scanf (<формат тіркесі>,<аргументтер тізімі>); Аргументтер ретінде адрес нұсқауыштары – айнымалылар
адрестері пайдаланылады. Мысалы:
scanf("%d%f", &x,&y); мұндағы &x,&y – х жəне у айнымалыларының компьютер жадындағы адрестері (& -амперсанд). Əдетте scanf функциясы алдына қандай мəн енгізілетіні жайлы мəтін шығарылады. Мысалы:
printf("х, у енгізіңіз:"); scanf("%f%f", &x,&y); cout << "Бүтін сан енгізіңіз:\n"; жолы экранға қос тырнақшадағы сөз тіркесін шығарып, курсорды келесі жолға көшіреді.
cin >> i; жолы пернелерден енгізілген бүтін санды i айнымалысына меншіктейді.
cout << "Сіз " << i << "санын енгіздіңіз, рахмет!";жолы қос тырнақшадағы тіркестерді өзгеріссіз, ал i айнымалысы орнына оның енгізілген сандық мəнін экранға шығарып береді.
Си тілінде кезкелген есептің бағдарламасын құрғанда printf (жазу), scanf (оқу) операторларын түсіндіретін #include кітапханасынан бастап жазылады. Сонымен қатар, conio.h, math.h, string.h кітапханалары да бар. Бұлардың бірі операторларды, бірі математикалық функциялары және бірі жолдық операторларды бағдарламаға түсіндіреді. Барлық кілттік сөздер кіші әріптермен жазылады.
1-мысал.Екі санның қосындысын табу