Файл түсінігі. Файл түсінігін қарастыру .
Файл ұғымының екі анықтамасы бар :
ішкі құрылғыдағы атауы бар ақпарат ( ішкі файл ) ;
программада файлдық типтегі айнымалы ( ішкі файл )
Программада объектілер арасында байланыс орнатылады . Нәтижесінде программаны ішкі файлмен бірге орындау кезінде туындайтын барлық ақпараттардың сыртқы файлда көшірмесі пайда болады . Файл элементтерімен тек екі амалды орындай аламыз : файлдан оку , файлға жазу .
Айнымалының файлдық типі— саны алдын ала анықталмаған ( программаны орындағанға дейін ) бір типті элементтердің жиынтығын қамтитын құрылымдық тип . Файл —сыртқы есте сақтау құрылғыларында ( магниттік дискілерде ) орналастырылған және мәлімет өңдеу , тасымалдау кездерінде біртұтас күйде қарастырылатын мәліметтер жиыны . Файлдармен жұмыс істеу үшін оларды , алдымен , ашу керек , яғни файл туралы мәліметті атын , адресін программаға белгілі ету қажет .
С тілінде файл ашу fopen ( ) функциясы арқылы орындалады . сыртқы құрылғыдағы физикалық файлды , мысалы , А : \ NUR.DAT , программадағы оның логикалык атымен байланыстырады . Логикалық ат дегеніміз – файлға нұсқауыш , яғни файл туралы мәлімет сақталатын жады аймағына сілтеме жасау . Файлға нұсқауыш сипатталуы тиіс . Сонымен , файлдармен жұмыс істегенде нұсқауыштар қолданылады . Файлға нұсқауыш мынадай түрде сипатталады : FILE * fp ; мұндағы FILE типі < stdio.h > тақырыптық файлында анықталған құрылым .
Бұл нұсқауышты көрсетілген файлмен сол файл ашылғаннан бастап , байланыстырып қоюға болады . Ол үшін келесі функция пайдаланылады : fopen ( " файл адресі / аты " , " қатынасу типі " ) ; ол файлға нұсқауыш мәнін қайтарады немесе қате болса , NULL мәнін береді . Мысалы , мынадай оператор орындалуы нәтижесінде fp = fopen ( " ex1.txt " , " w " ) ; жұмыс бумасындағы еx1.txt файлы оған мәлімет жазу ( write ) үшін ашылады , ал программада бұл файлды fp нұсқауышы арқылы пайдаланамыз ( яғни fopen ) функциясы файлдың сыртқы атын оның программада қолданылатын ішкі логикалық атымен байланыстырады ) .
Сонымен , файлды ашатын fopen ( ) функциясының жалпы жазылуы :
fp = fopen ( name , mode ) мұнда fp - файлға сілтейтін нұсқауыш ;
name - файлдың адресін де көрсетуге болатын аты , көбінесе символдық тіркес арқылы жазылады ;
mode - файл қандай режимде қолданылатынын көрсететін параметр , бұл да символдар тіркесімен төмендегідей түрде жазылады :
" r " — файлды оқу үшін ашу ( файл бұрын ашылған болуы тиіс ) ;
" w " – бос файлды информация жазу үшін ашу ;
" а " - файл соңына мәлімет қосып жазу үшін оны ашу ;
кестесі немесе интервал ұзындығынан шыға отырып , оларды есептеу процедурасы қажет . Бұл әдіс массив өлшемі Фибоначчидың кезекті N + 1 = F санынан 1 - ге аз болғанда оңай жүзеге асырылады . Іздеудің арнайы түрлері . Интерполяциялық іздеу реттелген массивтерде адамның табиғи деректерді іздеуінен басталды .
тек Бұл алгоритм арифметикалық прогрессия жағдайында ғана бинарлық іздеуден тиімді , өйткені әрбір қадамда талдау интервалын n/ 2 - ге дейін емес , yn - ге дейін азайтады және егер реттелген деректер біркелкі таралса , орташа алғанда logb ( logb ( N ) ) шамасындағы қадамдарды талап етеді . Бұл алгоритмнің кемшілігі – ішкі іздеу кезінде қосымша операцияларға кететін уақыт шығыны . Тағы бір арнайы іздеу жағдайы — бұл жолға кейбір ішкі жолдың кіруін іздеу . Жолдан ішкі жолды іздеу үшін Бойер Мур ( және оның бірнеше модификациялары ) және Кнут Моррис - Пратт алгоритмдері пайдаланылуы мүмкін .
Достарыңызбен бөлісу: |