Есептердің қойылымы кезеңінде тапсырмада не берілген , нені табу керек екендігін нақты анықтау керек . Есепті шешуге қажетті бастапқы деректердің толық жиынтығын сипаттау өте маңызды .
Формальдау кезеңінде есептер әдетте математикалық формулалар , теңдеулер мен қатынастар тіліне аударылады . Есептің шешімі қандай да бір нақты объектінің , құбылыстың немесе процестің математикалық сипаттамасын қажет етсе , онда оны формалдау тиісті математикалық модельді алумен тең нәтижеге ие болады.
Үшінші кезең бұл-алгоритм құру . Тәжірибелі программалаушылар әдетте алгоритмдерді сипаттайтын арнайы құралдарға ( блок - сызба , псевдокод ) жүгінбей белгілі бір тілде бірден программа жазады , бірақ оқу мақсатында алынған алгоритмді программалау тіліне аудармас бұрын , алдымен бұл құралдарды пайдаланған абзал .
Алғашқы үш кезең компьютерсіз жұмыс істейді . Келесі екі кезең – белгілі бір программалау жүйесіндегі нақты тілде программалау болып табылады . Соңғы — алтыншы кезеңде әзірленген программа практикалық мақсаттарда қолданылады .
Осылайша , программалаушы алгоритмдерді құруы , программалау тілдерін білуі , сәйкес программалау жүйесінде жұмыс істей алуы тиіс.
Программалаушының негізгі кәсіби сауаттылығы ол – дамыған алгоритмдік ойлау қабілеті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |