Программа сы павлодар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Дата08.06.2018
өлшемі144,5 Kb.
#41948
түріПрограмма

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Математика және информатика» кафедрасы

6М060200Информатика мамандығы бойынша
ОҚУҒА ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ПРОГРАММАСЫ

Павлодар





Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті




Бекітемін

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры

___________ А.А. Өрсариев

(қолы)


«___»_____________201__ж.



6М060200Информатика мамандығы бойынша
ОҚУҒА ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ПРОГРАММАСЫ
Программа ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылы 19 қаңтар №109 қаулысымен бекітілген ЖОО кейінгі білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын орындайтын білім мекемелерінде оқуға қабылдаудың типтік ережелері негізінде әзірленген.

Құрастырушылар: _________ МжИ кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Оспанова Н.Н.,

_________ МжИ кафедрасының профессоры, п.ғ.к., доцент Асаинова А.Ж.

Математика и информатика кафедрасы

«Математика және информатика» кафедрасы отырысында ұсынылды, №____ хаттама, «___»__________2016 ж.

Кафедра меңгерушісі ________________ Оспанова Н.Н. «____» ________2016 ж.


ФМжАТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«_____»______________2016 ж. №____ хаттама

ОӘК төрағасы ________________ Жуспекова Н.Ж. «____» ________2016 ж.



КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы ________________ Испулов Н.А. «____» _________2016 ж.


1 Емтиханды өткізу мақсаттары мен міндерттері
Оқуға түсу емтиханының мақсаты магистратурға түсуге неғұрлым дайын үміткерлердің ішінде оқуға деген білім дегейлері мен мотивацияларын анықтау болып табылады.

Түсу емтиханының міндеттері:



  • үміткерлердің мамандық бойынша құзырлылықтарын анықтау;

  • оқуға деген ынталарын және болашақ кәсіби қызметтеріне деген ынталарын айқындау;

  • болашақ магистранттың магистратурадағы оқуға деген ғылыми, өндірістік және инновациялық қызметтерінің дайындығын айқындау.



2 Емтиханды өткізу формасы және ұйымдастыру
Оқуға түсу емтихандары ҚР БжҒМ бекіткен мерзімге және түсу емтихандарын өткізу кестесіне сәйкес жүргізіледі. Мамандық бойынша оқуға түсу емтиханы кешенді емтихан болып табылады және көп тілдік білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде үш тілдің бірінде (қазақша, орысша, ағылшынша) аралас формада өткізіледі (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу + питч).

Емтиханды өткізудегі барлық шаралар бейне камераға жазылады.

Емтиханды өткізу уақыты:

Компьютерлік тестілеу - 45 минут (30 сұрақ, 1 сұраққа 1,5 минут);

Жазбаша емтихан – эссе (30 мин);

питч – сөйлеуге 2-3 мин, сұрақ-жауапқа 2 мин.

Магистратураға түскісі келетін барлық үміткерлер компьютерлік тестілеуден өтеді, емтиханның 2-ші кезеңі модульдік білім беру бағдарламасында жоспарланған білім беру траекториясына сәйкес өткізіледі.

Оқытудың 2 траекториясы жоспарланған.






Оқыту траекториясының атауы

Емтиханды қабылдау формасы

1

зерттеу

аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе))

2

кәсіпкерлік (Start Up - магистратура)

аралас (компьютерлік тестілеу + питч)


Аралас формада (компьютерлік тестілеу + жазбаша) емтиханды қабылдау келесі кезеңдерден тұрады:

- компьютерлік тестілеу – мамандық бойынша 30 вопросов, кәсіби қызметімен байланысты сұрақтар бойынша үміткерлердің құзырлылықтарын анықтау;

- жазбаша бөлімі - эссе, оқуға және ғылыми-зерттеу қызметіне деген ынтасын анықтау.

Аралас формада (компьютерлік тестілеу + питч) емтиханды қабылдау:

сұрақ-жауап питч (презентация арқылы баяндама – 3 минутей және 2 минут комиссияның сұрақтарына жауап), ақпараттық технологиялар саласында стартап-жоба идеяларын, оны жүзеге асырудың техникалық мүмкіндіктері мен коммерциялық мақсатын анықтау.



Қабылдау комиссиясының құрамы және қызмет саласы. Мамандық бойынша түсу емтиханы университет ректоры бекіткен қабылдау комиссиясымен қабылданады. Қабылдау комиссиясының құрамы төраға және 3-тен кем емес мүшелерінен тұрады, олардың екеуі ғылым докторлары болуы керек. Комиссия жұмысына факультет деканы, университеттің арнайы кафедралары, бизнес-қауымдастықтың өкілдері және комиссия хатшысы қатысады.

Комиссия қызметінің саласына кіреді:



  • үміткерлердің мамандық бойынша құзырлылықтарын анықтау;

  • оқуға деген ынталарын және болашақ кәсіби қызметтеріне деген ынталарын айқындау;

  • болашақ магистранттың магистратурадағы оқуға деген ғылыми, өндірістік және инновациялық қызметтерінің дайындығын айқындау.

Түсу емтиханын тапсыру алдын ала бөлінген компьютерлік залда және бейне жазба мүмкіндігі болатын бекітілген аудиторияда қабылдау комиссиясының жартысынан көп болғанда өткізіледі.

Емтиханды өткізу тәртібі:

- үміткер емтиханға сәйкес кестеге белігленген аудиторияға белгіленген уақытта келуі керек;

- қабылдау комиссиясының рұқсатымен үміткер компьютерден жұмыс орнын/жауаптар парағын алады;

- жауаптар парағында үміткер өзінің аты-жөнін немесе аты-жөнінің кодын, мамандығын және оқу траекториясын жазады;

Эссе үшін:

- 30 минуттың ішінде үміткер эссені жазады (жауаптар жинақы болуы керек, қажет болса графиктерді, формулаларды, схемаларды және т.б. пайдалануға болады;

- жауаптар 3-4 беттен аспау керек;

- үміткер жауап парақтарының әр бетіне қолын қояды және қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады;

- питч кестеге сәйкес аудиторияда өтеді. Питч тапсырудың форматы: үміткер 3 минуттың ішінде баяндамасын баяндайды, содан соң 2 минут қабылдау комиссиясының сұрақтарына жауап береді. Үміткерлердің питчтерін объективті бағалау мақсатында аудиторияда тек бір ғана үміткер қабылданады.


3 Білімдерін бағалау тәртібі
Қабылдау комиссиясының мүшелері үміткерлердің білімдері мен потенциалдарын балл-рейтингілік жүйеде бағалайды.

Кешенді емтиханды тапсыру барысында білімдерін бағалау шешімі қабылдау комиссиясының жабық отырысында ашық түрде дауыс беру арқылы шығарылады. Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының төрағасының дауысы шешуші дауыс болып саналады.

Комиссияның барлық отырыстары хаттамамен рәсімделеді. Хаттаманы хатшы толтырады, хатшы шығарушы кафедраның оқытушылар құрамынан комиссия құрамына тағайындалған оқытушы болып табылады. Хаттамаларға білім бағалары, қабылдау комиссиясының ерекше пікірлері және т.б. жазылады.

Кешенді емтихан нәтижелері емтихан күні университеттің ақпараттық қабырғаларына ілу арқылы жарияланады.

Бағасымен келіспейтін үміткер ережелерге сәйкес апелляцияға беруге құқылы.
4 Білімдерін бағалау критерийлері

Баға 100 балдық жүйеде анықталады. Оқуға түсу емтиханының қорытынды бағасы төмендегі кестеге сәйкес балдық жүйеде есептеліп, сандық эквивалентке, әріптік және дәстүрлі бағаға аударылып, емтихан тізімдемесіне енгізіледі.




Балмен берілген қорытынды баға (Қ)

Баллдарың сандық эквиваленті (С)

Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Дәстүрлік жүйеде баға (Д)

Экзамен, диф. зачет

Зачет

95-100

4

А

Өте жақсы

есептелді

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Есептелген жоқ


5 Эссе және оны жазу әдістемесі
Тапсырма (сөздерің максималды саны - 300):

Сіз магистратурадағы оқу барысында өзіңіздің болашақ ғылыми-зерттеу қызметіңізді қалай көресіз?

Эссе құрылымы А қосымшасында келтірілген.



Эссе жазу әдістемесі

Эссе – үлкен емес көлемдегі және еркін композициядағы прозалық шығарма.

Эссе автордың нақты пән бойынша жеке көзқарасын білдіреді және тақырыптың түбегейлі немесе анықталған баяндамасы бола алмайды. Көлемі мен қызметі бойынша бір жағынан ғылыми мақала мен әдебиеттік очерк болса, екінші жағынан философиялық түйіндеме ретінде қарастырылады. Эсселік стильге бейнелік, ассоциациялар қозғалысы, афористика мен антитетикалық ойлау, ашықтыққа және сөйлесу интонациясына беру қасиеттері сәйкес келеді.

Жалпы түрде эссе бірнеше бөліктен тұрады:

- мәселе қозғалатын кіріспе (мәтін көлемінің 10 % );

- негізгі бөлім, нақты сұрақ бойынша автор өзінің көзқарасын білдіретін бөлім (мәтін көлемінің 80 %);

- қорытынды, бұл бөлімде автор өзінің эссесінің жинақы қорытындысын келтіреді (мәтін көлемінің 10 %).

Эссе 1-ші жақта жекеше түрде жазылады. Мәтінді түсіну үшін мәтіннің мағыналық бөлімдері абзацтармен бөлінеді, жаңа ой жаңа жолдан бастап жазылады.

Эссе жазу бойынша дайындық үшін қосымша арнайы әдебиеттермен немесе эссе жазу әдістемесі бойынша нұсқаулармен танысу керек.
6 Питч және оны жазу әдістемесі
Тапсырма:

Өзіңіз таңдаған салада стартап-жоба идеяңызға презентация жасаңыз.

Питч құрылымы В қосымшасында келтірілген.



Питч жазу әдістемесі

Питч (Питчинг, pitch, pitching) потенциалды сатып алушының қызығушылығын таныту немесе қаржыландыру көзін табу үшін, сондай-ақ өзінің сценарийін сату мақсатында қысқаша сөзбен берілген (кей кезде визуалды) презентация. Негізі питч 5-10 сөйлемге дейін болуы керек (5 минутқа дейін).

сұрақ-жауап питч (презентация арқылы баяндама – 3 минутей және 2 минут комиссияның сұрақтарына жауап), ақпараттық технологиялар және жүйелер саласында стартап-жоба идеяларын, оны жүзеге асырудың техникалық мүмкіндіктері мен коммерциялық мақсатын анықтау.

Птич дайындау үшін қосымша арнайы әдебиеттермен немесе питч жазу әдістемесі бойынша нұсқаулармен танысу керек.

7 6М060200 – Информатика мамандығы бойынша түсу емтиханына кіретін пәндер тізімі
7.1 Алгоритмдер және деректер құрылымы

7.2 Тілдер және бағдарламалау технологиялары

7.3 Мәліметтер қорының теориясы
8 Пәндер бойынша тақырыптар тізімі
Пән: Алгоритмдер және деректер құрылымы

1. Алгоритм. Алгоритмді анализден өткізу принциптері

2. Деректер түрлері мен құрылымы

3. Тізбектерді өңдеу алгоритмы. Сұрыптау алгоритмдері.

4.Іздеу алгоритмдері.

5. Алгоритмді анализдеу принциптері.

6. Бағдарламалаудың әдістері мен технологиясы.
Пән: Тілдер және бағдарламалау технологиялары

1. Процедуралық, логикалық, функционалдық және объектіге бағытталған бағдарламалау.

