1) strlen (str) функциясы str сөз тіркесіндегі символдар санын (соңғы нөлді есепке алмайды), яғни жолдың ұзындығын анықтайды, оның типі int, тақырыптық файлы <string.h>.
2) strcat (stroka1, stroka2)функциясы қатарларды біріктіру үшін қолданылады. Ол stroka1 жəне stroka2 тіркестерін біріктіріп, нəтижені stroka1 айнымалыға меншіктейді, stroka2 тіркесінің мəні өзгермейді.
3) strcmp (stroka1, stroka2) функциясы екі сөз тіркесін салыстыру үшін қолданылады. Егер олар бірдей болса, функцияның мəні 0-ге тең болады, əйтпесе ол екі тіркестің айырмасын береді.
4) strcpy(str1, str2)функциясы сөз тіркесінің көшірмесін алу үшін қолданылады, мұнда str2 айнымалысындағы сөз тіркесі str1 айнымалысына көшіріледі.
5) strstr(str1, str2) функциясы 2-ші көрсетілген жолды 1-ші жолдың ішінен іздейді.
6) strset (str, ch)функциясы берілген қатардағы барлық символдарды көрсетілген символға (char ch) ауыстырады.