Программалау жүйесі-программалауды автоматтандыру құралдары . Олар программалау тілінен , тілдің трансляторынан , құжаттамаларынан және де программаларды дайындау әрі орындау құралдарынан тұрады.
Оқу үдерісі және программалауды практикалық жағынан меңгеру үш бөлікке бөлінеді:
- алгоритмдерді құру әдістерін үйрену;
- программалау тілін үйрену;
-белгілі бір программалау жүйелерін оқу және практикалық тұрғыда меңгеру.
Программалауда екі санаттағы программалаушылар бар : жүйелік және қолданбалы . Жүйелік программалаушылар -жоғарғы деңгейдегі кәсіби мамандар болып табылатын ЭЕМ - нің базалық программалық құралдарын ( операциялық жүйелер , трансляторлар , сервистік құралдар және т.б. ) қамтамасыз етуді әзірлеушілер.
Достарыңызбен бөлісу: |