2. Деректерді өңдеу және сақтаудың тиімді тәсілдері.

3. Объектіге бағытталған бағдарламалаудың әдіснамасы.

4. Бағдарламалық қамсыздандыруды жобалау.

5. Қолданушы интерфейсі.

6. Бағдарламалық қамсыздандыруды тестілеу. Сенімділік. Верификация. Компиляция.
Пән: Мәліметтер қорының теориясы

1. Деректерді ұсынудың негізгі ұғымдары.

2. Деректер қорын басқару жүйесі. Негізгі функциялары мен механизмдері.

3. Көп-қолданушылар ДҚБЖ-сын жүзеге асырудағы архитектуралық шешімдер

4. Деректер және деректер қоры жайлы әртүрлі ұсынымдар .

5. Деректер қорын жобалау.

6. SQL тілі. Деректер қорын құру және онымен жұмыс.

7. Сұраныс құру.

8. Реляционды алгебра.

Әдебиеттер
1. Архангельский А. Я. Язык С++ в С++ Builder 5 : справ. пособие. -М. : Бином, 2000. -224 с.

2. Дузельбаева А. С. и др. Языки и основы программирования Ч. 1 : ПГУ им. С.Торайгырова, 2002. - 136 с.

3. Юркин А. Г. Задачник по программированию : учебник. -СПб.: Питер, 2002. -192 с.

4. Секунов Н. Самоучитель Visual C++. NET. - СПб : БХВ-Петербург, 2002. - 736 с.

5. Голицына О. Л., Попов И. И. Основы алгоритмизации и программирования : учеб. пособие. -М. : Форум, 2002. - 432 с.

6. Дузельбаев С. Т. и др. Языки и основы программирования Ч. 2 : ПГУ им.С.Торайгырова, 2003. - 142 с.

7. Культин Н.В. C/C++ в задачах и примерах. - СПб. : БВХ-Петербург, 2003. . - 281 с.

8. Культин Н. В. Turbo Pascal в задачах и примерах. - СПб. : ВХВ-Петербург, 2002. -256 с.

9. Мамаев Е. В. Администрирование MS SQL Server 7.0. -СПб. : БХВ, 2000. - 489 с.

10. Грофф Дж. SQL [Электронный ресурс] : энциклопедия: наиболее полное и подробное руководство. -3-е изд. - СПб. : Питер, 2003.

11. Аллен К. 101: Oracle PL/SQL: ЛориЛори, 2001. -350 с.

12. Гарсиа-Молина Г., Ульман Д. Д. Системы баз данных: Полный курс. - М. : Вильямс, 2004. - 1083 с.

13. Кузина И. В. Методические рекомендации по написанию эссе/ И.В. Кузина [электронный ресурс]. - Режим доступа: http://pionerov.ru.

14. Методические рекомендации по написанию эссе [электронный ресурс]. – Режим доступа: http://elib.bsu.by.

15. Методические рекомендации по написанию ЭССЕ [электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.lyceum130.ru.

16. Сычева, Т.Е. Структура эссе / Т.Е. Сычева [электронный ресурс]. – Режим доступа: http:// ipk.khakasnet.ru


А қосымшасы

(Эссе құрылымы)


Тапсырма (сөздерің максималды саны - 300):

Сіз магистратурадағы оқу барысында өзіңіздің болашақ ғылыми-зерттеу қызметіңізді қалай көресіз?


  1. Аты-жөні / Аты-жөнін кодтау

  2. Негізгі білім (мамандық)

  3. Предполагаемая тематика исследований по направлению деятельности

  4. Актуальность выбранной темы исследования

  5. Цели и задачи

  6. Степень разработанности

  7. Предполагаемая новизна работы

  8. Теоретическая и практическая значимость



Приложение Б

(Структура Питча)


Задание:

Презентуйте идею своего стартап-проекта в избранной области
Структура Питча:



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет