Программалау 6В01501 «Математика»



бет3/47
Дата09.02.2022
өлшемі367,39 Kb.
#131223
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Лекция

Тілдің алфавиті. C/C++ тілдері алфавитіне мыналар кіреді:
- ағылшын алфавитінің бас жəне кіші əріптері мен астын сызу
символы кіреді;
- 0-ден 9-ға дейінгі араб цифрлары;
- арнайы таңбалар: " { } , | [ ] ( ) + - / % * . \ ' : ? < = > ! & # ~ ; ^
- тіл элементтерін бір-бірінен бөліп тұратын көрінбейтін айыру символдары: бос орын, табуляция символы, жаңа жолға көшу символы.
- қазақ (орыс) алфавитінің бас жəне кіші əріптері сөз тіркестері мен түсініктеме мəтін жазуда ғана пайдаланылады.
Басқару тізбектері кері бөлу сызықшасы белгісінен ( \ ) басталатын латын әріптері мен цифрлар тізбегінен тұрады (1-кесте).
1-кесте.

Басқару тізбектері

Атаулары

\a

Қоңырау

\b

Бір орынға кері қайтару

\t

Горизонталь табуляция

\n

Жаңа жолға көшу

\v

Вертикаль табуляция

\r

Сырғыманы (каретканы) қайтару

\f

Форматты жылжыту

\”

Қостырнақша

\’

Апостроф

\0

Нөл-символ

\\

Кері қиғаш сызық

\odd

Сегіздік жүйедегі кодтар жиыны

\xddd

Он алтылық жүйедегі кодтар жиыны

Си тіліндегі мәліметтер типтері


Мұнда мәліметтердің бірнеше негізгі типтері қолданылады. Олар:

  • char (8 бит) – символдық, яғни таңбалық тип,

  • short – қысқа бүтін сан,

  • int – бүтін сан типі,

  • long – екі еселенген бүтін сан,

  • unsigned – таңбасыз бүтін сан,

  • float – нақты сан типі, яғни жылжымалы нүктелі сандар,

  • doubleекі еселенген нақты сан типі,

  • long double – ұзартылған, әрі екі еселенген нақты сан типі.

Алғашқы төрт тип бүтін сандарды сипаттау үшін қолданылады. Типтердің ұзындықтарын қарастырмаймыз. Оны анықтау үшін sizeof операциясын пайдаланады.
Айнымалылар деп программаның орындалу барысында əр түрлі мəндерді қабылдай алатын шамаларды айтады.
Идентификаторлар тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрлерін, функцияларды, программаларды, файлдарды, т.б. программа объектілерін белгілеу үшін қолданылады. Идентификатор – латын əрпінен басталып, əріптер мен цифрлардан тұратын тізбек.
Айнымалыны сипаттау мынадай нұсқада орындалады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет