Программалау тілдері туралы



бет28/40
Дата15.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#101004
түріПрограмма
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
ишпей куатындар ушин. Таратпандар-1

Біріктірме ( union ) барлық өрістері бір ғана адрес бойынша орналасатын құрылымның жеке бір түрі болып табылады . Бiрiктiрмелердің сипатталу форматы құрылымның форматымен бірдей , тек struct түйінді сөзінің орнына union сөзі қолданылады . Біріктірме ұзындығы оның ең үлкен өрісінің ұзындығына тең . Әрбір уақыт мезетінде біріктірме типіндегі айнымалыда тек бір ғана мән сақталады және оның дұрыс қолданылуына программалаушы жауапты болып саналады .

Кез келген есептің күрделілігін төмендетудің табиғи тәсілі оны шағын бөліктектерге бөлу болып табылады . Сн тілінде кез келген программаны функциялар арқылы қарапайым және түсінікті бөліктерге бөлуге болады , осыдан кейін программаны функциялардың өзара әрекеттесуі деңгейінде ірілендірілген түрде қарастыру мүмкіндігі туады . Функцияларды пайдалану программаның абстрактылық дәрежесін арттырудың алғашқы қадамы болғандықтан , ол программа құрылымын қарапайым етуге мүмкіндік береді .

Сонымен қатар , программаны функцияларға бөле отырып жазу оның ішіндегі ұқсас кодтарды қайталаудан құтқарады , өйткені функция тек бір рет жазылады , ал оны программаның әртүрлі орындарында қажеттілігіне қарай бірнеше рет қайталап орындауға болады . Функциялардан тұратын программаны түзету процесі де жеңіл атқарылады . Жиі қолданылатын функцияларды кітапханаларға орналастыруға болады . Осылайша , оңай жөнделіп , жеңіл сүйемелденетін программалар құрылады

Функция бұл белгілі бір аяқталған әрекетті орындайтын сипаттамалар мен операторлардың атау берілген тізбегі . Функция параметрлерді қабылдап , мән қайтара алады . Сн тіліндегі кез келген программа функциялардан тұрады , олардың бірі міндетті түрде main деп аталуы тиіс ( программаның орындалуы осы функциядан басталады ) . Функцияны шақырған кезде ол орындала бастайды . Кез келген функция жариялануы анықталуы тиіс . Функция басқа шамалар сияқты бірнеше рет жариялануы мүмкін , бірақ ол бір - ақ рет анықталуы тиіс .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет