Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жопарда қарастырылған бөлім:
3.1А Компьютер және
программалар
|
Мектеп: Физика математика бағытыңдағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
СЫНЫП: 3
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
|
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Программа терезесі
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату
компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру
компьютерлік программада меню командаларын қолдану
|
Сабақтың мақсаттары
|
Оқушылар...
Ақпаратты енгізу және шығару құрылғыларын қайталау;
Оқушыларды программа терезелерінің негізгі элементтерімен таныстыру;
Мәзірмен жұмыс жасау дағдасын қалыптастыру;
Терезелермен манипулциялау дағдыларын үйрену,
|
Бағалау критерийлері
|
компьютердің программаларында мәзір командаларын қолдану;
ақпаратты шығару және енгізу құрылғыларын ажырату;
бастапқы мәзірдегі командаларды іске қосу алгоритімін түсіндіру.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар...
программа мәзірінің қажеттілігін сипаттайды;
программа терезелерінің негізгі элементтерін атайды;
басты мәзірден программаны қалай ашу керек екендігін түсіндіреді
Пәндік лексика және терминалогия:
программа мәзірі, терезе, тақырып жолы, мәзір жолы, жұмыс аумағы, жылжыту жолағы.
|
Құндылықтар
|
Сыйластық, жұптық жұмыс арқылы ынтымақтастық, өз бетімен орындаған жұмыс арқылы адалдыққа қалыптастыру, өзін бағалау барысында оқушыларға арналған даму аймағын анықтау арқылы оқытудың ашықтығын қалыптастыру, дескриптрлар мен сабақ мақсатын өз бетінше тиянақтау.
|
Пәнаралық байланыс
|
Жаратылыстану сабағында оқып үйренген білімдерін оқушылар белгілі фотосуреттерді іріктеу кезеңінде қолданады. Суреттер «Жанды табиғат» ортақ тақырыбымен тығыз байланысқан.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интербелсенді тақта
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Оқушылардың белгілі бір файлды ашып, сақтау дағдылары қалыптасқан. Компьютерлік программа мен файл, бумалардын қажеттілігін біледі.
|
Жоспар
|
Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
1-5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі..
Мұғалім оқушыларға суреттерді қарастыруын ұсынады.
Тапсырма: Қандай сөз барлық суреттерді сипаттайды? Бұл сөз 6 әріптен тұрады.
Оқушыларға калькулятор, терезе, Блокнот программасының терезесі, Paint программасының терезесінің суретін интербелсенді тақтаға флипчарт дайындаңыз.
Оқушылар жауаптар ұсынады.
Дұрыс жауап тақтадан көрсетіледі: Терезе
Мұғалім проблемалық сұраққа жауап қайтаруын сұрайды:
Программа терезесі қандай элементтерден тұрады?
Программа терезесінің көлемін қалай өзгертуге болады?
Программа мәзірі дегеніміз не?
Мақсатты тұжырымдау
Мұғалім оқушылармен бірігіп сабақтың тақырыбы мен алдарына қоятын мақсатын тұжырымдайды.
Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен таныстырып, дескрипторларды тұжырымдап беруін сұрайды.
|
|
Сабақтың ортасы
6-37 минут
|
3. Тақырып бойынша когнитивті қызығушылықты қолдау және дамыту
Өткен сабақты жүйелеуге мұғалім «Таңдау дөңгелегі» техникасын қолданып сұрақтар қояды.
Батырманы басқаннан кейін тақтаға суретті таңдап алуына оқушы шақырылады. Таңдап алғаннан кейін оқушы суретті сипаттайды.
4. Жаңа тақырып.
Мұғалім стандартты программаның терезесінің элементтерін көрсетеді. Жаңа терминдермен таныстырады.
Терезенің негізгі элементтері:
Тақырып жолағында программаның атауы орналасады;
Жиыру батырмасы Жұмыс үстеліндегі терезені жинап жиырып қоюға ұсынылған, кез-келген уақытта программа терезесін қайта қалпына келтіруге болады;
Жаймалау батырмасы программа терезесін экран бетіне толық масштабтайды;
Жабу батырмасы программаның жұмысын аяқтайды.
Мәзір жолы программалармен жұмыс жасайтын командалардан тұрады;
Жұмыс аумағы- деректермен орындалатын іс-әрекет орны.
Жылжыту жолағы жұмыс аумағында орналасқан барлық ақпаратты қарау үшін арналған.
5. Практикалық жұмыс.
1 Тапсырма: Нұсқаулыққа сүйене отырып программаны таңданыз.
1 нұсқа
|
2 нұсқа
|
«Калькулятор» программасын іске қосыңыз
|
Бейнелерді қарау программасын іске қосыңыз
|
Программаны зерттеп кестені толтырыңыз.
Программа терезесінің элементтері
|
(бар/жоғын) анықта
|
Тақырып жолы
|
|
Жұмыс аумағы
|
|
Жылжыту жолағы
|
|
Жиыру, Жаймалау, Жабу батырмалары
|
|
2 Тапсырма: Қазақстан мен Алматының ұлттық символы «Қар қабыланы» бейнеленген суретті ашыңыз. Программамен келесі командаларды орындаңыз:
Программа терезесін жиырыңыз.
Жұмыс үстеліне программа терезесін қалпына келтіріп Жаймалаңыз.
Программа терезесінінің өлшемін өзгертіңіз
Программа терезесін Жұмыс үстелінің сол жағына жылжытып қойыңыз.
*Бейнені қарау программасын қолданып таңдап алған суретке сүзгі орнатыңыз.
Суретті бұрыңыз
Суретті қалпына келтіріңіз
Масштаб қолданып суретті үлкейтіңіз
6. Сергіту сәті
Мұғалім оқушылармен бірігіп музыка қосып жаттығу орындайды.
https://www.youtube.com/watch?v=0OzABZ8BPi4
Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды жұптасып тапсырма орындауын сұрайды. Оқушылар өткен сабақты қаншалықты менгергенін тексереді. (Қосымша)
Өзара бағалау арқылы оқушылар жұмыстарының нәтижесін тексереді.
7. Практикалық жұмыс.
Оқушылардың тақырыпты түсінуін бағалау мақсатында қалыптастырушы бағалауда орындаған тапсырманы орындауын ұсынады.
|
Презентация
1 қосымша
3 қосымша
|
Сабақтың соңы
мин
|
8.Сабақтын қорытындысы
Үй тапсырмасын беру.
Тапсырма: Жұмыс үстеліне бүркіттің суретін орналастырыңыз
Рефлексия.
Акромәтін: көрсетілген әріптен басталатын сөзді ата (сөзге байланысты).
Т –
Е –
Р –
Е –
З –
Е –
|
4 Қосымша
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
|
Тәжірибелік тапсырманы орындау барысында дифференциация шығармашылық деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады: тапсырмалар күрделіліктің өсуіне байланысты ұйымдастырылады. Тапсырманы орындаған кезде мұғалім жетекші сұрақтар түрінде немесе қадамдық орындау алгоритмімен нұсқаулық карталарын қолданады.
|
Бағалау әр сабақта өткізіледі:
- қиындықтарды анықтау және қолдау көрсету (жұппен жұмыс істеу) мақсатында оқушылардын жауаптарын бақылау;
- практикалық жұмыстарды орындаған кезде бағалау дискрипторлар арқылы жұппен жүргізіледі.
Сабақ соңында өздігінен реттелуді дамыту мақсатында оқушылар өздерінің жұмысын сабақта бағалайды, жетістіктерін және қиындықтарын талдайды.
|
Шаршаудың алдын алу үшін класс белсенді қызмет, топтық жұмыс, жоспарланған дене жаттығуларын қамтамасыз етеді.
Компьютерде жұмыс істеген кезде оқушылар дұрыс тұрақтылықты, экранынан қашықтығын алшақ отырқаның қадағалайды, төтенше жағдайлар туындаған кезде мұғалімге хабар береді.
Практикалық жұмыстарды жүргізу барысында пәнаралық интеграциялау жүзеге асырылуда: әлемді тану - «тіршілік табиғаты»
|
Достарыңызбен бөлісу: |