Программа углубленного изучения казахского языка



Дата22.01.2017
өлшемі143,31 Kb.
#7609
түріПрограмма
Павлодар қаласының № 7жалпы білім беретін

бейіндік бейімдеуге мамандандырылған мектеп

Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы
Программа углубленного изучения казахского языка
(орыс тілінде жалпы орта білім беретін

мектептің 8 сыныбына арналған)

Павлодар 2012 ж

Әдістеме бірлестігінінң № отырысында қаралды

( мамырдың 2012 жылдың хаттамасы)

Құрастырғандар: Ахметова Ж.И. Камалиева К.М қазақ тілі

мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Түсінік хат.


Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәні – мемлекеттік жалпыға мінетті білім берудің стандартына сәйкес «Филология» білім саласына енгізілген және мектептің негізгі деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын орта буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен Қазақстанда тілдерді дамытудың «2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Республиканың әдіскер-ғалымдарының қатысуымен тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, тілдері оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі академиясы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы оқыту қазақ тілді емес жалпы орта білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы қазақ тілінің мемлекеттік білім стандартының негізінде жасалған мен Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген бағдарламасын басшылыққа ала отырып құрастырылды.

Орыс тілінде жалпы білім беретін мектептердің 8-сыныбына арналған тереңдетіп оқыту бағдарламасының негізгі мақсаты –оқушылардың өзіндік ерекшелігіне қарай қабілетін аша отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеуге, мәтін мазмұнын еркін оқуға, түсіну қабілеттерін қалыптастыру. 8-сынып негізгі деңгей- А2 ( А2.1.2. –қалыптасу қарсаңындағы ілгері игерім).

С.Құрманғалиева «Тілді тереңдетіп оқыту – бұрын ескерілмеген грамматикалық белгілер мен ерекшеліктердің сырын ашып, оның әлеуметтік мәнін, қоғамдығы коммуникативтік қызметін байқатып, тіл мәдениетін арттыруға, шығармашылық ізденіс, іскерлік дағды қалыптастырып, тіл, сөз өнері қатысатын мамандықтарды игеруге баулиды. »

Тереңдете оқыту мақсаты – оқушылардың жеке бас ерекшелігіне қарай қабілетін аша отырып, диференциалды түрде осы пәнді теориялық, әрі практикалық жағынан тереңдету, сөйлеу, жазу мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой-пікірін дамыту. Тереңдетіп оқыту тың мәселе болғандықтан, көп ізденісті қажет етеді де, терең білім жолында шығармашылықпен барынша жұмыс істеуді талап етеді.



Қазақ тілінің алдына қойылатын міндеттері:

  • мәтіннің мазмұнын өз сөздерімен толық айтып беру;

  • құрамалас сөйлем түрлерін ажыратып, синтаксистік талдау жасай білуге үйрету;

  • лексикалық тақырыптарды тереңдетіп меңгерту;

Сондықтан, 8-сыныптың қазақ тілі пәнін тереңдету бағдарламасына сүйене отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын практикалық түрде тереңдету жүзеге асыру.

8-сынып

/ барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат/



І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 10 сағат.

1. Отбасы сыйластығы – 4 сағат

Кіріспе (1сағат)

Отбасы – татулық бастауы (1сағат)

Отбасындағы қарым-қатынас (1сағат)

Амандасу ырымдары (1сағат)

2. Мен ата- анама көмектесемін – 3 сағат

Қолғанат (1сағат)

Еңбек етсең, емерсің (1сағат)

Еңбектің зейнеті (1сағат)



3. Асханада тамақ ішемін – 3 сағат

Азық- түліктер (1сағат)

Ұлттық тағамдар (1сағат)

Қонақасы (1сағат)



Тілдік бөлім : Құрмалас сөйлемдер Құрмалас сөйлемдер интонациясы.

Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.

Қатысымдық- сөйлесімдік бөлім:

Тыңдалым: отбасы сыйластығы туралы қысқа 3-4 минуттық әңгімелерді тыңдап түсіну.

Оқылым: тақырыпқа байланысты қосымша әңгімелер, мәтіндерді оқу.



Айтылым: диалогтық сөйлеу, сұрақ-жауап,сұрақ-мәлімет, ақылдасу, рұқсат сұрау, және т.б; монологтық сөйлеу: жоспары, баратын жағы, істейтін ісі жайлы.

Жазылым: тақырыпқа қатысты әңгімелер жазу, өз ойын жазу.

Тілдесім. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Отбасы сыйластығына қатысты, ата-аналарына көмектескені туралы, тамақтану әдебі туралы достарымен пікірлесу.

Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі.

Қазақстандағы отбасы мүшелерінің сыйластығы мәселелері; тақырыпқа байланысты әңгімелесу.

Әр түрлі ұлт өкілі отбасында балалары әке -шешесіне қалай көмектесетіні туралы әңгімелер айту.

Өзге ұлт өкілдерінің тамақ мәзірі, дағдысы туралы әңгімелесу.


ІІ. Әлеуметтік-мәдени ая – 10 сағат.

1. Қазақстанның ірі қалалары – 4 сағат


Қазақстанның облыстары (1сағат)

Павлодар өңірі (1сағат)

Семей – полигон аймағы (1сағат)

Арал мәселесі (1сағат)



Қазақстанның балалар жазушылары – 3 сағат

Ыбырай Алтынсарин (1 сағат)

Мүбәрәк Жаманбалиев (1сағат)

Есентай Ерботин (1сағат)



Табиғатты қорғайық – 3 сағат

Су – тіршілік көзі (1сағат)

Қазақстан экологиясы (1сағат)

Байлық жерде (1сағат)



Тілдік бөлім: Күрделі сөздер. Біріккен сөздер.

Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.

Қатысымдық- сөйлесімдік бөлім:

Тыңдалым: тақырыпқа қатысты әңгімелер тыңдап, түсіну.



Оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу.

Айтылым : монологтық сөйлеу: қалалар туралы әңгіме айту ,баяндау.

Жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу.

Тілдесім. Сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Қазақстан қалалары туралы достарымен пікірлесу.

Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі

Басқа ұлт өкілдерімен Қазақстан қалалары туралы әңгімелесу.



ІІІ. Оқу-еңбек аясы – 10 сағат.

1. Менің жұмыс күнім – 5 сағат

Күн тәртібінің пайдасы (1сағат)

Менің үйірмем (1сағат)

Шынықсаң шымыр боласың (1сағат)

Менің бос уақытым (1сағат)

Менің міндетім (1сағат)



2. е-пошта – 5 сағат

ХХІ ғасыр техникасы (1сағат)

е-пошта қызметі (1сағат)

е-пошта пайдасы (1сағат)

Интернетпен жұмыс істеу (1сағат)

SMS, MMS (1сағат)



Тілдік бөлім: Модаль сөздер. Қимыл есімдері.

Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.

Қатысымдық- сөйлесімдік бөлім:

Тыңдалым: тақырыпқа қатысты әңгімелерді (ұзақтығы 3-4 минут ) тыңдап түсіну.

Оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу.

Айтылым: Монологтық сөйлеу: мектепте не істегенін, әдетте не істейтінін айту.

Жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу.

Тілдесім. Сұрақ-жауап,сұрақ-мәлімет диалогтары. Өзінің жұмыс күні туралы достарымен пікірлесу.

Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі.

Білім алуға қатысты қазақ халқының мақал –мәтелдері.



Тіл дамыту (1сағат)

Шығармашылық жұмыс (2сағат)

Тест (1сағат)


ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА

ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Тыңдалым бойынша:

- сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді, жеке басына байланысты айтылған мәліметтерді, сұрақтарды түсінеді; отбасы мүшелерінің сөйлеу тілі, киім, өзінің сүйікті ісі, мектептегі үйірмелер, Интернет, т.б. туралы үнтаспадан тыңдаған қысқа хабарлардың дұрыс, бұрыстығын түсінеді; қазақ тілін үйренуге, денсаулықты сақтауға қатысты айтылған сөздерді түсінеді; қысқаша айтылған жарнамалар мен хабарландырудағы ақпараттарды түсінеді.



Оқылым бойынша:

- қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсінеді;   өзіне таныс тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқиды; мәтінді оқу түрлерімен таныс (мәтінді шолып оқу, таныса оқу, ізденіп оқу, зерттей оқу) және тапсырма орындауда орынды қолданады; мәтіннен өзіне қажет мәліметтерді іріктейді; тақырып көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты оқып түсінеді; мәтіннің тақырыбы, берілген қосымша суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын анықтай алады.



Айтылым бойынша:

- қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алады; өзінің қазақ тілін үйренуі, денсаулығына қатысты айтады; белсенді лексикалық қорды пайдаланып сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастырады; балаларға арналған компьютерлік ойындар, Интернет туралы хабарлама жасайды; мектептегі үйірмелердің жұмысы, Астананың сипаты, т.б. туралы әңгімелейді; оқыған мәтін бойынша өз ойын жеткізеді.



Жазылым бойынша:

  • сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастырып жазады; жеке басы, отбасы туралы мәліметті қажет ететін іс қағаздарын толтырады; жоспарланған іс-шара туралы хабарландыру жазады, сипаттап жазады; біреуге жазбаша түрлі мәліметтерді жеткізе алады; оқыған мәліметтерді жазады; өзіне ұнайтын мәселелер туралы мәліметтерді қосып, хат жазады; тірек сұрақтарға сүйене отырып, берілген тақырыпта шағын шығарма жазады.

Тілдесім бойынша:

  • жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша қысқаша сөйлесе алады; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алады; әңгімені бастау, жалғастыру және аяқтау жолдарын біледі; диалог түрлерінің құрылу жолдарын біледі (мысалы, сұрақ-жауаптан тұратын диалог, іс-әрекетке итермелейтін диалог, жаңа хабарды білуге бағытталған диалог т.б.), өз бетінше мақсатына қарай пайдаланады; келісім білдіру, алғыс айту, кешірім сұрау, өтініш жасау, сияқты жағдаяттарда диалог құрады.


Лексика:

- 880-890 лексикалық минимумды біледі.



Сөз құрамы және сөзжасам:

-сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеп қолданады; туынды және күрделі сөздерді орынды пайдаланады;

-сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) қасиетін меңгеріп, тілдік қатынаста қолданады.
Грамматика:

-етістіктің болымды, болымсыз түрлерін пайдаланады;

-жай және құрмалас сөйлем құрудың қарапайым тәсілдерін біледі;

-мәтіндегі,сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін ажыратады;

- тұрақты сөз тіркестерінің қарапайым түрлерін қолданады.




р/с

І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 10сағ

1. Отбасы сыйластығы- 4с

Сағат саны

1

Кіріспе

1

2

Отбасы – татулық бастауы

1

3

Отбасындағы қарым-қатынас

1

4

Амандасу ырымдары

1




2. Мен ата- анама көмектесемін- 3с




5

Қолғанат

1

6

Еңбек етсең емерсің

1

7

Еңбектің зейнеті

1




3.Асханада тамақ ішемін




8

Азық-түлік

1

9

Ұлттық тағам

1

10

Қонақасы

1



Барлығы

10




ІІ. Әлеуметтік-мәдени ая – 10 сағ.

1. Қазақстанның ірі қалалары- 4с


1

11

Қазақстанның облыстары

1

12

Павлодар өңірі

1

13

Семей – полигон аймағы

1

14

Арал мәселесі

1




2. Қазақстан балалар жазушылары- 3с




15

Ыбырай Алтынсарин

1

16

Мүбәрәк Жаманбалинов

1

17

Есентай Ерботин

1




3. Табиғатты қорғайық- 3с




18

Су – тіршілік көзі

1

19

Қазақстан экологиясы

1

20

Байлық жерде

1




Барлығы

10




ІІІ. Оқу-еңбек аясы – 10 сағ

1. Менің жұмыс күнім – 5 сағат




21

Күн тәртібінің пайдасы

1

22

Менің үйірмем

1

23

Шынықсаң шымыр боласың

1

24

Менің бос уақытым

1

25

Менің міндетім

1




2. е-пошта – 5 сағат




26

ХХІ ғасыр техникасы

1

27

е-пошта қызметі

1

28

е-пошта пайдасы

1

29

Интернетпен жұмыс істеу

1

30

SMS, MMS

1

31-32

Тіл дамыту

2

33

Шығармашылық жұмыс

1

34

Тест

1




Барлығы

14


Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша оқушылардың білім деңгейін бағалау өлшемдері.

(8- сынып )

Тыңдалым:

«3» мағлұматтарды тыңдап, мазмұнын орыс тілінде айтып беру.

«4» мағлұматтарды түсініп тыңдап, мазмұнын орыс тілінде айта алу.

Оқылым:

«3» мәтінді оқып, не туралы екенін түсіну.

«4» мәтін мазмүнын түсініп, әңгімелей алу.

Айтылым:

«3» өз отбасы және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алады;

«4»

Жазылым:

«3» диктант жаза алу.

«4» 10-15 сөйлем көлемінде мәтін түзей алу.

Тілдесім:

«3» танымдық тақырыптар бойынша айта алу.

«4» танымдық тақырыптар бойынша диалог құра білу, сұхбаттасу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты.- Астана, 2010

  2. Оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасы. Негізгі және орта деңгей. – Астана, 2010. Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т., Дәулетбекова Ж.Т., Рахметова Р.С., Мадиева А.Т., Рауандина А.Қ., Қалиакпар Д.Қ., Қадашева Қ.Қ.

3. Дәулетбекова Ж., Арын Е., Махамбетова Г. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту

бағдарламасы. Алматы.: Жеті жарғы,2003



  1. Махадил З.Ш. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасын әзірлеуге арналған әдістемелік нұсқау. Павлодар, 2011



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет