continue операторы.
Орындалып жатқан кодтың бөлігін тоқтатып, келесі цикл жүрісіне көшу үшін осы continue операторы қолданылады.
Оның жоғарыда айтып өткен break операторынан айырмашылығы - ол цикл жұмысын тоқтатпайды, тек келесі цикл жүрісіне - итерацияға көшеді.
continue операторы break операторы сияқты міндетті емес сандық аргументке ие болады, бұл мән арқылы қанша біріне бірі салынған циклдарды орындамай келесі итерацияға өтіп кетуге болатыны беріледі.
for ($var1 = -2; $var1 < 5; $var1++) {
// нольге бөлінетінін тексеру
if ($var1 == 0) {
echo "нольге бөлуге болмайтындықтан бұл итерацияны өткізіп жібереміз.
";
continue;
}
echo "10/$var1 = ",10/$var1,"
";
}
?>
Достарыңызбен бөлісу: |