Лекция-2. Алгоритмдер және оларды жазылу тәсілдері
Алгоритмдер және олардың жазылу тәсілдері
Информатикадағы негізгі ұғымдардың бірі – алгоритм түсінігі болып табылады . Математикаға тәуелді « алгоритм » термині лат . Algorithmi , ортағасырдағы әйгілі шығыс математигі Мұхамед аль Хорезмидің ( 787-850 ) есімін жазумен байланысты пайда болған . XII ғ . оның математикалық трактатының латын тіліндегі аудармасы жүзеге асырылды , соның нәтижесінде еуропалықтар ондык позициялық санау жүйесі және көпмәнді сандардың арифметикалық ережелері туралы біле бастады . Осы ережелерді сол кезде алгоритмдер деп аталды . Көпмәнді сандарды қосу , азайту , « баған » арқылы көбейту , « бұрыштап » бөлу , бұлар - математикадағы алғашқы алгоритмдер . Математикалық алгоритмдерге алгебралық түрендірулер мен теңдеулердің түбірін есептеу ережелерін жатқызуға болады.
Қазіргі уақытта алгоритм ұғымы кеңінен қарастырылады .
Алгоритм – белгілі бір орындаушы басқаратын командалар тізбегі . Алгоритм ұғымы және алгоритмдерді құрастыру әдісімен оқушылар мектеп курсында келесідей орындаушылар мысалдары арқылы танысады : Робот , Тасбақа , Сызғыш және т.б. Бұл орындаушылар ешқандай есептеулер жүргізбейді . Олар экранда сызбалар жасап, лабиринттермен козғалады, нысандарды бір орыннан екінші орынға тасымалдап апарады. Мұндай орындаушылар әдетте ортада жұмыс істейтін орындаушылар деп аталады . Компьютер шамалармен жұмыс істейді – әртүрлі ақпараттық объектілермен:сандармен , символдармен, кодтармен және т.б, сондықтан компьютерді басқаруға арналған алгоритмдер шамалармен жұмыс жасайтын алгоритмдер деп аталады.
Компьютерде кез - келген есепті шешу бойынша жұмыс алты қадамды қамтиды:
1. Есептің қойылымы .
2. Есепті формальдау .
3. Алгоритм құру .
4. Программалау тілінде программа құрастыру .
5. Программаны түзету және тексеру .
6. Есептеулерді жүргізу және алынған нәтижелерді талдау .
Бұл реттілік ЭЕМ - де есептерді шешудің технологиялық тізбегі деп аталады ( бұл тізімнің тікелей программалауға 3 ... 5 пункттері жатады ).
Достарыңызбен бөлісу: |