Программалау тілдері туралы


Компьютерде орындалуға тиіс алгоритмдерге мынадай талаптар қойылады



бет17/40
Дата15.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#101004
түріПрограмма
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
Байланысты:
ишпей куатындар ушин. Таратпандар-1

Компьютерде орындалуға тиіс алгоритмдерге мынадай талаптар қойылады :

1 ) алгоритм анық әрі дәл өрнектелуі тиіс ;

2 ) оның модульдік ( бөлікке бөліну ) қасиеті , яғни алгоритмді кішкене бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы қажет ;

3 ) алгоритм шектелген уақыттан соң нәтиже беруі тиіс , яғни алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек ;

4 ) бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс.
Алгоритм бірнеше жеке нұсқауларға жіктеледі , оның әрқайсысында атқарушы белгілі бір аяқталған тиянақты әрекет орындайтды . Осындай жеке нұсқау команда деп аталады . Алгоритм командалары кезекпен бірінен кейін бірі орындалады . Алгоритмнің әрбір қадамын атқару кезінде келесі команда қандай әрекет орындайтыны белгілі болып тұруы тиіс .

Алгоритм командаларын рет - ретімен осылай орындау белгілі бір қадамдардан кейін есептің нәтижесі алынып , мақсаттың орындалатынын көрсетеді .


Әрбір алгоритм белгілі бір атқарушыға арналып жасалады ,ол ондағы әрбір команда әрекетін толық орындайтын дәрежеде болуы тиіс .

Алгоритм атқарушы орындай алатын командалар жиыны атқарушының ( немесе компьютердің ) командалар жүйесі деп аталады .

Алгоритм оны атқарушыға толық түсінікті болуы тиіс ,яғни оның әрбір командасы атқарушының командалар жүйесіне кіруі тиіс .

Сонымен , алгоритмді дұрыс құрастыра білу үшін атқарушының командалар жүйесін білуіміз керек және алгоритмді орындау белгілі бір шекті қадамдар санынан кейін аяқталуы керек .


Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш түрлі бірыңғай құрылымға сызықтық , тармақтық және циклдік болып бөлінеді .

Күрделі алгоритмдерді құру үшін қарапайым бірыңғайланған алгоритмдік құрылымдар қолданылады . Олар сызықтық , тармақталу және цикл ( қайталау ) құрылымдарынан тұрады . Программалау теориясында кез келген күрделі программаны үш түрлі құрылымнан құрастыруға болатыны дәлелденген , олар : сызықтық , тармақты және циклдік құрылымдар . Осы үшеуі құрылымдық программалаудың негізгі конструкциялары , яғни құраушылары болып саналады.

Сызықтық құрылымды алгоритм немесе қарапайым сызықтық алгоритм іс - әрекеттердің орындалу ретіне қарай тізбектеле орналасқан блоктардан тұрады . Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді .

Мысалы , y = a + b формуласы бойынша есептеу тіктөртбұрыш арқылы кескінделетін есептеу блогы ( 3-блок) арқылы өрнектеледі . Ал нәтижені қағазға басу үшін көпбұрышты құжат алу блогын ( 4 - блок) пайдаланып, оның ішіне нәтиженің атауларын жазамыз. Жоғарыда көрсетілген y=a+b формуласымен есептеу үшін а және b-ның сандық мәндерін компьютерге енгізіп ( 2 - блок ), содан кейін қосу амалын орындап,ақырында у-ті экранға (қағазға)басып шығарып,жұмысты тоқтатамыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет