Программалау пәнінен 5B060300 Физика мамандығының студенттеріне арналған бағдарламасы (Syllabus)


Кафедра меңгерушісі ___________________ Оспанова Н.Н



бет3/4
Дата31.07.2017
өлшемі1,31 Mb.
#22419
түріПрограмма
1   2   3   4

Кафедра меңгерушісі ___________________ Оспанова Н.Н.


ФМжАТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2013 ж. «_____»______________ №____хаттама



ОӘК төрағасы __________ Искакова А.Б. 2013 ж. «____»_____________




1. Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы Программалау

Пән – элективтік пәндер каталогының пәні



Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 3



Барлық аудиториялық сағаттар – 45 сағат

Лекция - 15 сағат

Практикалық сабақтар – 22,5 сағат

Зертханалық сабақтар – 7,5 сағат

СӨЖ – 90 сағат

оның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы сыйымдылық – 135 сағат
Бақылау формасы

Емтихан – 5 семестр


Пререквизиттер

  • Информатика

  • Жоғарғы математика

  • Физика


2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараты

Дәріс - Бельгибаева Салтанат Алтынғазықызы

Ақпараттық жүйелер магистрі, аға оқытушы, belgibaeva_s@mail.ru

Тәжірибелік және зертханалық жұмыстар – Дюсенгазина Назым Нығметоллақызы

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы А корпуста (Ломов к-сі, 64) орналасқан, ауд. А-407, тел. 67-36-87 (ішкі 11-25)


3 Пән нысаны, мақсаты және міндеті



Пәннің нысаны: Программалау пәні практикалық курс болып табылады. Студенттер әр – түрлі қолданбалы есептерді шешуде қажетті алгоритм түрін таңдауды, программалау тілінде жазып үйренеді.

Пәнді оқыту мақсаты: Программалау тілдердің классификацияларын, С тіліндегі операторларды, мәліметтер типін, ішкі программаларды, стандартты модульдерді, программалау стилін пайдаланып бағдарлама құрастыруды үйрету, программалаудың сапа көрсеткішімен таныстыру, объектіге бағытталған бағдарламалау негізімен таныстыру, онда бағдарламалар құруды үйрету.

Пәнді игерудегі міндеттер:

  • программалау тілдерін талдау;

  • программалау тілдердің әдіснамасын оқыту.


4 Білімге, іскерлікке, дағдыларға және құзырлыққа қойылатын талаптар

Тәлімгерлер білу тиіс:

- Алгоритм түсінігін, қасиеттерін, түрлерін, бейнелеу түpлерін



  • Бағдарламалау технологиясының негіздерін, стильдерін;

  • Объект Паскаль тілінің операторларын және функцияларын;

  • Объект Паскаль тіліндегі препроцессорлық құралдардың түрлерін;

  • Объектіге бағытталған бағдарламалау негіздерін.

Тәлімгер істей білу тиіс:

  • Әр түрлі алгоритмдерге есептерді шешу;

  • Есептің талабы бойынша қажет мәліметтер құрылымын ұйымдастыру;

- Бағдарламалау тілінің құралдарын пайдаланып бағдарлама жасап іске қосу және оны сынақтан өткізу.
Тәжірибелік дағдыларды алу тиіс:

  • Сызықтық, тармақталған, қайталану алгоритмдерін блок схема түрінде көрсету;

  • Есептің берілгені бойынша қай алгоритм түрін пайдаланылатынын анықтау;

  • Есептерді Паскаль тілінде есептеп Delphi ортасында жүзеге асыру.


Келесі сұрақтарда құзырлы болу тиіс:

  • Delphi бағдарламалау ортасын есептерді шешуде пайдалану;

  • Объектіге бағытталған бағдарламалау.


4 Пәнді игерудің тақырыптық жоспары
Сабақ түрі бойынша академиялық сағаттарды үлестіру


р/н

Тақырып атаулары

Сабақ түрі бойынша аудиториялық сағаттар

СӨЖ







дәріс

тәжірибелік

зертханалық

барлығы


Соның ішінде СОӨЖ


Компьютердің программалық құралдары

1



4


2


Есептерді алгоритмдеудің негіздері

1

4

1

4


2


Негізгі процедураларға бағытталған алгоритмдік тілдерде програм-малау. Алгоритмдік тілдің негізгі сипаттамалары

2

6

1,5

10


4


Мәліметтерді енгізу-шығаруды ұйымдастыру

2

4

1,5

10


4


Программаның құрылымы

2



20


4


Ішкі бағдарламалар: процедуралар және функциялар

2

2

1,5

10


4


Ақпаратты компьютердің сыртқы құрылғыларында көрсету

2

4

1

12






Графиктік операторлармен жұмыс

2

2,5

1

8






Программаларды ұйымдастыру

1



12


2,5




Барлығы:135 сағат (3 кредит)

15

22,5

7,5

90

22,5


6 Дәріс сабақтарының мазмұны


                  1. Тақырып 1. Компьютердің программалық құралдары

Жоспар

  1. Программалаудың автоматтандырудың әдістері.

  2. Алгортимдік тілдер. Алгоритмдік тілдің қолдануы және оған қойылатын талаптар.

  3. Процедураға бағытталған тілдер және объектілерге бағытталған программалау туралы

  4. Компьютермен пайдаланушының диалогын ұйымдастыру. Программалаудың интеграцияланған жүйелері.

Қысқаша теория

Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus — Әл-Хорезмидің атынан шыққан) — бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритм — математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Агоритмді орындау алгоритмдік процесс деп аталады.

Жалпы Алгоритм деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу процесін айтады. Есептеу процесі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі. Алгоритм ұғымының алғышартына алгоритмдік процеспен қатар мүмкін болатын алғашқы деректер жиынтығының нұсқауы және қорытынды алуға байланысты жүргізілген процестің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір бастапқы деректердің жиынына қолданылған Алгоритм тиянақты қорытындыға келмеуі немесе есептеу барысы аяқталмай тоқталуы мүмкін. Егер есептеу процесі белгілі бір қорытынды алумен аяқталса (не аяқталмай қалса), онда Алгоритм мүмкін болатын бастапқы деректерге қолданылады (не қолдануға болмайды) деп ұйғарылады.



Алгоритм — қазіргі математикада, оның ішінде электронды есептеуіш машинада қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Белгілі бір теңдеу түбірінің жуық мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған Алгоритммен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына байланысты Алгоритм жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау да Алгоритм деп аталады. Алогритмді орындаушы — адам, ЭЕМ немесе робот. Әрбір нұсқау — бұйрық. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын бұйрықтар жиыны бұйрықтар жүйесі деп аталады. Мысалы, у = (ax + b) (cx - d) функциясын есептеу ЭЕМ-да мынадай әрекеттерден құралады:

  1. а-ны x-ке көбейту R1 деп,

  2. оған b-ны қосу нәтижесі R2 деп,

  3. с-ны х-ке көбейту R3 деп,

  4. сх-тан d-ны алу R4 деп,

  5. R2-ні R4-ке көбейту у деп белгіленеді.

Алгоритмнің бұйрықтары бірінен кейін бірі кезекпен орындалады. Бағдарлама Алгоритм тілінде жазу, бейнелеу мағынасын береді. Компьютерде Алгоритмнің сызықты, тармақты, циклді, логикалық, модельдік, параллельдік, тізбекті т.б. түрлері қолданылады.[2]

Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:

  1. Алгоритм дискретті информациялармен жасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмге қатысты әрекеттердің бәрі дискретті болады. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.

  2. Алгоритм біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау алгоритмде не істеу керектігі алдын-ала айқын береді. Мысалы, бір есепті шешудің алгоритмі берілсе онда ойланбай-ақ алгоритмде қандай нұсқаулар берілсе, сол нұсқауларды берілу ретімен орындасақ, есеп шығады. Алгоритмнің осы қасиетін оның анықталғандық қасиеті дейміз. Бұл жағдай адам сияқты емес ойлау қабілеті жоқ құрылғылардың мысалы, компьютердің көмегімен есептерді шешу мүмкіндігіне кепілдік берді. Мұндай құрылғылар алгоритмнің жарлықтарын ойланбастан формальды орындайды. Сондықтан алгоритмді есепті шығаруға қажеттінің бәрі бір мәнді анықталу және атқарушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.

  3. Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі, яғни бастапқы деректер мәндерінің жиынына пайдаланылу мүмкіндігі бар. Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда, жалпылық қасиеті деп атайды.

  4. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, екі санды қосу алгоритмнде қосылғыштар бастапқы деректерге, ал қосынды нәтижеге жатады. Осылайша, алгоритмдегі әрекеттердің белгілі бір санның орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритімнің нәтижелілігі деп аталады.

Әдебиет [1, 2]
Тақырып 2. Есептерді алгоритмдеудің негіздері

Жоспар

  1. Алгоритмнің анықтамасы. Алгоритмді баяндаудың тәсілдері.

  2. Алгоритм схемаларын жасау ережелері.

  3. Алгоритмдердің құрылымдарының түрлері.

  4. Сызықтық және тармақталған алгоритмдердің құрылымдарының баяндалуы.

Қысқаша теория

Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал, логикалық программалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тіліне программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері — Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, ал Delphi (Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі құрылған (visual — көзбен көру, экрандық). Олар, әсіресе, Delphi программалау тілі — кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Паскаль тілін оқып үйренуге жеңіл және MSDOS жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. DeIphi-дің негізгі ерекшелігі — онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылды (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп айтады). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер панелінде топ-тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады. Delphi Windows жүйесінде праграммалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Delphi ортасында төрт терезе бар. Олар: l) Delphi5-Projectl - Delphi5-тің негізгі терезесі; 2) Form1 — Форма; 3) Object Inspector - Объект инспекторы терезесі; 4) Unitl.pas — Редактор терезесі. 1 DeIphi-дің негізгі терезесі үш құрылымнан тұрады: 1 Мәзір. 2 Acnanamap панелі алтыға бөлінеді: • Standard — Стандарттық; • View — Көрсету; • Debug — Баптау; • Custom- Қолданушы; • Desktop — Жұмыс столы; • Internet — Интернет. 3. Компоненттер палитрасы төмендегідей беттерден тұрады: • Standard — Стандартты; • Additional - Қосымша; • Win32 — Windows интерфейсінің 32-разряды; • System — функциялық жүйеге кіру мүмкіндік; • Data Access — Берілгендер қорындағы информациямен жұмыс; • DataControl — Берілгендерді элементтермен басқаруды құру; • dbExpress - SQL-серверіне кіру мүмкіндігі; • DataSnap - Көп салалы берілгендер қорындағы қосымшаны құру; • BDE — BDE арқылы берілгендерге кіру мүмкіндігі; • ADO — ActivX берілгендер объектісін қолданып берілгендер қорына байланыс жасау; • InterBase — Аттас берілгендер қорына тікелей кіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді; • SOAP — Аттас техногия көмегімен анықталған ортады берілгендерді алмастыру; • InternetExpress — Аттас қосымшаны құру үшін берілгендер қорындағы анықталған қосымша-клиент және қосымша-сервер бір мезгілде болады; • Internet — Интернет желісінде қосымша Web-серверін құру; • FastNet — Инетернет желісіне кіру хаттамасын қамтамасыз ету; • Decision Cube — Көп өлшемді талдау; • QReport — Есепті құрастыру; • DiaIogs — Стандартты сұхбаттық терезені құру; • Win3.1 — Windows3.1 интерфейсі; • SampIes — Бірге қойылатын жүйелік мысалдар; • ActivX — ActivX компанентті; • COM+ - Аттас объектілерді басқару; • InterBaseAdmin — Аттас берілгендер қорына кіру мүмкіндігін басқару; • WebSnap — Web-серверінің қосымшасын құру; • Server — Жалпы COM серверлер VCL бөлігі үшін; • IndyCIients — Клиент үшін Интернет тәуелсіз тұжырымдама компоненті; • Indy Servers - Сервер үшін тәуелсіз тұжырымдама компоненті; • Indy Miss — Интернеттің қосымша тәуелсіз тұжырымдама компонентті. 2. Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрінеді. Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткілікті. 3. Форманы не онда орынатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Object Inspektor) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы не формада орнатылған форма компоненттін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties - қасиеттер және Events — оқиғалар. Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар — олардың мәндері. 4. Delphi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль) және unit1.pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес ic-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, терезені программалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері: - форманы жабу (жабу түймесін шерту); код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту. Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгісі) көрінеді.

Әдебиет [1, 2]
Тақырып 3. Негізгі процедураларға бағытталған алгоритмдік тілдерде программалау. Алгоритмдік тілдің негізгі сипаттамалары

Жоспар

  1. Pascal тілінің негізгі сипаттамалары. Тілдің алфавиті.

  2. Тілдің объектілерінің жазылуының ерекшеліктері.

  3. Мәліметтер типінің ұғымы. Мәндердің стандартты типтері.

  4. Айнымалалар және тұрақтылар ұғымы.

  5. Ерекше белгілер. Өрнектер. Арифметикалық және логикалық өрнектер.

  6. Мәліметтер құрылымы: массивтер, жиындар, жазбалар.

Қысқаша теория

Object Pascal тілі Delphi бағдарламалау тілі және стандартты Pascal тілінің объекті - ориентирленген кеңейтілуі болып келеді. Delphi жүйесі визуалды бағдарламалау мүмкіндігін VCL визуалды компонеттердің библиотекасы көмегімен қамтамасыз етеді. Визуалды компоненттердің библиотекасы (Visual Component Library, VCL) қосымшаларды тез өңдеуге арналған көптеген кластарды құрайды. Библиотеканың элементтері Object Pascal - да жазылған, сондықтан ол интегралданған Delphi қосымшасының өңдеу ортасымен тығыз байланысты. VCL де негізінен визуалды емес компененттерден тұрады, және визуалды компоненттер, және де TObject абстракті кластан бастап басқа да кластар бар. Барлық компонентер - бұлар кластар, бірақ барлық кластар компоненттер емес. VCL - дің барлық кластары иерархияның анықталған сатысында орналасқан және кластың ағашын құрайды. Object класы - барлық Object Pascal класының жалпы тегі (атасы) ол иерархияның тамырында (түбірінде) орналасады. Бұл класс абстактілі болып келеді және барлық ұрпақтар кластары үшін жалпы әдістер қолданылады. Негізгі әдістерін атап өтейік:



  • Create - объектіні кұру

« Destroy - объектіні жою (өшіру) « Free - Create әдісімен құрылған объектіні өшіру, бұл уақытта Destroy әдісі де шақырылады.

Бұл әдістердің көпшілігі ұрпақ класында қайта анықталады. TPersistents, TComponent, TControl көптеген кластардың атасы болып келген. Көрсетілген кластарға негізінде жалпы қасиеттері, әдістері және оқиғалары (события) кіреді. TPersistents класы ағымнан icкe қосылады және ағымға сақталатын қасиеттері бар объектілер үшін абстракты болып келеді. Ағымның механизмі жадымен жұмыс істеу үшін қолданылады. TObject кластың әдісіне қосымша болатын TPersistents класы бір объектіден екінші объектіге алаңды және қасиеттерді беруге мүмкіндігі бар Assign әдісіне ие. TComponent класы — барлық компоненттерге негіз; өзінің атасының әдісіне қосымша болып, оның басқа компоненттеріне ие болатын құралдарды қамтамасыз етеді. Формаға кез келген компонентті орналастыру нәтижесінде, ол басқа компонентке тиісті болады (негізінен формата). Компонента құру барысында, ол оған тиісті компоненттерді автоматты түрде құрылуын қамтамасыз етеді, ал оны жою барысын оған тиісті барлық компоненттер автоматты түрде жойылады. TComponent класы келесі қасиеттерін белгіленген: • Components — тиісті компоненттер тізімі • ComponentCount тиісті компоненттердің саны • Componentlndex -- тиісті компоненттер тізіміндегі компонент номері, • ComponentState - ағынды компоненттің жағдайы • Name - компоненттің аты • Owner - компоненттің иесі Tag - компонентпен сақталынатын бүтін мәні TComponent компонентінің кейбір әдістері: • Destroy Components - барлық тиісті компоненттерді жою (бұзу) • Destroying - тиісті компоненттің жойылғаны (бұзылғаны) туралы хабар беру» FindCoraponent - Component тізімінен компонентті табу (іздеу) Тілдің сөздігі Сөздер келесі түрлерге бөлінеді: • Кілттік сөздер (ключевые, заразервированные) • Стандатты идентификаторлар • Қолданушының идентификаторлары Кілттік сөздер тілдің құрама бөлігі болып келеді. Редактор кодында кілттік сөздер қалың (полужирный) шрифтпен бөлінеді, Мысалы, And Expor ts mod Array File nil As Finalization not Asm For object Begin Function of Case Goto or Class If out Const Implementation packed Constructor In procedure Destructor Inherited program Dispinterfac Initialization property e Div Inline raise Do Interface record Downto Is repeat Else Label resource string End Library set Except Finally shl Стандартты идентификатор келесі анықталған тілдің өңдеуші конструкциясын көрсету үшін қызмет етеді: • Мәліметтердің типі • Тұрақты (Констант) • Процедура және функция Стандартты идентификаторлары бағдарламада кейбір стандарттармен байланысқан. Оларға: Absolute Name safecall Abstract Near stdcall Assembler Nodefault strored Automated Override virtual Cdecl Packade write Contains Pascal writeonly Default Private Dispid Protected Dynamic Public Export Published External Read Far Readonly Forward Register Implements Reintroduce Index Requires Message Resident Қолданушының идентификаторы белгінің атын, тұрақты (констант), айнымалы, процедура, функция және мәліметтер типін белгілеу үшін қолданылады. Бұл аттар бағдарламашының (программист) өзі береді және ол келесі ережелерге сай келу керек: Идентификатор әріп немесе санмен (цифр) құрылады Идентификатор барлық уақытта әріппен басталады, тек 0 – 9999

Әдебиет [1, 2]
Тақырып 4. Мәліметтерді енгізу-шығаруды ұйымдастыру

Жоспар

  1. Алгоритмдік тілдің операторларын кластарға бөлу.

  2. Меншіктеу операторлары. Басқару операторлары.

  3. Мәліметтерді енгізу-шығаруды ұйымдастыру.

Қысқаша теория

Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер , then – онда , else - әйтпесе.

Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Толық оператордың жазылу түрі:

{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}

IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ELSE <2 оператор>;

Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.

Қысқа оператордың жазылу түрі:

IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ;

Мысал:


program j;

var x,y:integer;

begin

read(x);


if x<3 then y:=x+2 else y:=5*x;

write('y=',y);

end.
Таңдау операторы.

Көптеген біршама күрделі программаларда таңдау операторын қолданған қолайлы:

case таңдау параметрі of таңдау тізімі else 2-оператор end

мұнда таңдау тізімі-бір немесе бірнеше түрдегі конструкциялар:

•таңдау тұрақтысы: оператор

•таңдау тұрақтысы бірнешеу болуы мүмкін, соған сәйкес бірнеше операторлар да орындалуы мүмкін.

Бұл оператордың жұмыс реті анық: таңдау параметрлерінің мәні анықталады, сосын осы таңдау параметрінің мәніне тең болатын таңдау тұрақтысы ізделеді, енді соған сәйкес оператор орындалады, егер таңдау тізімінде осы тұрақты жоқ болып шықса, онда 2-оператор орындалады.

Таңдау операторына ай кварталдары бойынша есеп шығарып көрейік:

program esep;

var month:integer;

begin

 case MONTH of



read(month);
  1, 2, 3 : writeln ('1- квартал');
  4, 5, 6 : writeln ('2- квартал');
  7, 8, 9 : writeln ('3- квартал');
  10, 11, 12 : writeln ('4- квартал'); else writeln('ондай ай жок')
end;

readln;


end.
Әдебиет [1, 2]
Тақырып 5. Программаның құрылымы

Жоспар

  1. Алгоритм схемасынан программа схемасына көшу.

  2. Алгоритмнің сызықтық құрылымын программалау.

  3. Тармақталған құрылымдарды программалау.

  4. Алгоритмнің циклдік құрылымдарын программалау.

Қысқаша теория

Осыған дейінгі қарастырылып келген мәлімет типтері қарапайым болып есептеледі. Себебі олар тек бір ғана обЪектіге яғни бір ғана санға немесе символға қатысты ғана қолданылады. Turbo Pascal-да бір типке жататын бірнеше элементтерден тұратын обектілерді де пайдалануға болады. Массив осындай бір типке жататын элементтерден құралатын құрылымдық тип болып табылады.

Қарапайым типтер қатарына жататын стандартты (Integer,real) және қолданушылар (тізбектелген тип) типтерінде бір айнымалыны сақтау үшін, негізінен компьютер жадысының бір ғана ұяшығы қолданылады. Бірақ көптеген программалау есептерінің шешімін табу барысында әрбір элементтің деректерін жеке айнымалыға сақтау орнына, оларды тізбектеп бір жерде сақтау анағұрлым тиімді болып табылады.

Бір типтес берілгендерден құралып, барлық элементтеріне бір ортақ атау берілген жиынды массив деп атаймыз. Массив құрылымдық типтер қатарына жатады. Массив элементтері нөмірленеді. Массивтің әрбір элементіне индексін көрсету арқылы жұмыс істеуге болады. Массивке мысал ретінде векторларды қарастыруға болаты. Егер массивке кестелік берілгендер жазылса (матрица), онда элементтері екі индекс бойынша нөмірленеді.

Массив сипаттамалары:

 Типі – массив элементтерінің жалпы типі;

 Көлемі – массив индекстерінің саны;

 Шектелімі - әрбір индекстердің шектеу бойынша сәйкестігі;

 Пішімі – көлем және шектеулер жиындары.

Массивтер элементтерімен жұмыс жасау барысында, массив атауынан кейін міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі. Индекс ретінде сандар қолданылады.

Массивтің кез келген элементтерімен жұмыс істегенде программалау барысында олардың индексінің мәні типтер немесе айнымалылар бөлімінде сипатталған шектеуден аспауы тиіс. Егер массив индексвінің мәні сипатталған шектеуден асып кетсе онда, смнтаксистік қате тіркеліп экранда «Index type is not compatibie with declaration» деген сөз тіркесі шығарылады.

Массивтер қолданылатын программаларда «{R+}» директивасын жазу арқылы массивтің шектеулерін тексеруге болады. Егер программада «{R+}» директивасы беріліп, массив индексі шектеуден асып кетсе, онда экранға “Range check error” сөз тіркесі шығарылады. Массивтерді программада қолдану үшін Turbo Pascal программалау тілінде оларды бірден var бөлімінде сипаттау жолы қарастырылған.

Turbo Pascal программалау тілі бір өлшемді массивтермен қатар екі өлшемді және көп өлшемді массивтерді қолдануға мүмкіндіктер береді.

Екі өлшемді немесе көп өлшемді массивтермен жұмыс істеу үшін, олар сипаттау бөлімінде көрсетілуі тиіс. Екі өлшемді массивтерді тік төртбұрышты таблицалар немесе матрицалар деп қарастыруға болады. Сондықтан мұнда баған және жол ұғымдары өз мағыналарында қолданылады.

Екі өлшемді массив элементтері екі индекспен анықталады. Айталық mat[3,2]:=7 түріндегі өрнек mat матрицасының үшінші жолы мен екінші бағанының қиылысуындағы элементі 7-ге тең екенін білдіреді. Екі өлшемді массиверді енгізу үшін for…do цикл операторлары қолданылады.

Әдебиет [1, 4]
Тақырып 6. Ішкі бағдарламалар: процедуралар және функциялар

Жоспар


  1. Ішкі программаларды ұйымдастыру әдістері. Ішкі программаларды шақыру.

  2. Жадының жалпы облысын пайдалану.

  3. Стандартты ішкі функциялардың қоры және процедуралары. Оларды шақырудың тәсілдері.

Қысқаша теория

Функцияның ерекшелігі, оған қатынасуға болатын атының болуында және осы ат(осы функцияның орындалуы нәтижесінде) қорытынды мәге ие. Басқаша айтқанда, функция аты айнымалы ретінде қызмет атқарады. Мұнда функция бірнеше параметрлерге тәуелді болғанмен, ал оның нәтижесі-бір ғана сан екендігін астын сызып айтамыз(әзірше сандық функция туралы). Функцияны сипаттау функцияның аты, ол тәуелді болатын параметрлер тізімі және типі көрсетілген function қызметші сөзімен орындалады:



function функция аты (параметрлер тізімі: 1-тип): 2-тип

Мұнда функция аты әдеттегідей (бірінші символы әріп болатын латынның 63-ке дейінгі әрпінен және цифрлардан тұратын символдар жиынтығы), параметрлер тізімі –функция тәуелді болатын(1-тип) типтері көрсетілген айнымалылар тізімі, 2-тип- функция типі(мұнда функцияның қорытынды мәні көрсетіледі) беріледі.

Бұдан бөлек, функция бұл да программа сияқты, онда тақыры-бынан басқа, оның ішінде қолданылатын айнымалылардың сипат-тамасы және begin, end қызметші сөздері бола алады. Оның ішінде Паскальдың кезкелген операторларын қолдануға болады. Соңғы оператордың функцияның қорытынды мәнін функция атына меншіктеуі маңызды.

Функцияны сипаттау негізгі программа басталғанға дейін, яғни негізгі программаның айнымалыларын сипаттаудан кейін, бірақ негізгі программадағы begin-ге дейін орындалуы керек.

10.1-мысал. Қабырғалары мен екі диагоналының ұзындықтары

белгілі бесбұрыштың ауданын есептеңіз.

Бесбұрыштың ауданы қабырғалары белгілі үшбұрыш

аудандарының қосындысына тең. Әр үшбұрыштың

ауданын есептеу үшін Герон формуласын қолданамыз

(қабырғаларын шартты түрде x,y,z деп белгілейік).

S=, мұнда p=(x+y+z)/2.
Program mys10_1;

var a,b,c,d,f,g,h,s1,s2,s3,ssum:real;

function yshb(x,y,z:real):real;

var p:real;

begin p:=(x+y+z)/2; yshb:=sqrt(p*(p-x)*(p-y)*(p-z))

end;

begin write(‘a,b,c,d,f,g,h-қа мән бер:’);readln(a,b,c,d,f,g,h);

s1:=yshb(a,b,h); s2:=yshb(h,c,g); s3:=yshb(f,g,d);

ssum:=s1+s2+s3; writeln(‘Бесбұрыш ауданы=’,ssum);

end.

Осы программа бойынша есептеу жүргізсек, онда a =1,5, b =1, c =2, d =2,5, f =1, g =2,5, h =2 болғанда, бесбұрыш ауданы =3.90 (шамамен) болады.



Процедуралар

Процедураның функциядан басты айырмашылығы, процедура бірнеше параметрлерге тәуелді болып қана қоймай, оның нәтижелік мәні де бірнешеу болуы мүмкін. Сондықтан да параметрлер тізімі шартты түрде мән-параметрлер және айнымалы-параметрлер деген екі типке бөлінеді. Бұлардың бір-бірінен айырмасы мынада, мән-параметрлер мәліметтерді «оған»(процедураға) жеткізуге қызмет етсе, ал айнымалы-параметрлер мәліметтерді «оған» да және «кері» де жеткізуге қызмет жасайды. Сонымен мән-параметрлер берілген мәліметтерді процедураға жеткізуге, ал айнымалы-параметрлер процедура жұмысының нәтижесін негізгі программаға жеткізуге арналған.

Негізгі программадан процедураға қатынас оның аты бойынша жасалады. Процедура да негізгі программа басталғанға дейін көрсе-тіледі. Процедураның тақырыбы былай жазылады:

Procedure процедура аты(1-параметрлер: 1-тип; var 2-параметрлер: 2-тип). Мұнда 1-параметрлер – мән-параметрлер, ал 2-параметрлер – айнымалы-параметрлер, ол міндетті түрде var қызметші сөзінен басталады. Параметрлердін әрбір түрінің типі(1-тип және 2-тип) көрсетіледі.

10.2-мысал. Үш үштік: a1,b1,c1; a2,b2,c2; a3,b3,c3 сандары берілген.

Әр үштіктің ең үлкені мен ең кішісін, сонан соң

табылған үлкендері мен кішілерінің ішінен олардың

ең үлкені және ең кішісін жеке-жеке табыңыз.

Program mys10_2;

var a1,b1,c1,a2,b2,c2,a3,b3,c3:real;

var max1,max2,max3,min1,min2,min3,max4,min4,max5,min5:real;

procedure maxmin(x,y,z:real; var max,min:real);

begin

if (x>=y) and (x>=z) then max:=x;

if (x<=y) and (x<=z) then min:=x;

if (y>=x) and (y>=z) then max:=y;

if (y<=x) and (y<=z) then min:=y;

if (z>=x) and (z>=y) then max:=z;

if (z<=x) and (z<=y) then min:=z;

end;

begin write(‘a1,b1,c1-ді енгіз:’);readln(a1,b1,c1);

write(‘a2,b2,c2-ні енгіз:’);readln(a2,b2,c2);

write(‘a3,b3,c3-ті енгіз:’);readln(a3,b3,c3);

maxmin(a1,b1,c1,max1,min1);

maxmin(a2,b2,c2,max2,min2);

maxmin(a3,b3,c3,max3,min3);

maxmin(max1,max2,max3,max4,min4);

maxmin(min1,min2,min3,max5,min5);



writeln(‘1-үштіктің ең үлкені-‘,max1,’ең кішісі-‘,min1);

writeln(‘2-үштіктің ең үлкені-‘,max2,’ең кішісі-‘,min2);

writeln(‘3-үштіктің ең үлкені-‘,max3,’ең кішісі-‘,min3);

writeln(‘Үлкендерінің ең үлкені-‘,max4,’ең кішісі-‘,min4);

writeln(‘Кішілерінің ең үлкені-‘,max5,’ең кішісі-‘,min5);

end.

Программада бірмезгілде бірнеше функциялар мен процедура-ларды сипаттауға(қолдануға да) болады. Оларды әдеттегідей бірі-нен кейін бірін тізбектеп жазып орналастырады.



Әдебиет [1, 4]
Тақырып 7. Ақпаратты компьютердің сыртқы құрылғыларында көрсету

Жоспар

  1. Файлдар классификациясы: файлдардың типтері және қатынас әдісі бойынша бөлінуі.

  2. Мәтіндік файлдар. Нақты және логикалық файлдар түсінігі.

  3. Мәтіндік файлдарды өңдеуге арналған процедуралар мен функциялар. Берілгендерді енгізу шығару.

  4. Мәліметтердің динамикалық құрылымы. Сілтемелер. Кезектер және ағымдармен жұмыс істеу.

Қысқаша теория

Файлдық тип, сыртқы тасымалдаушыда орналасқан бір типтегі компоненттер тізбегінен тұратын Паскаль тіліндегі мәліметтер болып табылады. Ондағы компоненттердің типі файлдық типтен басқа кез-келген бола алады. Паскальда файлдық типтегі айнымалылар ақпаратты енгізу-шығару үшін қолданылады. Ақпаратты енгізу-шығару алдында файлдық айнымалы assign процедурасының көмегімен сыртқы файлмен байланысқан болуы файлды оқу немесе оған жазу үшін ол ашық болуы керек. Сонан соң енгізу-шығаруды орындауға болады.

Файлдардың 3 тобы анықталған: текстік (тип text), типтік (file of <тип>), типтік емес (file). Олармен жұмыс істеу бір-бірінен ерекшеленеді. Әдетте барлық файлдарды тізбектей, ретпен ену мүмкіндігіне ие файлдар дейді. Көңіл аударыңыз: seek процедурасының көмегімен типтік және типтік емес файлдар үшін ретсіз ену режимін орнатуға болады. Бұл кезде файл компоненттерін нөмірлеу нөлден басталады. Жұмыс аяқталған соң файл close процедурасымен жабылуы тиіс. Барлық файлдар үшін қолданылатын стандартты процедуралар мен функциялар:

assign (f, name) - Файлдық айнымалы f–ті сыртқы name файлымен байланыстыру.

chdir (path) - Ағымдағы директорияны өзгерту.

сlose (f) - Ашылған файлды жабу.



erase (f) - Сыртқы файлды жою.

mkdir (path) - Каталог құру.

rename (f, new) - Сыртқы файлдың атын өзгерту.

reset (f[, size]) - Алдын-ала бар файлды ашу.

rewrite (f[, size]) - Бос, жаңа файл ашу. Оған процедурасында көрсетілген атау беріледі. Егер ондай файл бар болса, онда ол файл өшіріледі.

rmdir (path) - Бос каталогты жою.

eof (f) - Файл соңы.

Текстік файлдар жолдарға бөлінген символдар жиынтығынан тұрады. Әрбір жолдың соңында жол соңын білдіретін белгі болады. Текстік файлдармен жұмыс істеу ерекшелігі мынада: мәндері read немесе write процедуралары арқылы енгізілетін және шығарылатын файлдар char немесе string типтерімен қатар жай типтердің бірінде: бүтін, нақты, логикалық (тек жауапқа шығаруда) бола алады. Бұл процедуралар ASCII –жолдармен де жұмыс істей алады.

Текстік файлдар үшін, программаны іске қосқанда автоматты түрде ашылатын және жұмыс соңында автоматты түрде жабылатын екі стандартты файлдық айнымалы бар. Олар: INPUT -клавиатурамен байланыс; OUTPUT -дисплей экранымен байланыс.

Егер text типіндегі файлдармен жұмыс барысында файлдық айнымалы көрсетілмесе, онда файлдық айнымалы INPUT немесе OUTPUT қолданылуда деп есептейді. Текстік файлды оқу үшін reset процедурасымен, не оған жазу үшін rewrite немесе append процедураларының бірімен ашу керек.



Әдебиет [1,5,6]
Тақырып 8. Графиктік операторлармен жұмыс

Жоспар

  1. ДК-де графиктік режимде жұмыс жасауға дайындау.

  2. Геометриялық объектілермен жұмыс жасау процедуралары.

  3. Графиктік бейнелерді салу бағдарламаларына мысалдар.

Қысқаша теория

Жолдық типті өңдеген кезде бірыңғайлы әдістер қолданылады, барлық әдістердің түбі бір, жолды құрап тұрған символдар массив (жиым) ретінде қарастырады. Масивтің индексінің ең үлкен нөмірі жолды құрап тұрған символдардың санын білдіреді, қысқаша «жолдың ұзындығы» деп аталады.

    Жолдың ұзындығы нөлге тең болуы мүмкін. Жол компьютердің жадысында қалай сақталатына көңіл бөлсек, онда жол аяғын білдіретін ерекше белгі болатынын айта кету керек, Delphi-де  оны Null (нөль-символ) деп белгілейді.

    Жолдың ұзындығын білу кең таралған операцияларға жатады. Сондықтан оны анықтау үшін арнаулы функция бар, функцияның параметрі ретінде жолдық типке тең айнымалы немесе текстік константа тұра алады, функцияның қолдануынан кейін алынған нәтиже бүтін санды береді.

a:=Length(‘hello’); b:=Edit1.Text; a:=Length(b);

a-ның алғашқы мәнісі 5-ке , кейінгі мәні формадағы текст енгізуге арналған жолақтағы енгізілген символдар санына тең болады.



Сурет 1 -POS функциясының жұмысы

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

begin
    ShowMessage(IntToStr(Length(Edit1.Text)));

end;

    Келесі қарастыратын Pos функциясы, оның екі параметірі бар. Параметірлер санын функцияның бас жолынында көрсетілет.  Delphi –дің анықтамасында келесідей жазылған:



Delphi syntax:

function Pos(Substr: string; S: string): Integer;

Substr–бірінші параметрі, S –екінші параметрі. Параметрлердің типі String. Функцияны қолданғаннан кейін қандай типке сәйкес мән алатынымызды жақшаның сыртында қос нүктеден кейін көрсетілген.

A:=’107 FM radio stanctiacy’; B:=’radio’; C:=Pos(B, A);

    Кодтың фрагменті орындалғаннан кейін С мәні тең болады 8-ге. Яғни  ’radio’ жолы ’107 FM radio stanctiacy’ жолының ішіне 8-ші позициядан еніп тұрғанын білдіреді. Pos функциясы жол ішінде іздестірілуге берілген үлгідегі символдардың тізбегін жолдың бірінші символынан бастап үлгідегі симводардың ретімен салыстыру арқылы  барлық үлгідегі символдың  толық сәйкестігін анықтайды да, іздестірген кезде бірінші (ең алғашқы) жолдың символымен үлгідегі символдың сәйкестігі дәл келгенде , іздестірілу тоқтатылып, функцияның мәні ретін үлгінің бірінші символының қарама-қарсысында тұрған символдың реттік нөмірі алынады. Іздестіру кезінде сәйкестік табылмаса функцияның мәні нольге тең болады.

     Жолдармен жұмыс істегенде ондағы ретімен орналасқан символдарды жойып жіберу қажеттілігі туындайды. Жойылған символдардың орынын олардан кейін орналасқан символдар басады, яғни жолдың ішіндегі ретімен орналасқан символдар жойылғанда одан кейін орналасқан символдар жолдың басына қарай жылжиды. Жолдың ұзындығы жойылған символдар санына қысқарады. Осындай іс-әрекетті орындау үшін Delete процедурасын қолданамыз.

Delphi syntax:
procedure Delete(var S: string; Index, Count:Integer);

Index –жойылатын символдардың басқы позициясы, Count –жойылатын символдардың саны. S –параметірі Index, Count параметрлеріне қарағанда ерекше анықталған, оның алдында var қызметші сөзі жазылған (олардың алдын var қызметші сөзі жоқ). Өңделетін жол S параметірі ретінде процедураға берілет, өңделгеннен кейін S параметрдің мәні жаңартылады (басқаша «қайтарылады» деп те аталады).


Әдебиет [1, 5, 6]
Тақырып 9. Программаларды ұйымдастыру

Жоспар

  1. Әртүрлі құрылымдық ұйымдасқан программалардың мысалдары.

  2. Құрылымдық программалау. Модульдік программалау.

  3. Программалық тілдерді таңдау. Программалау тәсілдері.

  4. Программалаудың сапалық көрсеткіші.

Қысқаша теория

TMainMenu программаға бас мәзірді орналастырады. TMainMenu-ді программаға орналастырғанда ол тек белгіше түрінде көрінеді. Бұндай түрдегі белгішелерді программаның орындалу барысында көрінбегендіктен, “көрінбейтін компонент” деп атайды. Мәзірді құру үш қадамнан тұрады: (1) е TmainMenu-ді формаға қою , (2) Объектілер инспекторындағы Items қасиетін таңдау арқылы Мәзір Дизайнерін шақыру, (3) Мәзір Дизайнеріндегі мәзір пунктерін анықтау.

TPopupMenu қалқып шығатын мәзірді құру. Бұл мәзір қойылған объектіде тышқанның оң жақ батырмасын басқанда мәзір пайда болады. Барлық көрінетін объектіде PopupMenu қасиеті бар, онда қажетті мәзір көрсетіледі. PopupMenu бас мәзір сияқты құрылады.

TLabel экранда мәтінді көрсетеді.Объектілер инспекторында Font қасиетін шерту арқылы Сіз белгішенің қаріпі пен түсін өзгерте аласыз.

TEdit – шығаруға арналған Windows-тің стандартты басқарушы элементі.Ол мәтіннің қысқа бөлігін бецнелеу үшін немесе программаның орындалу барысында қолданушыға мәтінді шығаруға көмектеседі.

TMemo - TEdit-тің басқаша түрі.Үлкен мәтіндермен жұмыс жасауға арналған. TMemo сөзді тасымалдайды, мәтін фрагментін ClipBoard-та сақтайды және оларды қалпына келтіреді және редактордың басқа да негізгі функцияларын жүзеге асырады. TMemo-дағы мәтін көлемі 32Кб-қа дейін бола алады, ол 10-20 бет.

TButton программаның орындалу барысында батырманы басу арқылы қандай да бір әрекетті жүзеге асырады. Delphi-де ол өте оңай. Формаға TButton орналастырып, оны екі рет шерту арқылы батырманы басу әрекетін дайындауды шақырасыз. Ары қарай кодты жазу керек:

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);



begin

MessageDlg('Are you there?',mtConfirmation,mbYesNoCancel,0);

end;

TCheckBox жанында кішкене терезесі бар мәтін жолы.Терезеде жалауша қоюға болады, ол таңдау белгісі. Мысалы, егер компиляторды баптау диалогы терезесін қарайтын болсақ( Options | Project мәзір пункті, Compiler беті), онда ол CheckBox’тардан тұратынын көруге болады.

TRadioButton бірнеше опциялардың ішінен тек біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Егер Options | Project диалогының Linker Options бетін ашатын болсақ, онда Map file және Link buffer file секциялары RadioButton жиындарынан тұратынын көреміз.

TListBox айналмалы тізімді көрсету үшін қолданылады. ListBox мысал ретінде Windows ортасында көптеген қосымшалардағы тізімнен File | Open мәзір пунктін таңдауды алуға болады. Файлдар мен директориялардың атауы ListBox та орналасқан.

TComboBox ListBox-ті еске салады , ерекшелігі ListBox-тің үстінде кішкене аймақта ақпаратты шығарады. ComboBox-тің бірнеше типі бар, олардың ішіндегі ең көп қолданылатыны файлды таңдау диалогтық терезесінің астынан көруге болатын, төменге түсетіні (drop-down combo box).

TScrollbar – редактрлеу объектілерінда автоматты түрде пайда болатын айландыру жолақшалары, ал ListBox-тарда мәтінді көру үшін қажет жағдайларда қойылады.

TGroupBox используется для визуальных целей и для указания Windows, каков порядок перемещения по компонентам на форме (при нажатии клавиши TAB).

TRadioGroup TRadioButton объектілерін топтау үшін TGroupBox сияқты қолданылады .

TPanel – декоративті мақсатта қолданылатын, TGroupBox-қа ұқсас басқарушы элемент. Чтобы использовать TPanel-ді қолдану үшін оны формаға орналастырып, оған басқа компоненттерді орналастырыңыз. Енді TPanel-ді қозғалтқанда сол компонентер бірге қозғалады. Сондай –ақ TPanel құралдар сызғышы және дәреже терезесін құру үшін де қолданылады.



        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет