Тізбектер туралы
•
Тізімдер мен кортеждер – бұлар мәліметтердің әртүрлі типтерін сақтай
алатын тізбектер. Олардың айырмашылығы қарапайым:
тізім (list)
–
мутацияланатын тізбек
(программа оның ішкі мәліметін өзгерте алады), ал
кортеж (tuple)
–
мутацияланбайтын тізбек
(ол құрылғаннан кейін
мәліметтері өзгертілмейді).
•
Біз осы тізбектер түрлерімен бірсыпыра операциялар орындайтын боламыз,
мысалы,
олармен қатынас құру
, яғни
оларды пайдалану және
ішкі мәлімет-
терін басқару
амалдарын
атқарамыз.
2. Тізімдерге кіріспе
•
Тізім
– мәліметтердің көптеген элементтерін сақтайтын объект. Тізімдегі
әрбір мән – оның элементі. Тізім элементін программа жұмысы
барысында
өзгерте
аламыз,
ол
мәліметтердің
динамикалық
құрылымына жатады, яғни оған элементтерді қосуға немесе азайтуға
болады. Программада тізімдер элементтерін индекстеуге, қиып алуға
және де басқа амалдар атқара аламыз. Бүтін сандардан тұратын тізім
жасайтын нұсқау форматы:
even_numbers = [2, 4, 6, 8, 10]
үтірлермен бөлініп жазылған тізім элементтері.
Бұл нұсқау орындалған
соң,
even_numbers
айнымалысы осы тізімге сілтеме жасайтын болады.
even_numbers
Тағы бір тіркестерді қолданатын мысал:
names = ['Марс','Секен', 'Айна','Алтын','Арыс']
2
4
6
8
10
Тізімдерге кіріспе
•
Тізімде әртүрлі типтегі элементтер де бола береді.
info = ['Алтын', 27, 1550.87]
•
Тізімді шығару үшін print функциясын қолдану:
numbers = [5, 10, 15, 20]
print(numbers)
•
Мұнда print функциясы экранға мынадай элементтерді шығарады:
[5, 10, 15, 20]
•
Python тілінде ішкі
list()
функциясы бар, ол объектілердің кейбір
типтерін тізімге түрлендіреді.
•
Циклдердегі мәндерді біртіндеп қарастыратын range
функциясы бір-
неше мәндерден тұратын қадамдастырылатын объектіні қайтаратын
еді. Қадамдастырылған объектіні тізімге түрлендіру үшін
range
функ-
циясын төмендегідей түрде қолдануға болады:
numbers = list(range(5))
Тізімдерге кіріспе
•
Бұл нұсқау орындалуы кезінде мынадай әрекеттер орындалады:
1. range функциясы шақырылады, оған аргумент ретінде 5 саны бері-
леді. Бұл функция
0, 1, 2, 3, 4
мәндерін сақтайтын итерацияланатын
(қадамдастырылатын) объектіні қайтарады.
2. Итерацияланатын объект
list()
функциясына аргумент ретінде
беріледі.
list()
функциясы
[0, 1, 2, 3, 4]
тізімін қайтарады.
3. [0, 1, 2, 3, 4] тізімі
numbers
айнымалысына меншіктеледі.
•
Тағы бір мысал:
numbers = list(range(1, 10, 2))
•
for операторы жұмысынан белгілі,
range
функциясына 3
мән берілсе,
1-сі циклдің бастапқы мәні, 2-аргумент – ең соңғы мән, 3- аргумент –
цикл қадамы. Бұл оператор
numbers
айнымалысына
[1, 3, 5, 7, 9]
тізімін меншіктейді.