Алгоритмді орындаушының рөлін , негізінен , адам немесе автоматтандырылған аспап , ЯҒНИ компьютер, робот , т.б. құралдар атқарады .
Сонымен, алгоритмнің орындалу кезінде ОНЫ орындаушыға келесі жолы қандай нұсқау орындалатыны белгілі болуы қажет. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын командалар жиыны —компьютердің командалар жүйесін құрайды .
Алгоритмді машинаға енгізу үшін оны белгілі бір заңдылықпен мәтін түрінде жазып , компьютердің жадына енгізу қажет . Ал алгоритм мен оның орындалуын компьютерде жүзеге асыру үшін қолданылатын бірыңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесі программа болып табылады .
Достарыңызбен бөлісу: |