Динамикалық айнымалылар деп аталатын динамикалық жадының бөлінген аймақтарын пайдалану тек нұсқауыштар арқылы орындалады . Динамикалық айнымалылардың өмірлік кезеңі оларды құру нүктесінен программа соңына дейін немесе сол бөлінген жадыны айқын түрде босатып алуға дейін созылады . С + тілінде динамикалық жадымен жұмыс істеудің екі тәсілі бар . Бірінші тәсілде с тілінен келген malloc функциялары мүмкіндіктері пайдаланылса , ал екіншісінде new және delete операциялары қолданылады .
Лекция №6
Сілтеме сілтемені инициалдау кезінде көрсетілген атаудың синонимі болып табылады . Сілтемені әрқашанда атаусызданатын ( аты жойылып кететін ) нұсқауыш ретінде қарастыруға болады . Сілтемені жариялаудың форматы : типi & аты ; мұндағы тип — сілтеме нұсқап тұратын шаманың типі , & – сілтеме операторы , ол өзінен кейін жазылатын атау сілтемелік типті айнымалының аты екенін көрсетеді , мысалы : int kol ; int & pal = kol ; / * pal сілтемесі – kol үшін альтернативті атау * / const char & CR = ' \ n ' ; ІІ тұрақтыға сілтеме
Сілтемелер көбінесе функциялар параметрлері ретінде және функцияның қайтаратын мәндерінің типтері түрінде қолданылады . Сілтемелер функциялардың құрамында белгілі бір адреске берілетін айнымалыларды адрессіздендіру операциясының қатысуынсыз қолдануға мүмкіндік береді , бұл программаны окуды жеңілдетеді . Сілтеменің нұсқауыштан айырмашылығы — ол компьютер жадында қосымша орын алмайды және ол сол шаманың басқа атауы болып табылады . Сілтемеге операциялар қолдану сілтеме жасалған шаманың өзгеруіне алып келеді .
Жиымдар Қарапайым айнымалыларды пайдаланған кезде мәліметтерді сақтауға арналған әрбір жады аймағына өзіндік жеке атау беріледі . Егер бір типтегі шамалар жиынымен бірдей әрекеттер орындау керек болса , оларға бір ғана атау беріледі де , олар бір - бірінен реттік нөмірлері бойынша ажыратылады . Осылайша көптеген операцияларды циклдер көмегімен түрде жазуға мүмкіндік туады . Бiртиптегі шамалардың ат беріліп , шектелген тізбегі жиым деп аталады
Егер жиым элементтерінің саны инициалдауға берілген мәндер артық болса , мәндері көрсетілмеген элементтер нөлге теңестіріледі : int b [ 5 ] = { 3 , 2 , 1 } ; / * b [ 0 ] = 3 , b [ i ] = 2 , b [ 2 ] = l , b [ 3 ] = 0 , b [ 4 ] = 0 * / Жиымның өлшемі және элементтерінің типі жиымды орналастыруға қажетті жады көлемін анықтайды , оларға бөлінетін программаны КОМПИЛЯЦИЯдан өткізу кезеңінде беріледі , сондықтан жиым өлшемі тек бүтін оң тұрақтымен немесе тұрақтылық өрнекпен берілуі тиіс .
Достарыңызбен бөлісу: |