Алгоритмдерді сипаттаудың бірнеше тәсілдері бар :
табиғи тіл сөздері арқылы ;
формулалық - сөздік тәсіл арқылы ;
графикалық түрде бейнелейтін блок - схемалар арқылы ;
псевдокодтар арқылы ;
құрылымдық диаграммалар арқылы ;
программалау тілі арқылы
және т.б. . .
Мысалы. Сандар жиымы (массиві) берілген делік . Осы жиым сандарының көрсетілген аралықта , яғни интервалда толығынан жататынын жатпайтынын тексеру керек. Интервал өзінің шекаралық А және В мәндерімен берілген.
1. Бірінші санды аламыз .
2. Осы сан интервалға кіретінін салыстыру жолымен тексереміз ; егер жауабы « Иә » болса , онда 3 - пунктке көшу , әйтпесе ( жауабы — « Жоқ » болса ) – 6 - пунктке көшу .
3. Жиымның барлық элементтері қарастырылды ма ? Егер жауабы « Иә » болса , онда 5 - пунктке көшу , жауабы « Жоқ » болса , – 4 пунктке көшу .
4. Келесі элементті қарастырамыз . 2 - пунктке көшу .
5. Мынадай хабарлама шығару : барлық элементтер осы интервалға кіреді . 7 - пунктке көшу .
6. Мынадай хабарлама шығару : элементтер интервалға толығынан кірмейді .
7. Соңы .
Бұл тәсілде көрнекілік жок , яғни толық формальдау мүмкіндігі жоқ . Жалпы алгоритмді табиғи тілде өрнектеу ЭЕМ - дерде қолданылмайды , өйт кені онда дәлдік , нақтылық болмайды.
Алгоритмдерді формулалық - сөздік тәсіл арқылы бейнеленуі тапсырманың математикалық символдар мен өрнектердің және сөздердің араласуымен берілуі болып табылады.
Мысалы , үшбұрыш ауданын оның үш қабырғасының ұзындығы арқылы есептеу алгоритмін құру керек болсын делік.
Достарыңызбен бөлісу: |