сабақ. Мəтінмен жұмыс істеу
-
Бөлімі
|
III бөлім. «Сөзбе-сөз (ортақ тақырыптар: «Менің мектебім», «Менің туған жерім».
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні
|
|
Сыныбы
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мəтінмен жұмыс істеу
|
Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты
|
2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мəтіндік диалог ұйымдастыру;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушы үшін:
Ата мен немере диалогі. Отан, туған жер туралы əңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
«Əке мен бала» жобасын жасайды.
Кейбір оқушылар үшін:
Scratch-те кейіпкерлер арасында мəтіндік диалог ұйымдастыруды үйренеді.
|
Сабақтың барысы
-
Сабақтың кезеңі/уақыты
|
Педагогтің іс- əрекеті
|
Оқушының іс-əрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі
(1-7 мин.)
|
Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту. «Арқаға сурет салу» ойыны
Ойынның шарты: Бұл ойында барлық əрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің соңынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең соңында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мəселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автомəшине т.б.).
Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына əлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрған оқушының арқасына өзінің арқасына салынған заттың суретін салады. Суреттер салынып біткеннен кейін, мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.
Бұл ойын оқушыларға псиологиялық жағымды көтеріңкі көңіл күй орнатады.
|
Топтастыру
|
Топтастыру. «Төрттік» əдісі
Сыныптағы оқушыларға «əке», «ана», «бала», «ата» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4 топқа бірігеді. Сонымен қатар əке, ана, бала, ата туралы əннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды.
Мақсаты: оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру.
Тиімділігі: оқушының бір-біріне деген бауырмалдығы оянады, ынтымақтастығы артады.
|
(МК, Ұ) Ой
қозғау. «Миға шабуыл» əдісі
|
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.
Оқушылар
|
1-суретте ата мен немере диалогі бейнеленген.
–Олар не туралы əңгімелесіп жатыр деп ойлайсың?
–Отан, туған жер туралы отбасыңда кімдер əңгіме қозғайды?
|
Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды
«Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.
|
| -
|
ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып,
жауап береді.
|
–Scratch-те кейіпкері сөйлейтін жобалар құрып көрдің бе?
|
|
|
Жаңа сабаққа дайындық
|
Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша түрде жеткізеді.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақта арқылы сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жəне бағалау критерийлерімен таныстырады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |