Программалық талаптардың негізін білуі Программалық жабдықтауды жобалауды білуі


) барлық формалады менюмен байланыстыратын жоғары форма, яғни қосымшаның басты формасы анықталады



бет10/45
Дата27.01.2023
өлшемі3,19 Mb.
#166618
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
УМК ИСРП каз (2)

5) барлық формалады менюмен байланыстыратын жоғары форма, яғни қосымшаның басты формасы анықталады.



Бақылау сұрақтары:

1. Ақпараттық жүйелерді жобалау кезеңінде қолданылатын модельдер


2. Идентификатордың қандай түрлері бар?
Қолданылған әдебиеттер:
1. Архипенков С. Лекции по управлению программными проектами. Москва, 2009г
2.Липаев, В. В. Программная инженерия. Методологические основы: Гос. ун-т - Высшая школа экономики. - М. : ТЕИС, 2006. - 608 с.

ТАҚЫРЫП №6

Ақпараттық жүйелердің функционалды бөлігін жобалау. Деректер қорын жобалау сатылары. ER–диаграммалар. IDEF1X әдістемесін қолданып, ақпараттық жүйелерді логикалық және физикалық жобалау.



Түйіндеме: Ақпараттық жүйелерді талдау мен жобалаудың негіздері. Жобалаудың негізгі қағидалары.Ақпараттық жүйелерді құрылымдық талдау мен жобалаудың мәні. Құрылымдық жобалаудың әдістемелері.IDEF1X әдістемесін қолданып, ақпараттық жүйелерді логикалық және физикалық жобалау.

SADT (IDEF0) және DFD әдістемелерінің міндеті мен құрамы.
IDEF0 (Integration Definition for Function Modeling) әдістемесінде бизнес-үдеріс элементтер (жұмыстар) жиынтығы түрінде беріледі, олар өзара байланыста болады, сонымен қатар әр жұмыста қолданылатын ақпараттық, еңбек және өндірістік ресурстарды көрсете алады.
• IDEF0 әдістемесі бүкіл жүйені кезектесетін функциялар жиынтығы ретінде модельдеуге мүмкіндік береді.
• Белгілеулер мен тұрғызу ережелерінің қарапайым жүйесі модельдеу кезінде нақтылық пен айқындықты қамтамасыз етеді.
IDEF0 (Integration Definition for Function Modeling) әдістемесінің нәтижесі – модель, ал модель – жүйе көрінісі. Модель диаграммалардан, мәтін фрагменттерінен (диаграмма атауы), түсініктемелерден (жоба аты, авторы мерзімі және т.б) тұрады. Диаграмма – модельдің негізгі компоненті болып табылады. Диаграммадағы барлық функциялар блоктар мен доғалар түрінде берілген.
IDEF0-дің негізгі 4 элементі :
1. Функционалды блок (Activity Box) – қарастырылып отырған жүйенің (әр функционалды блоктың өзіндік ерекше нөмірі болуы керек) нақты функциясын бейнелейді.
2. Интерфейсті доға (Arrow) – функционалды блокпен өңделетін және оған әсер ететін жүйе элементі.
3. Декомпозиция (Decomposition) – күрделі үдерістің құрамдас бөліктерге бөлінуі.
4. Глоссарий (Glossary) – анықтамалар, түйінді сөздер, түсіндірмелер жиынтығы. IDEF0-дің әр элементі үшін беріледі: диаграммалар, функционалды блоктар және интерфейсті доғалар.


IDEF0 әдістемесі келесі концепцияларға негізделген:
1. Блоктық моделдеудің графикалық көрінісі.
IDEF0 диаграммасының “блоктар мен доғалар” графикасы блоктан, кіріс, шығыс, басқару, механизм доғаларынан тұрады.
2. Қысқалығы. Жүйенің архитектурасы толық материалдарды қамту үшін нақты болу керек.
3. Ақпаратты беру. IDEF0 диаграммасында ақпаратты беруді жақсартуға арналған жабдықтар:
- блоктар мен доғаларға негізделген диаграммалар;
- блоктар мен доғаларды сипаттайтын қосымша мәтін белгілері;
- диаграммалар иерархиясындағы түйіндер сұлбасы;
- оқуды жеңілдету үшін әр диаграмма 6 ішкі функциялармен шектелген.
4. Әдістемесі. Қадам бойынша орындалатын үдерістер модельдеу, интеграция есептерін шеше алады.
Кез-келген IDEF0 диаграммасын құру кезінде мына талаптар қанағаттандырылуы тиіс:
- диаграмма мақсатының модель мақсатына сәйкес келуі;
- кейінгі доғалардың бастапқы (негізгі) диаграмма доғаларына сәйкес келуі;
- диаграмма мазмұнының базалық блок мазмұнына толық сай келуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет