2-практикалық сабақ. Енгізу және шығару операторлары Мақсат: Енгізу және шығару операторларын меңгеру. Арифметикалық өрнектерді есептеуді программалау.
Нәтиже: Мәліметтерді енгізу және шығару. Программаның орындалуы нәтижесінде сандық мән алу.
Әдістемелік нұсқау.Мәліметтерді енгізу және шығарудаPrintf, scanf және сin, cout функцияларынан пайдаланылады.
Printf және scanf функцияларында #include нұсқауы пайдаланылады, ал сin және cout функцияларында #include нұсқаулары пайдаланылады.
printf()функциясы мəліметтерді экранға шығару үшін қолданылады. Оның жалпы жазылу түрі:
printf(<формат тіркесі>,<аргументтер тізімі>); <формат тіркесі> –қос тырнақшамен (") шектеліп, аргументтердің қалай бейнеленетінін көрсетіп тұрады.
Формат тіркесінде мыналар болады:
1) мəтін ретінде шығарылатын символдар тіркесі;
2) түрлендіру ерекшеліктері;
3) басқару символдары.
Əрбір аргументке өз ерекшелігі сəйкес келуі тиіс, олар: