Программалау тілдері туралы


C ++ тіліндегі программа функциялардан



бет24/40
Дата15.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#101004
түріПрограмма
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Байланысты:
ишпей куатындар ушин. Таратпандар-1

C ++ тіліндегі программа функциялардан , сипаттамалардан және препроцессор директиваларынан тұрады . Функциялардың біреуінің атауы main болуы тиіс . Программаның орындалуы осы функцияның бірінші операторынан басталады . Функцияны анықтаудың қарапайым форматы төмендегідей болады : қайтарылатын_мән_типі атауы ( [ параметрлер ) ) { функция тұлғасын құратын операторлар } Көбінесе функция кез келген бір мәнді есептеу үшін қолданылады , сондықтан функция атауының алдында оның типі көрсетіледі .Төменде ең маңызды болып табылатын мәліметтер келтірілген , олар : • егер функция мән қайтармауы тиіс болса , void типі көрсетіледі ; • функцияның тұлғасы блок болып табылады , сондықтан ол жүйелі жақшаға алынады ; • функциялар қабаттасқан түрде берілмейді ; » әрбір оператор нүктелі үтірмен аяқталады ( құрама оператордан басқасы ) . Программа бірнеше модульден ( бастапқы файлдардан ) құралуы мүмкін CH + тілінде құрамдас енгізу / шығару құралдары жоқ , ондай операциялар стандартты кітапханалардағы функциялар , типтер және объектілер көмегімен жүзеге асырылады Көбінесе екі тәсіл қолданылады : с тілінен мұраланған функциялар және Сн тілінің объектілері . С тілі стиліндегі негізгі енгізу / шығару функциялары : int scanf ( const char * format , ... ) // енгізу int printf ( const char * format , ... ) // шығару.

С тілі стиліндегі енгізу / шығару функцияларын пайдаланатын программаның мысалы : #include < stdio.h > int main ( ) { int i ; printf ( " Бүтін сан енгізіңіз \ n " ) : scanf ( " % d " , & i ) ; printf ( " Сіз % d санын енгiздiңіз , рахмет ! " , і ) ; return 0 ;

Мұндағы < iostream.h > тақырыптық файлы енгізу / шығаруды басқаруға арналған кластар жиынының сипаттамасын қамтиды . Мұнда мәліметтерді пернетақтадан енгізуге арналған сin және мәндерді экранға шығаруға арналған соut объект - ағымдары , сонымен қатар ағымға орналастыру және ағымнан оқу » операциялары анықталған . Кез келген программада есептеулер жүргізу қажет болады . Мәндерді есептеу үшін операндтардан , операция белгілері жақшалардан тұратын өрнектер қолданылады . Операндтар есептеуге қажетті мәліметтерді береді . Операциялар орындалуы тиіс әрекеттерді анықтайды . Әрбір операнд , өз кезегінде , өрнек немесе оның дербес бір түрі , Мысалы , тұрақты немесе айнымалы болып табылады .

Операциялар приориттеріне ( басымдылығына ) сәйкес орындалады . Операциялардың орындалу ретін өзгерту үшін жай дөңгелек жақшалар қолданылады . Айнымалы – бұл белгілі бір типтегі мәліметтерді сақтай алатын , атау берілген компьютер аймағы . Айнымалылардың аты және мәні болады . Оның аты мәні сақталатын жады аймағын пайдалану үшін қызмет етеді . Программаны орындау барысында айнымалының мәнін өзгертуге болады . Кез келген айнымалыны қолданудың алдында оны сипаттау керек . Аты а болатын бүтін және x болатын нақты айнымалыларды сипаттау мысалы : int a ; float x ; Айнымалыларды сипаттау операторының жалпы түрі : ( жады класы ] [ const ] типі аты [ инициалдаушы ) ; аты.

Айнымалыны сипаттау жариялау немесе анықтау түрінде берілуі мүмкін . Жариялау компиляторға айнымалы типі мен жады класы туралы мәлімет береді , ал анықтама құрамында компиляторға айнымалы типіне сәйкес жады бөлу туралы нұсқау беріледі . С + тілінде жариялаулардың басым бөлігі анықтамалар да болып табылады . Жоғарыдағы мысалда тек үшінші сипаттама ғана анықтамаға жатпайтын жариялау болып табылады . Айнымалы бірнеше рет жариялануы мүмкін , бірақ программаның тек бір жерінде ғана анықталады , себебі жариялау тек айнымалының қасиеттерін сипаттайды , ал жадының бір аймағымен байланыстырады .

С++ тілінде нұсқауыштардың үш түрі бар : объектіге , функцияға және void типіне арналған нұсқауыштар , оларды бір - бірінен қасиеттеріне және орындай алатын операциялар жиынына қарай отырып ажыратуға болады . Нұсқауыш өз алдына дербес тип емес , ол әрқашан қандай да бір нақты типпен байланысады . Нұсқауыштарды көбінесе динамикалық жадымен жұмыс істеу кезінде қолданады , оларды кейбір білгірлер үйінді ( ағылшын тіліндегі hеар сөзінің аудармасы ) деп атап жүр . Бұл программаның орындалуы кезінде қажеттілігіне қарай орын бөлуге болатын бос жады аймағы .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет