41
|
Міндет 4.2.2.1. Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру
|
1.2. Дәрігер кадрларына тапшылықты төмендету, адам
|
адам
|
254
|
201
|
216
|
176
|
115
|
3. Бірегей төлеуші жүйесіндегі стационарлық көмек тұтынушысы деңгейін төмендету
|
Төсек-күн
|
-
|
-
|
1250
|
1172
|
1170
|
Міндет 4.2.2.2. Өмір сүру ұзақтығының артуын қамтамасыз ету
|
Ана өлімінің азайюы
|
100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда
|
26,2
|
18,7
|
14,8
|
14,14
|
17,6
|
Нәресте өлімінің азайюы
|
100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда
|
14,84
|
13,46
|
12,8
|
12,2
|
10,2
|
Балалар өлімін
(0 жастан 5 жасқа дейін)
|
1000 тірі туылған балаға шаққанда
|
18,58
|
15,4
|
15,2
|
15,0
|
12,6
|
Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім
|
100 мың тұрғынға шаққанда
|
291,75
|
220,0
|
208,0
|
204,60
|
227,46
|
3.5. Қатерлі ісік ауруларынан өлім
|
100 мың тұрғынға шаққанда
|
93,32
|
99,2
|
94,2
|
92,8
|
88,02
|
3.6. Туберкулезден өлім деңгейін тқмендету, 100 мың тұрғынға шаққанда
|
100 мың тұрғынға шаққанда
|
6,6
|
6,7
|
5,4
|
5,3
|
4,1
|
3.7. ВИЧ-инфекцияның таралуын ұстап тұру (15-49 жас аралығында) 0,2-0,6% шамасында
|
%
|
0,1
|
0,015
|
0,2
|
0,25
|
0,13
|
Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
|
Міндет 4.2.2.1. Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыруға қол жеткізу жолдары (2015 ж):
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмекке қол жетімділікті және оның сапасын қамтамасыз ету мақсатында келесі шаралар іске асырылады:
- дәрігерлердің, орташа медицина қызметкерлерінің, ауылдық дәрігерлердің біліктілік деңгейін жоғарылату;
- ЖОО-ның түлектерімен келісім шартқа тұру;
- жас мамандарды ауылдық жерге тарту мақсатында қосымша көшерақы төлеу;
- дәрілерді шетелде оқыту;
- түпкілікті нәтижеге негізделген, қызметкерлердің жұмысын ынталандыру жүйесін қолдану;
- стационарды алмастыратын диагностикалық және емдік технологияларды енгізу, кеңейу және жетілдіру;
- қашықтан телемедициналық кеңестік-диагностикалық көмек көлемін арттыру;
- стациоарлық, кеңестік-диагностикалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың жұмыс сапасын жетілдіру;
- күндізгі және үйдегі стационар желісін арттыру.
Міндет 4.2.2.2. Өмір сүру ұзақтығының артуын қамтамасыз етуге қол жеткізу жолдары (2015 ж):
Халықтың өмір сүру ұзақтығына қол жеткізу мақсатында келесі іс-шаралар қарастырылады:
- босануға көмек беретін ұйымдарында аналар өліміне және акушерлік асқынуда қатерлі жағдайларға жасырын аудит жүргізу;
- отбасын жоспарлау кабинеттері жұмысын жетілдіру;
- әйелдердің экстрагениталдық патологиясын төмендету, оның ішінде скринингтік тексерулер кезеңінде ауруларды ерте сатыда анықтауды арттыру;
- нысаналы топтағы әйелдерді контрацептивтермен қамтамасыз ету;
- жүкті әйелдерді қауіпсіз аналық принциптеріне үйрету (12 апта мерзіміне дейін, әйелдердің жүктілік бойынша есепке тұруының үлес салмағын арттыру);
- туа біткен даму кемтарлығының үлес салмағын азайту;
- жаңа туғандардың хирургия қызметін дамыту;
- скринингтік-зерттеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және 2015 жылы облыс тұрғындар санының 30 пайыздан кем емес скринингтік тексеруден өткізуді қамтамасыз ету;
- жатыр мойны және сүт безі қауіпті ісігін, қан айналымы, эндокринологиялық ауруларды, үлкендер мен балалардың қауіпті топтарында В және С гепатиті, глаукома, есту мүшесі ауруларын айқындау үшін скрининктік зерттеу жүргізу, сондай-ақ асқазан мен өтке скрининктік зерттеу тізбесін кеңейту;
- АГ, ИБС, қант диабетін қан құрамындағы холестерин және глюкозаны анықтау жолымен ерте бастан ересектердің дәрігерлік кабинеттеріне дейін тексеру жүргізу;
- облыстық медициналық ұйымдарында көрсетілетін жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерінің тізбесін кеңейту;
- аритмологияны қоса алғанда кардиоинтервенциялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту;
- ВИЧ жұқпасының қауіп-қатерге түскен адамдарды байланыстан кейнгі профилактикасымен қамтамасыз ету;
- ПИН, СР, МСМ бағдарламамен шприцтерді алмастыру, ВИЧ жұқпасын алдын алу мақсатында мүшеқаптармен қамтамасыз ету, стационарлық және мобильдік сенім пунктерінде және серіктестік кабинеттерінде;
- ПИН, СР, МСМ әлсіз жастар үшін серіктестік кабинеттерінде, сенім пунктерінде ВИЧ жұқпасына экспресс диагностика жүргізу;
- тілек білдіргендерді ПИН, СР.МСМ және бас бостандығынан айырылған адамдарды сапалы мүшеқаптармен қамтамасыз ету;
- қамау орындарында ВИЧ жұқпасын алдын алу бағдарламаларын іске асыру және қамау орындарынан босатылатын адамдар үшін әлеуметтік қолдау бағдарламаларын жүргізу. ҮЕҰ ВИЧ/СПИД қамау орындарында қарсы күрес үшін потенциалын дамыту;
- ВИЧ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізу;
- СӨС насихаттау, СӨС қалыптастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
- Аурулардың алдын алу мәселелері және СӨС қалыптастыру бойынша ақпараттық білім материалдарын әзірлеу және тарату;
- онкологиялық науқастарды таргенттік дәрі дәрмектермен қамтамасыз ету;
- қатерлі ісік алғаш рет анықталған науқастарды арнайы ісікке қарсы дәрмектермен қамтамасыз ету;
- туберкулезбен ауыратын науқастарды туберкулезге қарсы дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету;
- пилоттық жобаны енгізу шеңберінде туберкулезбен және оның көптеген дәріге көнбейтін нысанымен ауратын науқастарды амбулаториялық жағдайда, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсете отырып емдеу;
- көмек көрсету деңгейіне сәйкес материалдық-техникалық базаны жақсарту, балалар және бала босану ұйымдарын осы заманғы медициналық жабдықпен жабдықтандыру;
- медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту (медициналық жабдық сатып алу, объектілерді күрделі жөндеу, салу);
- жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық – техникалық базасын нығайту (автокөлік және жабдық сатып алу);
- мемлекеттік кәсіпорындарды (МК) шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға (ШЖҚК) кезеңімен ауыстыру;
Достарыңызбен бөлісу: |