sum = sum + х * --i; Инкремент пен декремент екі формада жазылады: префикстік және постфикстік. Постфикстік арттыру былай жазылады: х++ , ал префикстік арттыру былай жазылады: ++х .Префикстік амалдар негізгі операция алдында, ал постфикстік амалдар негізгі амалдан кейін орындалады.
Постфикстік формада х айнымалысының мәні оны қолданғаннан кейін өзгереді, ал префикстік формада – айнымалы мәні оны қолданғанға дейін өзгереді, яғни бір деген санға артады. Мысалы:
k=10; x=k++; /* x=10 k=11 */ x=++k; /* x=12 k=12 */ Арттыру/кеміту операцияларын өрнек ішінде де орындау мүмкіндігі бар. Мысалы:
sum=a+b++; /*алдымен a,b қосылады, сонан соң b 1-ге артады */
sum=a+ ++b; /*алдымен b 1-ге артады, сосын барып a,b қосылады */
Арттыру/кеміту операцияларының приоритеттері өте жоғары, тек жақша ішіндегі операциялардың приоритеті олардан жоғары болады.
Құрама оператор бірнеше операторды жүйелік жақшаға алып біріктіру үшін қолданылады. Ол шартты және циклдік операторларда жиі қолданылады.